tgindex
kop_nukte…

Нүктесі өте көп…

Последний пост
17 июл.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
14 авг.
Подписчики
361
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
399
20 постов
Вовлечённость
110,5%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
1/48двое суток
1/72трое суток

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Бүгін бір мультфильм мен сериал көрдім. Екеуі де бала-ата-ана тізбегінде қамтылған. Бірінші көрген фильм: -Ана мен сен үшін құрал емеспін. Мен сенің орындалмаған армандарыңның орындаушысы емеспін. Мені өз өміріңнің қосалқы рөлі етпе. Менен ештеңе жасама өзім жасаймын. Өзім армандарым бар дейді. Бағымызға орай,фильм соңында баласы өз арманына аяқ басып,мақсатына жетеді. Түйін: Бала кезде жасауым керек еді деген армандарымды балама тықпаламаймын. Сериалда керісінше: -Ана,сен тым әдемісің,ақылдысың ,миыңның жұмыс істеу қабілеті тым жоғары,интеллегентсің ал менің бойымда оның ешбірі жоқ дейді. Сериал біткенше тағы ойым қосылып қалар. Түйін: Алла қар ұлпаларының әрбірін қайталанбас,әртүрлі етіп жаратқандай пенде де әртүрлі. Адамның жасағанын адам жасайды,бірақ дәл ол секілді бола алмайды…

  • Біздің қоғам қабылдай алмайтын,қабылдауға дайын емес бір жандар бар. Олар декреттегі аналар. Бізді қоғамнан ысырып тастайтындарға таңқаламын. Саябақта,тамақ ішетін орындарда,демалыс орындарында бастан аяқ бізді бақылап отырады. Көздері ары бері төңкеріліп отырады. Мен өз басым ондайды қабылдамаймын. Қараса қарай берсін деп. Ересек адамдардың есі кірмей жүргенде,балалардың өмір сүруі мен үшін қалыпты. Сол себепті менің коллегаларыма,қымбатты қыздарыма айтарым: Құлыншақтарыңызды қысылмай саябаққа,бауға да тауға да қауіпсіздіктерін қадағалап өздеріңізбен алып жүріңіздер. Бірге кофе ішуге,қыдыруға,шоппинг жасауға қорықпаңыздар. Балапандардың жылауы,күлуі,қатты сөйлеуі,қалыпты жағдай. Олар солай жасауы да керек. Егер бұл жағдай біреуге ұнамай тұрса,бұл мүлдем сіздің мәселеңіз емес. Бала үшін анасы бар әлем. Ал сіз әлемді одан ары тануға қорықпаңыз. Бірге әлемге есік ашыңыздар… Жазба иесі:Ұлпатай Қаниқызы ulpa.tai

  • Осы тұста айтарым: Мен өзіме жауапкершілік пен рөлді қатты алып қойыппын. Былай айтқанда өзіме көп алып қойыппын. Мен дәл қазір декретте отырған соң: үй мен тұрмыспен алысып кететінмін. Өзімді шынымен аямаппын. Өзіме мүлдем жаным ашымапты. Бізге дейін де ,бізден кейін де тірлік бітпеген ешқашан. Бітпейді де.

  • Алладан нені,қалай сұрау керек екенін білмейміз ғой. Екінші баламды өмірге алып келгелі маған ана болу оңай болмады. Жаңа қоныс,жаңа өмір,жаңа режим қалыптасты. Соңғы 6 айда менің аузымнан жиі: -Мә шаршап жүрмін бір жатып демалсам ғой,мәәә түүк істемей құры жатсам ғой біреу тамақ жасап,біреу үй жинаса ғой деген сөз өте жиі шығып кетті. Сенбіде денсаулығым сыр беріп жүрген жеріме ота жасаттым. Шындығында,құры жатырмын,отырмақ түгілі жатудың өзі қиын. Баланы да қарап жатыр,тамақ та жасалып жатыр. Сұрағанда да дұрыс сұрау керек еді. Я Аллам бала шағаммен аман-есен,деніміз сау,төрт көзіміз түгел,қаражатымыз артығымен тыныштықта жақсы жерде демалсам екен десем болар еді…

  • Әдетте ерте ояна бермеймін. Бүгін бір реті келді. Екі бала түн ұзақ мазасызданып шықты. Қызым түнде жанынан кішкене алыстасам шыңғыруды шығарыпты. Түнде кітабымды оқып жатып ұйяқтап қалыппын. Шамамен сол түңгі екі жарымдар шамасы. Таңертең ерте тұратынымды білсем де неменеге жаттым десеңізші кітап оқып. Сондай кездері өзімді тепкілеп “жатшей,қуасың ба ертең кеше түнде ерте жату керек еді”дейсің тағы деп сөзбен сабалап жатырмын. Бұл негізі өзіме күнде айтатын сөзім. Күндіз көзімді іліп,шамалы ұйықтап аламын деп күнде өзіме уәде беріп,оны орындамайтыным бар. Сағат тілі 08:02 елдер әдетте осы уақытта тіршілік қамына кірісіп,қаланың қызу өміріне сүңгіп кетеді. Таңғы тірліктің ебін келтіріп балалардың жанына жатып бір сағат көз шырымын алдым. Ұйқыдан тұрып,тұрмыс тіршілікке етене араластық. Әдеттегідей,төсек,таңғы ас балаларды жуындыру,киіндіру. Екі балаға жасымық сорпасын жылытып жатып,қолымды оңдырмай күйдіріп алдым. Осындайда күйген жеріңді лезде тұзға малып салып қойсаң ауырғаны басылады дегенді есіме алдым. Істемедім бірақ. Еріндім. Екеуінің тамақтарын беріп,өзім йогурт пен круассанды тіскебасар еттім. Әдетте,таңғы асқа ерінбей өзіме әдемілеп тамақ жасайтынмын. Кейде күні кешке дейін мүлдем тамақ жемеймін. Бұл әдетім маған ұнамайды. Сағат 13:15. Күнделікті өзіме берілген тапсырмалық жұмысымды бастадым. Дизайны,ақпараты,мәтіні. Жасанды инттеллект немесе канваның қайсы қосымшаның ақылы бөлімін алсам болады деп басым қатып жүр. Жұмысыма бәрібір керек екен. 14:06 махабатпен жұмысымды аяқтадым. Арасында мамаммен сөйлестім. Осы апта ауылда құдалық күтеміз. Соған дайындық. Арасында өзіме ұнап жүрген өң бояйтын бояуларыммен,күтімдерімді бір парақтап алдым. Қызымды ұйықтатып,ұлыммен далаға шықтым. Кітаптың бел ортасына келдім. Қызығып кеттім әбден. Журналист редактор қыздың мақаласының арқасында бір тағдырдың жұмбағы шешіледі. Ана мен бала махаббаты,отбасылық кризис тереңінен айшықталған шығарма. Бүгіндікке ең үлкен жеңісімнің бірі-кітабымды аяқтадым. Сағат 14:55 пен 18:25 аралығында тіршіліктен баз кешіп,кітабымды оқыдым. Рахат аааай. Сезімге беріліп қиялданып отырғанымда кешкі астың да қамы болды. Маған тамақ жасаған ұнайды бір-бірімен қуырылып жатқан көкеністерді көргенде шабыт аламын. Даяр болған тамаққа бөлек бәліш,нан түрлері мен салаттар жасағанды оларды соустарға батырып жегенді қатты ұнатамын. Тамаққа ғашық еткен мені жолдасым. Енді жүріп бастағанда жиі дәмді тамақ ішуге апаратын. Қазір де: -Осы тамақты жеші ұнайды саған деп апарып тұрады. Онысы маған ұнайды. Кейде нағыз махаббат сенің тамағыңды,дәрілеріңді,анализ сараптамаларын бақылап,қалың киін дейтін жылулық секілді. Тамақтың ебін келтірген соң,бүгін тамақ ішпегенім есіме түсіп өзіме ренжіп отырмын. Себебі,әлсіреп отырмын. Қолдарым әрең жазып отыр. Жолдасымның жолын күтетін жандардың бірімін. Ол кісісіз өмір бар,бірақ түстерінің өңі солғын… Кешқұрым жолдасым жұмыстан кеш келді. Үстел үстінде оқыған кітабымды айтып бердім. Айттым ғой,айттым әні деп менің кітабымнан бұрын ойларын пайымдап үлгерді. Біздің өзімізде бір үрдіс бар. Міндетті түрде кешке екеуміз кино немесе жайдарман көреміз. Бүгін тағы да кино көрдік. Арасында екі бөліп кір жайып алдым. Далада жел ме әлде жауын ба түсініксіз…

  • без подписи

  • Ұрлықшы болмаңдар!

  • Рамазанның соңғы 10 күні қалды. Аллаға сансыз шүкір. Менің Аллам барына сансыз шүкір. Соңғы 10 күнді біліммен,ізденумен шығарып салайық. Сауаптар көп жинайық. Біздің оқыған біліміміз,алған іліміміз Алла жолында құлшылық екенін білесіздер ме? Оқиық,ізденейік,сауаптан болайық. Алладан барынша сұрайық.

  • Мен осы армандарыма адалмын ба? Үй реттеп,өзім жұмыстарымды реттеп болғанша түңгі 2 болды. Сәресіне Өркенге тамақ жасайын,дұрыс ішпей жүр деп тамақ жасап жатып,ютубтан Олжасханның Африкадағы блогын көрдім. Ойыма келгені: Мен ылғи “Армандарыма адалмын ба”, “Ұлпатай осы сен не істеп жүрсің” деп өзіме жиі сұрақ қоятынмын. Ал қазір өзіме: “Ұлпатай,сен осы дұрыс армандайсың ба?” дегім келіп тұр. Армандар картасының төріне алдымен “Үйлі болсақ” деп жазғанмын. Алланың қалауымен үйлі болдық. Одан кейінгі бір екі тармағына жан-тәніммен беріліп жазсам,соңғы жақтарына жәй армандар жазып қойыппын. Для галочки дейді ма? Сондай. -Ей Қанидың қызы деген атақ шығармадың ғой соны жаз. -Қымбат,мықты көлік керек оны да жаз. -Өте үлкен төлем. Оны ұмытпа. Мен шынында ел айтсын,көрсін деп армандаппын ғой. Африканы көріп сөзім жетпей отыр. Мен көрмеген қаншама нығмет бар. Алланың көркем жаратылысы бар. Мен неге оны көрмек түгілі санама оны армандауға,ойлауға рұқсат бермегенмін. Неге қараңғы болғанмын…

  • https://vt.tiktok.com/ZSap8T1DF/ Тик-ток парақшама ақыры сөйлеп бастадым. Қолдап жіберіңдерші🤭

  • Декреттен арық,толық,алба-жұлба болып шықсам да ренішім жоқ. Ең бастысы саналы,дені сау ұрпақпен нәтижелі болсам болды. Сауатсыз болып шықпасам болды😂

  • Декрет мені интроверт жасап жіберді. Жиында,отырыста көп жабылып қаламын. Күйеуім керісінше: -Біздің Ұлпаш күшті өлең жазады,жазбалары өте күшті. Сөйлегенде майын тамызады. Ол сияқты сөйлей алмайды екінің бірі дер мақтап қояды. Ал содан кейін сөз береді. Сөйле ал…

  • Тамақ жасағанда ешкімнен сұрамаймын. Бірақ дәмді тамақ жасап қоюға тырысамын. Бүгін асығыста 3 айлық қызым жылап,піскен етпен орама жасадым. Кешкі аста жолдасыма: -Мен сен піскен етпен жемейтін шыүар деп екі табақ қана пісіргенмін десем, -Жаным ау,сен не берсеңде жейміз ғой дейді. Ризаааа болып қалдым. Айтпақшы,тамақ сол кезде бітіп қалды🤭✨

  • Кешкі уақыт. Қолымда кітабымды оқып отырып,ұйқыға кетіп бара жатырмын. Күйеуім кітабымды ақырын алып,төмен жағымда ойнап отырған баламды басқа жерге отырғызып,көрші бөлмедегі қызымды тербетуге кетті. Балама: -Мама ұйықтап алсын тыныш иә деп қояды. Өркен неге үстіме көрпе ма плэт па жаба салмайсың десең иә. Рақмет молодец😂❤️

  • Бұл жауын-Желтоқсанды жоқтап тұрған қара халықтың көз жасы секілді маған…

  • Қалайсыздар? Мен ютубқа блог салып жүрмін ғой. Сіздерге айтуды ұмытып кетіппін🤭

  • Қарашаның қорытындысы: •Қызымыздың бесіктойын жасадық. Өзіме ұнаған ең шырайлы кеш болды. •Отбасылық достарымызбен жиі бас қостық. •Дина Төлепбергеннің видеосында қызыммен түскен бейнемізді бөлісті. •Ютубқа блогтар салып бастадым. •Оқырманымды қуанттым. •Сүйіктіме сыйлықтар сыйладым. •Балапандарымның денсаулығын тексерттім. •Жаңа кітаптар сатып алдым. Оқыған кітаптарым: •Дина Төлепберген “13 ақиқат” •Бейсен мен Болмыс •Өз бетімен әрекет ететін бала •Дулат Исабеков “Тіршілік” •Элиф Шафак “Махаббаттың қырық қағидасы” Тыңдаған подкасттар: •Әлия Әшім. Мамский әңгіме •Сабиркин. Айтарым бар •Еркебұлан Мырзабек. Интеллегентно қу •SayMo. Интеллегентно қу Ютубыма салған блогтар: •Декретте оқуға арналған шағын кітаптар •Қойындәптеріме не жазамын? •Қандай жігіт таңдаймын?Тұрмыс құрғандағы қағидаларым •Бұрынғы жазған ойларыммен қазір келісемін бе?

  • Кешкі ас. Күйеуім,сіңілім, қайынсіңілім төртеуміз тамақтанып отырмыз. Әңгіме тұрмыс құру жөнінде өрбіді. Жолдасым: -Сендерді сүйген жігітті таңдаңдар. Өзіңді жақсы көретін жігіт сен үшін бәрін жасайды. Ақшасына қарау керек. Қараңдар ол дұрыс. Басқасында шатағым жоқ өзім сүйгенімді алғанмын әйтеуір. Жүзіме күлкі ұялап,күшті болып қалдым🤭

  • Жазғы демалыс. Анам біздің білімге құмар болғанымызды қатты қалайтын. Әр жаз басталарда ерінбей барып орталық кітапханадан ертегіге толы ,қиял ғажайып әңгімелер әкелетін. Балалар әдебиетін толтырып қоятын. Ойын баласымыз кітапқа жоламадық та. Күзде анам қайта апарып өткізетін. Сол кезде анам күні кешке дейін үйдің тірлігінен бір босамайтын. Бізге кітап оқып,бірге талдамақ түгілі өзінің мұрнын сүртетін уақыты болмайтын. Ал қазір жанымды жеп қолым босаса кітап оқимын. Мен қазір анамын. Менің де үйімде тіршілік бітпейді. Сондай кезде есіме анам түседі. Ең болмаса подкаст тыңдап үй жина деймін өзіме. Кітап оқып отырғаныңды балаң көрсін. Балаңмен бірге оқы деп өзіме міндеттеймін.