بيرلشمیش گونولّر Егіз - гөуллер
СтатистикаCan Artsın Adıgeoğlu People write because no one listens Lə tahzen!
- Последний пост
- 13 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 1
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 12
- 1/48двое суток
- 13
- 1/72трое суток
- 14
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Ойлашы, саған Тәңірің екі алма береді: екіншісін біреумен бөлісер деп. Бірақ сен өйтпейсің: «Құдай мені жақсы көреді», — деп барып, екеуін де жеп қоясың. Ал екінші адам ше? Тіпті біреудің бергенін бөлісе алмайтын ашкөздік деген осы ма?
Кейде ойдың жоқтығанан емес көптігінен жазғың келмейді.
Дүние деген не ол? Ол — ақша, ол — мал. Ал мал бірде бар, бірде жоқ, бірде мен…
Шағала қыздар мен көкек аналар, ойы қарғадан қара жігіттер көп. Соның ішінен аққуды табу түгілі аққу болудың өзі шаруа
без подписи
Sormuşlar bilgeye, insanoğlunun şaşırtan davranışları hakkında ne dersiniz diye. “Çocukluktan sıkılır, hızla büyümek ister. Büyür, çocukluğunu özler. Para kazanmak için sağlığını harcar. Sonra sağlığını geri kazanmak için parasını harcar. İnsanoğlu böyle değil mi? Hayata hazırlanmaya o kadar vakit ayırır ki, hayatı yaşamaya vakti kalmaz. Yarınını o kadar düşünür ki, bugünü yaşayamaz. Halbuki hayat ne yarında ne dünde, ancak bugünde yaşanır. Vaktin kıymetini bilmektir mesele.”
без подписи
без подписи
…Шейхім, маған да бір дұға ет, – дейді бір жас жігіт. – Не дейін? – дейді шейх. – Қандай дұға етейін сен үшін? Жас жігіт болса, ғашықтықтың дертінде. – Айша маған қарасын, – дейді ол. – Мені жақсы көрсе екен. Ұнатып, сүйсін. Мен оған ғашық болғандай, ол да мені қаласа екен, – дейді. Хазрет бұған қарады да, халінің ауырлығын түсініп: – Онда, мә, ал мынаны, – деп, қос қолдап жігіттің қолына тасбих ұстатты. Ұстатты да айтты: – Ендеше, зікір ет. – Қыздың жүрегін зікірмен қалай жауламақпын? – деп таңырқаған жігіт сұрайды. – Не айтайын сонда зікірде? Хазрет айтады: – Таңға дейін оңаша бір бөлме тап та, сонда отырып, күн шапағы түскенше, айт ғашығыңның атын. Солай зікір ет. «Айша» де. Жігіт шашырып: – Бірақ, шейхім, Айша Алла ма? Неге оның атын айтайын? – дейді. – Мен де соны айтып тұрмын ғой енді, бауырым, – депті шейх. – Адамның атын қанша атап зікір етсең де, айқайлап тұрып шақырсаң да, ол сені ести алмайды. Алланы бір сәт еске алғын. Адамдар сөзіңді де естімей тұрғанда, Ол сенің жүрегіңде не болып жатқанын айтқызбай біледі ғой. Бәріміз де ғашықпыз. Мына тұрғандардың бәрі сол ғашықтық жолында. Бірақ ешқайсымыз біреудің артынан жүгіріп, дерттеніп жүрген жоқпыз, – деген екен.
“Твоя религия запрещает что-то не мне, а тебе. Ведь это ты в неё веришь, а не я. Почувствуй разницу.”
без подписи
“Бір дария жетпей тұр әттеген-ай, Сенің теңіз болуың үшін.” Қамза Еркежан Қайратқызы
Нені жоғалтам деп қорқасың? бұл дүниеде саған тиесілі түк жоқ…
Kill the monster before he tells you his story, otherwise, you won’t be able to.
Күн өзінен қашып көлеңкені паналағанды жылытпайды
“Қыз күтуді білсе, жігіт жетуді білсе, қыз көптің көзіне түспесе, жігіт көпті көзге ілмесе, міне махаббаттың формуласы…”
00:18 бояу туралы
без подписи
Бүгінгі күннің мақалы: Қызғалдаққа бойының ұзындығы шарт емес. Жақсы көрсе келетін адам өзі-ақ иіледі.
# Rüya bölen fikirler 62 “Ğafur” Арыстан түлкіге бұйырыпты: — Маған бүгін ас әкел. Ас әкелмесең, қорегім өзің боласың, — депті. Түлкі көп ойланбай есекке келіп: — Есеке, арыстан сені құзырына шақырып жатыр. Өзіне ізбасар таңдағалы жүр еді, назары саған ауған-ау. Бұндай мүмкіндік енді келе қоймас, келесі әмірші сен болмақсың, — дейді. Есек оған иланып, арыстанға қарай бет алады. Жақындар жақындамастан арыстан да бұған секіріп, есектің құлағын жұлып алады. Ондайды күтпеген есек аңырап қашып, әрең құтылады. Құтылып келеді де, түлкіге назын айтады: — Сен мені алдадың ғой. Сенің кесіріңнен құлағымнан айырылдым ғой, — деп. Түлкі бетіне қарап тұрып: — Есеке, сен ұлықсың ғой, ұлықтардың тәжі болады, оны киюге құлақтарың кедергі еді. Арыстан саған көмектескен ғой. Бәрі сенің қамың үшін, — деп айласын асырады. Бейшара есек бұған тағы нанады. Бұл жолы барғанда, құйрығынан айырылып қайтады. Өкпесін тағы айтады түлкіге: — Сен мені әдейі жібердің. Өлімге қасақана айдап салдың, — деп. Түлкі айтады: — Тақсыр-ау, тақ деген бар. Оған кім көрінген шыға алмайды. Арекең сол таққа отыруға сені дайындап жатыр, оңай болады деп ойладың ба? Далада жатқан тақ жоқ саған, бәрінің өтемін беруің керек, — деп тағы да алдап жібереді. Аңғал есек түлкінің бір емес, бірнеше рет өзіне зиян еткенін көре тұра, бұндай тәтті сөздерге тағы ілігіп, қаза табады. Есектің ажалы ақылының жоқтығынан емес, тым қатты кешірімшіл, сенгіштігінен болып отыр. Өмірде де кейбір адамдардың мысалы осыған ұқсайды.