- Последний пост
- 6 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 419
- 1/48двое суток
- 480
- 1/72трое суток
- 517
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазақстандағы әндердің өзбекше сарындас болып бара жатқаны, қайта регресс па
Біз айтып жүрген, жазып жүрген елестетіп жүрген қазақтың сипаты, осы ҚАЗАҚ деген сөздің өзінен-ақ есетіндей. Бірақ бұл сөзді кері оқысақ та сол сөз шығатынын ескерсек, кері оқығандағысы бүгін біз көріп жүрген қазақ секілді…
Келе сап не күтеміз кәдемізге? Өмірде өлім ғана уәде бізге. Кемесін өзі құртқан Одиссейдей, Құдайды кінәлаймыз бәлемізге…
БІРІНШІ ЖЫР Жырдың пірі – Муза маған енді алаңсыз ет баян, Қасиетті Илионды талқандаған – Ер ноян, Сонау күннен баспаған тау, бармаған жер қалмаған, Мың сан жұртты көзбен көріп, сан қаланы шарлаған, Ел сағынып, дос арылып, қанды азапты зарлаған… Гомер (Ауд. Ғ. Қайырбек)
“Көзіңе қара” деген біртүрлі күшті сөз)
без подписи
Derinlerde Арманымды қайтар өзіме, Қалғаны өзіңде қалсын. Күлкіңді бір көрсет көзіме, Жүрегім де сенде қалсын. Ұшқының ең соңғы естелік: Өртеніп, жанамын. Сені таба сала, жоғалтып Барамын… Жүзің есте сыйым, Оны ұмыту оңай ма, Тағдырымыз түйін, Шешу қиын, солай ма? Ұшқының ең соңғы естелік: Өртеніп, жанамын. Сені таба сала, жоғалтып Барамын тереңімде…
Жұлдыз аққанда, дір етті ме сенің де жүрегің, Дір етсе сонда менің тілегім…✨
әріптер комбинациясы pinned an audio file
Қазақстан қазақтыққа мұнша зар болып па еді?
Біздейлердің ішінде тек біз ғаріп, Кешегіде қоймаңызшы сіз қалып. Мен сізді одан, сіз мені одан қызғанып, Өмір өтер жүрегіңді жүз қарып.
Сонымен көреміз: біз 🧭 https://www.instagram.com/reel/DaahuqcsKGg/?igsh=cWMwMHozd25seTVn
Ең алғаш темекі тұтату, Алғаш сол ерніңмен сүйісу, Алғаш рет мақтанып, өзіңді жұбату - осының біріне тиісу, тоқтаусыз жалғасар домино тізбегін құлату. Аңғалдық салды ма көңілге ой, Бәлкім бір жерінен тоқтата аларсың? Ішіңнен барлығын біліп-ақ, “Өмір ғой,- бәлкім,- байқамай қалдым” дей саларсың? Қайтеміз, Өмір ғой… Айтпақшы, Шынында байқамай алғаш рет ал бәлкім соңғы рет бастаған тізбегің, Өмірге келгенің емес пе?…
Қайран 3 шумақты, 3 қайырмалы әндер-ай…
Қазір ғаламторға видео саларда, алғашқы 0,001 милисекундынан бастап сөйлеп кетпесең, не айтып отқаныңа қарамай өткізіп жіберуге дайын отырады әйтеу. Бастапқы 3 секунды қызық болмаса назары кетті, еңбегің күйді. (Оған эстетика, мән тыққаныңды да керек қылмайды.) Рилстың өзін асығып қарайтындай не болды деймін бірақ. Ертең видеоны 3-сөйлемінен бастатып қоймаса болғаны)
Кішкентайымда манту, қан алу дегендерден, жалпы екпеден қатты қорқатынмын. Не зобалаң көргенімді) Қорқып, зорыққаным сонша, “осыдан өсейін, уколды шығарған адамды тауып аламын да, үрім-бұтағымен қырып кетемін”,- дейтінмін. Бірақ алғашқы уколды еуропа ғалымдары 1853 жылы ойлап тапқанын қайдан білейін мен. Бүгін олардың сүйектерін де таппаспын. Сөйтсем, олар сол заманда-ақ мені ойлап кеткен екен ғой, тек бала ақылым оған жете қоймапты. Енді ойлап қарасам, біз әлі күнге бізге кей жақсылық ойлап, оны жария қыла қоймайтындардың әрекетін бізге қастандық деп қалатынымыз бар екен. Оған кейін, майдан біткесін, өрісіміз кеңейгесін барып қана көз жеткізетініміз де тағы бар. Тек содан соң бармақ тістеп отыратынымыз жаман. Жалпы айтпағым, бізді қамшылап “отқа айдағаннан, боққа шаба бермеу керек екен”. Десе де, салқынқандылық пен ой таразысы да керек-ақ. Ал бүгін қан алдырсам, ХІХ ғасырдағы мейірбандардың аруағын сыйлағаннан тиыш отыратын болдым) 💉
AwdarMä – Qamıqpa, carıqta!
Майталман Белес-белес шығатұғын жайты алдан, Тағдырдың сан сынын сынбай тойтарған: Кеш қарайса үйге асығар өзімді, Қой кезекте санайтынмын майталман. Әне, қайтпақ күн көрпесін жамылып, Өрген қойдай жұлдыз алқа тағылып. Қойдан басқа кім тыңдамақ сырымды, Ал сен жүрсің қалай бұған бағынып? Отар мұңның ізін кезіп жол талай, “Ой” кезектен келдім тағы арқалай. Қойын санап ауыл тағы тарқасты, Мені күтіп сен келмедің қалқам-ай. Ол қалай..? Бақытымның түгенделсе санағы, Біздің үйге біреу жетпей қалады. “Бөтен жүрек” бар ма деумен СЕНделем, Кілең қырсық түсінсін бе баланы? Амал нешік, тағат таяу бітерге, Наннан басқа түк сатпайтын дүкенде: “Үйлеріңде нан таусылса шіркін”,- деп, Жабылғанша, есік торып күтем мен. Таныс жолмен бармақ тістеп қайтарда, Нұр жамылып сен шығасың қайта алдан. Әдет құрғыр, әңгімеңді мен тағы, “Қой, кеш батты қайттық”,-деумен қайтарғам. Майталман!
Өмір бауырдан ән!
без подписи