- Последний пост
- 12 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 4
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 52
- 1/48двое суток
- 59
- 1/72трое суток
- 64
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
без подписи
Винт салдырдым деп айтып едім ғой. Сол үш күннің ішінде бетімді ісіріп, температура көтеріп, винт айналасы үлкен жараға айналды. Дәрігерім шошып кетіп, алып тастады винтті. Антибиотик жазып берді. Әлсіреп, бір жағы алып тастаған соң жеңілдеп қалдым. Енді он…
Тірі жанға біткен қасиеттердің ішіндегі патшасы —қайсарлық. Ақ, таза қайсарлық.
Винт салдырдым деп айтып едім ғой. Сол үш күннің ішінде бетімді ісіріп, температура көтеріп, винт айналасы үлкен жараға айналды. Дәрігерім шошып кетіп, алып тастады винтті. Антибиотик жазып берді. Әлсіреп, бір жағы алып тастаған соң жеңілдеп қалдым. Енді он-он бес күннен кейін, жара орны жазылған соң қайта салу керек дейді. Шаршап кеттім.
Адамның атын атаудың маңыздылығын айтайын ба? Оқушы күндегі жақын құрбым бар. Рас, оқушы кезде айырылмас құрбы болдық. Әңгімеміз бітпейтін. Кейін екеуміз де екі түрлі қалада студент болдық, оқу бітіріп бөлек қалаларда жұмыс істедік. Қазір де бір қалада тұрмаймыз. Қарым-қатынасымыз да оқушы кездегідей жиі емес. Бірдеңе сұрау керек болғанда, не бір жаңалық болғанда хабарласамыз. Тіпті Шымкентке барғанда оған хабарласуды ұмытып кетіп жатам. Ол оныма ренжімейді. Мен ойлайтынмын. Ол екеуміз не дегенмен бұрынғыдай дос емес шығармыз деп. Қазір айтар әңгімеміз бұрынғыдай көп емес қой. Ортақ тақырып та аз. Сөйтіп, бүгін оның бір статусынан мені "Тохалёк❤" деп сақтағанын көрдім. Ол мені оқушы кезде де осылай сақтайтын. Мені көптееен бұлай ешкім атамапты. Көзіме оттай басылды. Енді ойласам, мені алғаш боп осылай атаған адам ол екен ғой. Әлі де солай атайды ғой. Сол статусты көргенде жүрегім біртүрлі жылып, ол екеуміздің әңгімеміз дәл оқушы кездегідей таусылмайтын сияқты көрінді. Оның өзін сағынып кеттім.
Дәл қазіргі көңіл күйіңді бір ғана сөйлеммен сипатта десе "әдемі көйлек алғым кеп тұр" деуші ем.
Меніңше, бөтен адамдарға қарағанда жақын адамдармен салмақты қарым-қатынаста болған дұрыс. Әрине, жалпы салмақты болған жақсы ғой. Айтпағым—бөтен адамның алдында орындалмаған уәдеден жақын адамыңа берген уәденің орындалмағаны жаман. Қарым-қатынасқа әлдебір сызат түскендей сезіледі. Жақындар қандай тентектігіңді көтерсе де, бастаған істі аяқтамау, салғырт қарау дейін бе, әйтеуір орта жолдан тастауды көтере алмайтын сияқты. Жақынды жақын екен деп түсініксіз күйге қалдыра беруге болмайды ғой.
Екі күн бұрын тісіме винт салдырдым. Қызыл иегімнің түбіне кішкентай темір орнатты. Алғашқы күндері ауырмады. Бірақ бүгін сол темірі бар бетіммен ұйықтаппын, темір қызыл иегіме батып, ауырсынып тұрмын. Тістің жыры шаршатып жіберді.
Инстаграмның құдіреті-ай. Қалай өшірем, солай жеңілдеймін ғой. Кеше кешке өшіріп тастадым, бүгін зейінім тұрақталып, ісім өніп жатыр. Өткен апта инстаграм қарап жүрдім, шәйіп кеттім.
Өз ағаларымды идеал көрмеймін. Болашақ жарымның оларға ұқсағанын қаламаймын. Бірақ, екі ай бұрын мен оны көргенде оның әлдебір қылықтарын өз ағама ұқсаттым. Әлі де ұқсайтындай. Бірақ неге ол ұнады маған.
Жаным-жаным
Оны алғаш ұнатқан кезде, осыдан бірнеше ай бұрын, мен ол туралы ойлардан арыла алмадым. Ол менің блокнотымдағы портреттің тірі кейпіндей көрінді. "Осы ғой" дедім өзіме. Осы ғой іздегенім дедім. Сөйтіп, ол туралы ойлардан арылу үшін өзімді 100 % жұмысқа салдым. Скопус мақаламды осы екі айда жанталасып жазып тастадым. Егер сонда ол туралы ойлардан арылудың жолы әлдебір нәрсені ойлауға шамам келмейтіндей мақала жазу болмағанда мүмкін мақаламды әлі де аяқтамаған болар ма едім. Білмеймін, әйтеуір ренжулімін. Білмеймін кімге.
Неге сонша мұңды боп кетті, неге жыларман боп келе жатырмын десем, мен бүгін ол туралы қиялдарыммен қоштасып жатыр екем. Бәрі де өртенген суреттердей көзімнен ғайып боп жатқан сияқты.
Расымен де, енді ешкімді болашақты онымен елестетіндей етіп ұнатпаймын.
Әлдебір сәттерде өміріңде болған, болмағаны белгісіз әлдекімдерді жоғалтқаныңды түсінесің. Әйтеуір сен онымен басынан-ақ бір жақындық сездің. Сөйтіп жүргенде ондай жақындықты ол емес, тек сен сезгеніңде түсінгенде бәрінен де көңілің қалып, іштей "маған ешкім де керек емес" дейсің. Кімге ренжисің, неге ренжисің, білмейсің. Әйтеуір көңілің құлазып, фильмдердегідей жалғыздықты сезініп келе жатқаныңды түсінесің. Сөйтесің де "енді өйтіп ешкімді жақын тартпаймын" деп қайталай бересің, қайталай бересің.
Осындай драмалар, әсіресе олар соңында айырылысып кетсе соны уайымдап, жылап 1 апта жүремін. Соңғы рет "21, 25" деген дораманы қарағанда осындай күй болған.
Мына дорама 10-бөлімге жетпей жүрегімді тілімдеді ғой 😭. Әйтеуір хәппиенд болса екен.
Жаным-жаным
"Сіз күлгенде мен гүлдердің қалай ашылғанын естимін" 😭
Биылғы оқу жылындағы басты мақсатым —аспан айналып жерге түссе де тревожник болмау.