Үзік сыр☔️
Статистикаheart to heart (канал авасы админ тұрмысқа шыққанда ауысады, әзірге жаңбырлы☔️)
- Последний пост
- 18 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 353
- 1/48двое суток
- 404
- 1/72трое суток
- 436
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Бұл өмірдегі ең қатты қысым - ата-анаңның шектеу қоймауы, саған шартсыз сенуі. Дәл осы үшін бәрін істейсің.
Менің көз жасымды көрген адам сондай санаулы. Тіпті, ата-анам да көрмеген. Жылай алмайтын, жылаған жанды жұбата алмайтын біртүрлі адаммын.
Ешкімнен ештеңе күтпеу керек дейміз-ау. Бірақ көңіл байғұс бірдеңені дәметеді де тұрады ғой, шіркін. Оған тұсау қойғым келмейді. Күткенім орындалса - қуанармын, болмай қалса - жасымды сығармын.
Бәрінің діні махаббат болса ғой. Өмір сондай ғажап болар еді.
Өмірдегі сенің ең басты тірегің - өзің. Өзгені не ажал, не адам жалмайды.
Адамдар жоқ жер әрқашан әсем болған.
Құдай, мені жақсы көр. Өтінем.
Өмірдегі ең жаман қасиет сараңдық сияқты. Ақшаның сараңдығын қоя берші. Жақын жан үшін сөзге, сезімге, сенімге сараң болу деген сұмдық қой.
Қазір адамдарға бауыр баспайтын болыппын. Алыстан сыйласамын. Өміріме артық адам керек еместей көрінеді. Әлде талай рет бармақ шайнап, опық жегеннен бе екен, әйтеуір осы күйім жақсырақ.
Жалған әлемнен жаның ауырғанда, маған кел. Саған қандай ғажап адам екеніңді айтам.
Адамдар қамалған ең үлкен түрме - жұрттың ойы. Д. А.
Бізге күйе жағатындар, жағамыздан алатындар көп. «Сен болмағанда…» дейтіндер де табылады. Бірақ сенсіз бұл әлем толық болмас еді.
Неменеге жетістің, бала батыр? Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр. Шаханов та кетті. Дәуір көшіп барады❤️🩹
Біреуге қымбат, маңызды, сүйікті болғанға не жетсін. Бақыттылардың қатарынан болайық.
«Үйге жеткенде жаз» деген сөзді есту бөлек бір бақыт қой.
Егер бірнәрсе немесе әлдекім жүрегіңнің тыныштығын бұзса, одан бас тарт.
Ғашық жүрек есептесуді білмейді.
Егер адамды шын сүймесеңіз, тіке айтыңыз. «Сізбен бірге» деп арман құрып қоймасын. Себебі ол жан кейін мүлдем сүйе алмау қалуы мүмкін. Қанаты қырқылып, армандай алмай қалуы мүмкін. Бақытын ұрламаңыз.
Махаббатта бір ғана заң бар. Ол - тұрақтылық. Тұрақсыздар сезім жайлы сөз қозғамасын.
Жаман мал өрісін бір күнде тауысады.