КИСИ inform
СтатистикаҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК Kazakhstan institute for strategic studies under the President of the RK
- Последний пост
- 15:16
- Последнее чтение
- 20:25
- Постов за неделю
- 54
- Всего постов
- 82
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Политика
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 57
- 1/48двое суток
- 65
- 1/72трое суток
- 70
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Талқылау циклдары 13 тамызда Алматыда өткен «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» және «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты екі сараптамалық алаңмен жалғасты. Сараптамалық пікірталастар барысында қоғамдық көңіл-күй мен электоралды мінез-құлық, науқанның өңірлік ерекшеліктері, партиялар арасындағы бәсекелестік, теледебаттар, цифрлық коммуникациялар, сондай-ақ азаматтардың таңдауына әсер ететін факторлар қарастырылды. Қазіргі сайлау науқаны жаңа Конституцияның қабылдануы және өкілді биліктің жаңа архитектурасының қалыптасуынан кейінгі айрықша саяси контексте өтіп жатыр. Сондықтан азаматтардың сайлауға қатысуға деген ниетінің тұрақты түрде жоғары деңгейде болуын жаңа Құрылтайға және елдегі саяси трансформацияның одан әрі жалғасуына қатысты қоғамдық күтулер тұрғысынан да қарастыруға болады. Соңғы бес жылда Қазақстан бірнеше сайлау науқанын және жалпыұлттық саяси рәсімдерді бастан өткерді. Сайлаушылардың еркіне тұрақты түрде жүгіну азаматтардың саяси үдерістерге тікелей қатысу тәжірибесін біртіндеп орнықтырып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауыкезекті электоралды науқан ғана емес, азаматтардың саяси үдерістерге қатысуы, партиялар арасындағы бәсекелестік, бұқара пікірталастар және саналы электоралдық таңдау барған сайын маңызды мәнге ие болатын жаңа саяси мәдениетті қалыптастырудың маңызды кезеңіне айналады. Жазғы кезеңге қарамастан, барлық жеті зерттеудің деректері 23 тамызда электоралды белсенділіктің айтарлықтай жоғары болатынын болжауға негіз береді. Бұл ретте соңғы екі айдағы негізгі өзгеріс сайлауға қатысуға деген мәлімделген ниеттің артуы емес (ол бүкіл кезең бойы жоғары деңгейде сақталды), партиялық таңдауын әлі жасамаған азаматтар санының едәуір қысқаруы болды. Сайлау жақындаған сайын электоралды ахуал барған сайын айқындала түсуде.
ҚСЗИ тапсырысы бойынша DATAMetrics компаниясы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, партиялық таңдауын әлі айқындамағандардың үлесі 22,6%-ды құраған. Еуразиялық интеграция институтының алғашқы өлшеуінде бұл көрсеткіш 14,2%-ға дейін төмендесе, ҚҚДИ телефон арқылы жүргізген сауалнамада – 10,9%-ға, Еуразиялық интеграция институтының екінші зерттеуінде – 8,4%-ға, ал Қоғамдық саяси институтының соңғы өлшеуінде 5,3%-ға дейін төмендеген. Осылайша, бірінші өлшемнен соңғы өлшемге дейінгі аралықта партиялық таңдауларын әлі жасамаған сайлаушылардың көрсеткіші 17,3 пайыздық тармаққа, яғни төрт еседен аса төмендеген. Бұл динамика дауыс беру күнінің жақындауы, қоғамдық хабардарлықтың артуы және партиялық, ақпараттық, сондай-ақ үгіт-насихат науқандардың күшеюімен байланысты сайлаушылардың қалауларының біртіндеп нығая түсуін көрсетуі мүмкін. Халықтың хабардарлық деңгейінің жоғары екенін қарастырып отырған соңғы өлшемнің нәтижелері де растайды. Қоғамдық саяси институтының мәліметтеріне сәйкес, респонденттердің 89,4%-ы тамыздың 23-і өтетін сайлау туралы хабардар. Олардың 55,2%-ы сайлау туралы ақпаратты жақсы біледі, ал 34,2%-ы сайлау өтетіні туралы естігенімен, егжей-тегжейлі ақпараттан хабардар емес. Зерттеулерге жасалған салыстырмалы талдау «Әділет» партиясының тұрақты түрде көшбасшылық позицияны ұстап тұрғанын көрсетеді. Оның көрсеткіші 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген ҚСЗИ зерттеуіндегі 54,2%-дан 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институты жүргізген зерттеуде 70,3%-ға дейін өскен. Бірінші және соңғы өлшемдер арасындағы айырмашылық 16,1 пайыздық тармақты құрайды. «Ауыл» партиясы салыстырып отырған зерттеулердің барлығында екінші орында тұр, оның көрсеткіші 5,1 мен 7,3% арасында қалыптасқан. Қалған саяси партиялардың рейтингтерінде салыстырмалы түрде айтарлықтай үлкен өзгерістер байқалмайды. Сонымен қатар, сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға қанша партия және нақты қай партиялар өтетіні әзірге ашық күйінде қалып отыр. Әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері «Ақ жол» мен Respublica партиялары арасында үшінші және төртінші орындар үшін бәсекелестіктің сақталып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясы мен қазіргі сайлау науқанына қатысып отырған жалғыз оппозициялық партия, яғни Жалпыұлттық социал-демократиялық партия арасында да жеке бәсекелестік желісі қалыптасқаны байқалады. Осылайша, қарастырып отырған кезеңдегі негізгі динамика электоралдық рейтингте партиялардың орындарының өзгеруімен ғана емес, сондай-ақ таңдауын әлі жасамаған сайлаушылар санының азаюымен және көшті бастап келе жатқан партияның позициясының нығаюымен байланысты. Сонымен қатар, азаматтардың таңдауына әсер ететін факторлар да әртүрлі. Қоғамдық саяси институтының зерттеуіне сәйкес, респонденттердің 44,4%-ы өзінің партиялық таңдауын жасауда олардың бастамаларының оң бағалануын басшылыққа алса, 29,2%-ы өзін осы партияның жақтаушысы деп санайды, 25,3%-ы Қазақстанның болашағын өзі таңдаған партиямен байланыстырады, ал 14,7%-ы партияның сайлаушылармен өзара іс-қимылына назар аударады. Әлеуметтанулық динамика науқан барысында сарапшылар талқылауының негізгі тақырыптарының біріне айналды. 8 шілде мен 13 тамыз аралығында ҚСЗИ Астана, Алматы, Петропавл және Өскемен қалаларында жеті сараптамалық алаң өткізді. 8 шілдеде Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» тақырыбында және 16 шілдеде Алматыда «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» тақырыбында сараптамалық алаңдар ұйымдастырылды. 23 шілдеде Петропавл қаласында өткен «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңында Қазақстанның жаңа конституциялық архитектурасы өңірлер тұрғысынан талқыланды. 30 шілдеде Астанада сарапшылар «Сайлау-2026» науқанындағы медианың және цифрлық платформалардың рөлін қарастырса, 4 тамызда Өскеменде жаңа саяси конфигурациядағы өңірлердің орны талқыланды.
📃Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді? Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 2026 жылғы 13 маусым мен 17 тамыз аралығында DATAMetrics (ҚСЗИ тапсырысы бойынша), Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ), Еуразиялық интеграция институты, Демократия институты және Қоғамдық саяси институты жүргізген жеті әлеуметтанулық зерттеудің деректерін талдады. Салыстырмалы талдауға сәйкес, Қазақстанда сайлау науқаны барысында азаматтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. Сонымен қатар, өз таңдауын әлі айқындамаған сайлаушылар саны азайып, партиялық таңдаулардың көрінісі барған сайын айқындала түсуде. Барлық жеті зерттеуде, олардың жүргізілу мерзімі, әдіснамасы және іріктеу көлемі бойынша айырмашылықтарына қарамастан, азаматтардың дауыс беруге дайындық деңгейінің көрсеткіштері бір біріне ұқсас. DATAMetrics нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 75,6%-ы сайлауға қатысуға ниетті екенін білдірген. Ал, Еуразиялық интеграция институтының екі зерттеуінде бұл көрсеткіш 72,1 және 73,2%-ды, ҚҚДИ зерттеулерінде 75,1% және 70,3%-ды, Қоғамдық саяси институтының зерттеуінде 72,3%-ды, сондай-ақ Демократия институтының зерттеуінде 73,1%-ды құрады. Осылайша, электоралды белсенділік көрсеткіштері 70,3% және 75,6% аралығындағы диапазонда орналасып отыр. Ең төменгі және ең жоғары көрсеткіштер арасындағы айырмашылық небәрі 5,3 пайыздық тармақты құрайды. Бұл тұрақты үрдіс сауалнамаға қатысқандардың шамамен оннан жетеуі немесе одан да көп бөлігі науқан барысында сайлау учаскелеріне баруға ниетті екенін мәлімдегенін көрсетеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер аға буын өкілдері арасында электоралды белсенділіктің жоғары екенін көрсетті. ҚҚДИ мәліметтеріне сәйкес, аға буын өкілдері арасында бұл көрсеткіш 80,7%-ды құраса, жастар арасында 69,4%-ды құрайды. Дауыс беруге дайындық, сондай-ақ жоғары білімді азаматтар арасында да жоғары. Соңғы екі айдағы көзге түскен үдерістердің бірі – партиялық таңдауларын әлі жасамаған сайлаушылар санының азаюы. Жалғасы ⬇️
Таким образом, основная динамика рассматриваемого периода связана не столько с перестановкой партий в электоральном рейтинге, сколько с сокращением числа неопределившихся и усилением позиции лидирующей партии. При этом на выбор граждан влияет не один фактор. Согласно исследованию Института общественной политики, 44,4% респондентов ориентируются на положительную оценку инициатив партии, 29,2% называют себя ее сторонниками, 25,3% связывают с выбранной партией будущее Казахстана, 14,7% обращают внимание на то, как партия взаимодействует с избирателями. Социологическая динамика на протяжении кампании находилась в центре экспертного обсуждения. С 8 июля по 13 августа КИСИ провел семь экспертных площадок в Астане, Алматы, Петропавловске и Оскемене. 8 июля в Астане состоялась экспертная платформа «Выборы в Курултай: конституционные основы и политическая трансформация», 16 июля в Алматы – «Курултай – основа новой архитектуры законодательной власти». 23 июля в Петропавловске на Национальной экспертной площадке «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» обсуждалась новая конституционная архитектура Казахстана с точки зрения регионов. 30 июля в Астане эксперты рассмотрели роль медиа и цифровых платформ в кампании «Сайлау-2026», а 4 августа в Усть-Каменогорске – место регионов в новой политической конфигурации. Цикл продолжили две экспертные платформы 13 августа в Алматы – «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» и «Конкуренция партий: идеи, программы и борьба за избирателя». В ходе экспертных дискуссий рассматривались общественные настроения и электоральное поведение, региональная специфика кампании, партийная конкуренция, теледебаты, цифровые коммуникации и факторы, влияющие на выбор граждан. Нынешняя кампания проходит в особом политическом контексте – после принятия новой Конституции и формирования новой архитектуры представительной власти. Поэтому устойчиво высокая заявленная готовность участвовать в выборах может рассматриваться в том числе в контексте общественных ожиданий от нового Курултая и дальнейшей политической трансформации страны. За последние пять лет Казахстан прошел через несколько электоральных кампаний и общенациональных политических процедур. Регулярное обращение к воле избирателей постепенно закрепляет практику непосредственного участия граждан в политических процессах. В этом контексте выборы в Курултай становятся не только очередной электоральной кампанией, но и важным этапом формирования новой политической культуры, в которой гражданское участие, партийная конкуренция, публичные дебаты и осознанный электоральный выбор приобретают все большее значение. Несмотря на летний период, данные всех семи исследований позволяют ожидать достаточно высокой электоральной активности 23 августа. При этом главным изменением последних двух месяцев становится не рост самой декларируемой готовности голосовать – она оставалась высокой на протяжении всего периода, – а существенное сокращение числа неопределившихся граждан. По мере приближения выборов электоральная картина становится все более определенной.
📃От ожиданий к выбору: как менялись электоральные настроения казахстанцев на протяжении избирательной кампании В преддверии выборов депутатов Курултая Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ) обобщил данные семи социологических замеров, проведенных DATAMetrics (по заказу КИСИ), Казахстанским институтом общественного развития (КИОР), Институтом Евразийской интеграции, Институтом демократии и Институтом общественной политики в период с 13 июня по 17 августа 2026 года. Сравнительный анализ показал, что на протяжении избирательной кампании в Казахстане сохраняется стабильно высокий уровень готовности граждан принять участие в голосовании, одновременно сокращается число неопределившихся избирателей и более ясной становится картина партийных предпочтений. Все семь исследований, несмотря на различия в сроках проведения, методологии и объеме выборки, показывают схожие показатели готовности граждан принять участие в голосовании. По данным DATAMetrics, о намерении участвовать в выборах заявили 75,6% респондентов. Два замера Института Евразийской интеграции показали 72,1 и 73,2%, исследования КИОР – 75,1 и 70,3%, Института общественной политики – 72,3%, Института демократии – 73,1%. Таким образом, показатели электоральной активности находятся в диапазоне от 70,3 до 75,6%. Разница между минимальным и максимальным значениями составляет всего 5,3 процентных пунктов. Это позволяет говорить об устойчивой тенденции: на протяжении кампании примерно семь из десяти и более опрошенных декларируют намерение прийти на избирательные участки. При этом социально-демографические данные показывают более высокую электоральную активность старшего поколения. По данным КИОР, среди представителей старшего поколения она достигает 80,7%, тогда как среди молодежи составляет 69,4%. Более высокую готовность к голосованию также демонстрируют граждане с высшим образованием. Одним из наиболее заметных процессов последних двух месяцев стало сокращение числа неопределившихся избирателей. В исследовании DATAMetrics (по заказу КИСИ), проведенном с 13 июня по 2 июля, доля тех, кто еще не определился с партийным выбором, составляла 22,6%. В первом замере Института Евразийской интеграции она снизилась до 14,2%, в телефонном опросе КИОР – до 10,9%, во втором исследовании Института Евразийской интеграции – до 8,4%, а в наиболее позднем замере Института общественной политики – до 5,3%. Таким образом, между первым и последним замерами показатель сократился на 17,3 процентных пунктов – более чем в четыре раза. Такая динамика может свидетельствовать о постепенной консолидации электоральных предпочтений по мере приближения дня голосования, роста информированности населения и активизации партийной, информационной и агитационной кампании. Высокий уровень информированности подтверждает и последний из рассматриваемых замеров. По данным Института общественной политики, 89,4% респондентов знают о предстоящих 23 августа выборах: 55,2% хорошо знакомы с информацией о них, еще 34,2% слышали о выборах, хотя не знают подробностей. Сравнение результатов исследований показывает устойчивое лидерство партии «Әділет». Ее показатель вырос с 54,2% в исследовании КИСИ, проведенном с 13 июня по 2 июля, до 70,3% в исследовании Института демократии с 20 июля по 6 августа. Разница между первым и последним замерами составила 16,1 процентных пунктов. «Ауыл» занимает вторую позицию во всех сопоставимых исследованиях, демонстрируя показатели в диапазоне 5,1-7,3%. Рейтинги остальных политических партий меняются в сравнительно небольших пределах, при этом вопрос о том, сколько и какие партии в итоге пройдут в Курултай, пока остается открытым. Данные социологических замеров указывают на сохраняющуюся конкуренцию за третью и четвертую позиции между партиями «Ақ жол» и Respublica. Отдельная конкурентная линия складывается между Народной партией Казахстана и ОСДП – единственной оппозиционной партией, участвующей в нынешней избирательной кампании. Далее 🔽
👔Большинство граждан выразили готовность принять участие в предстоящих выборах в Курултай Институт Демократии представляет результаты социологического исследования, проведенного с 20 июля по 6 августа 2026 года. Согласно полученным данным, ожидается достаточно высокая явка казахстанцев на выборах депутатов Курултая. На вопрос «Примете ли Вы участие в голосовании на выборах в Курултай (Парламентские выборы), которые состоятся 23 августа?» 73,1% опрошенных отметили, что намерены принять участие в голосовании на выборах. Другими словами, трое из четырех респондентов намерены принять участие в выборах депутатов Курултая. Социологический опрос проведен с 20 июля по 06 августа 2026 года за счет средств Института Демократии. Объем выборочной совокупности – 8 000 респондентов. В опросе принимали участие респонденты старше 18 лет из 17 областей и 3 городов республиканского значения – Астаны, Алматы и Шымкента. Исследование также охватило электоральные предпочтения респондентов. Участникам опроса предложили указать, за какую политическую партию они готовы проголосовать на выборах. ▪️Согласно данным исследования, наибольшую поддержку среди респондентов получила партия «Әділет», за нее готовы проголосовать 70,3% опрошенных, что закреляет ее на первое место в рейтинге партийных предпочтений. ▪️Второе место занимает партия «Ауыл», за которую готовы проголосовать 5,6% респондентов. ▪️Третью позицию занимает партия «Ақ жол» с уровнем поддержки 5,0%. ▪️Далее следует партия «Respublica», которую готовы поддержать 4,9% опрошенных. ▪️Пятую позицию занимает оппозиционная Общенациональная социал-демократическая партия с результатом 4,2%. ▪️Шестую позицию занимает Народная партия, набравшая 3,9%. ▪️На седьмом месте – партия«Байтақ» с уровнем 0,6% поддержки. Электоральную пассивность демонстрируют 5,5% респондентов. Из них 1,6% заявили о намерении проголосовать против всех, а 3,9% пока не определились со своим выбором. Как показывают данные исследования, электоральная готовность казахстанцев в целом находится на высоком уровне, что убедительно свидетельствует об устойчивом интересе граждан к общественно-политической жизни страны и их осознанной готовности активно участвовать в предстоящих выборах депутатов Курултая. Выборка является репрезентативной по основным социально-демографическим параметрам генеральной совокупности Республики Казахстан, включая тип населенного пункта (город/село), пол и возраст. Статистическая погрешность выборки при доверительной вероятности 95% не превышает ±1,1%. Институт Демократии публикует данные с письменного уведомления ЦИК №ОСК_-11-07/ЗТ-Қ-34 от 13 июля 2026 года.
👔Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде. «Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті. Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды. ▪️Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттер арасында ең жоғары қолдауға «Әділет» партиясы ие. Сауалнамаға қатысқандардың 70,3%-ы аталған партияға дауыс беруге дайын екенін білдірді. Осылайша «Әділет» партиясы электоралдық таңдаулар рейтингінде бірінші орынға ие болып отыр. ▪️Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оған респонденттердің 5,6%-ы дауыс беруге дайын. ▪️Үшінші орында «Ақ жол» партиясы, партияны қолдаушылар үлесі 5,0% құрады. ▪️Келесі кезекте «Respublica» партиясы орналасқан, оны респонденттердің 4,9%-ы қолдауға дайын. ▪️Бесінші орында 4,2% нәтижемен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орналасқан. ▪️Алтыншы орында – Халық партиясы респонденттердің 3,9% қолдаған. ▪️Жетінші орында – «Байтақ» партиясы, қолдау деңгейі 0,6%-ды құрады. Сондай-ақ респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді. Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды. Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.
🔹 13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты сараптамалық платформа өтті. ___________________ 🔸 13 августа в Алматы состоялась экспертная платформа «Конкуренция партий: идеи, программы и борьба за избирателя», организованная Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан.
▪️ 13 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылық алаңының отырысы өтті. Талқылау барысында қоғамның көңіл-күйі мен қазіргі сайлау науқанының негізгі үрдістері, азаматтардың сайлауға қатысуға дайындығы, партия таңдауға ықпал ететін факторлар, өңірлік ерекшеліктер, теледебаттар, саяси коммуникациялар және үгіт-насихат барысында жасанды интеллектіні қолдану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар партиялар мен кандидаттарға деген сенімнің рөліне, сондай-ақ азаматтардың электоралдық таңдауын айқындайтын негізгі факторларға ерекше назар аударды. _________ ▪️ 13 августа в Алматы состоялось заседание экспертной платформы «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты», организованной Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте РК. В центре дискуссии – общественные настроения и ключевые тенденции текущей избирательной кампании, электоральная готовность граждан, факторы выбора партии, региональная специфика, теледебаты, политические коммуникации и использование искусственного интеллекта в агитации. Отдельное внимание участники уделили роли доверия к партиям и кандидатам, а также факторам, определяющим электоральный выбор граждан.
📃От конкуренции программ к конкуренции решений: эксперты обсудили партийную кампанию «Сайлау-2026» 13 августа в Алматы состоялась экспертная платформа «Конкуренция партий: идеи, программы и борьба за избирателя», организованная Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан. В центре обсуждения оказались идеологические позиции политических партий, содержание предвыборных программ и характер конкуренции за поддержку избирателей. Участники рассмотрели, насколько программы политических сил предлагают избирателю содержательные альтернативы, как соотносятся текущие общественные запросы и долгосрочные задачи развития страны, а также каким должен стать диалог партий с гражданами после завершения избирательной кампании. Модератором экспертной платформы выступил директор КИСИ при Президенте РК Жандос Шаймарданов. В дискуссии приняли участие представители КИСИ, ведущих научных и образовательных учреждений, аналитических центров, общественных организаций, политологи, эксперты и представители медиа. ▪️Особенностью платформы стал дискуссионный формат, построенный вокруг альтернативных экспертных позиций. Участникам предлагалось определить свое отношение к двум противоположным точкам зрения, после чего представители каждой позиции аргументировали свой выбор. Такой подход позволил не только обозначить существующие в экспертном сообществе оценки, но и раскрыть аргументы, стоящие за различными взглядами на развитие партийной конкуренции. Первый блок дискуссии был посвящен сходству и различиям предвыборных программ. Участники обсудили, является ли совпадение стратегических целей партий отражением общественного консенсуса по ключевым направлениям развития страны или свидетельствует о недостатке содержательных политических альтернатив. Эксперты отметили, что общность стратегических целей сама по себе не исключает политической конкуренции. Для осознанного электорального выбора принципиальное значение имеет то, насколько четко партии обозначают различия в приоритетах, механизмах реализации предложений, сроках, необходимых ресурсах и ответственности за достижение заявленных результатов. ▪️Отдельная дискуссия развернулась вокруг временного горизонта партийных программ. Участники рассмотрели вопрос о том, должны ли политические силы прежде всего отвечать на наиболее актуальные запросы граждан или концентрироваться на долгосрочных вызовах, выходящих за рамки одного электорального цикла. По итогам обсуждения эксперты отметили, что качественная политическая программа должна соединять оба подхода. Способность отвечать на сегодняшние потребности общества должна сочетаться со стратегическим видением развития страны, а предлагаемые решения – сопровождаться понятным объяснением механизмов их реализации, необходимых ресурсов и возможных рисков. Еще одной темой стало соотношение электоральной активности и политического доверия. Участники обратились к данным социологических исследований, согласно которым от 70,3 до 75,6% респондентов заявляют о готовности принять участие в предстоящем голосовании, а почти девять из десяти граждан в той или иной степени знают о выборах. В ходе дискуссии отмечалось, что высокий уровень заявленной готовности голосовать свидетельствует о значительном интересе граждан к избирательной кампании и потенциале политической вовлеченности. Вместе с тем само участие в выборах не исчерпывает вопрос доверия. Его устойчивость во многом будет зависеть от того, насколько последовательно партии после выборов будут выполнять заявленные обязательства, сохранять открытость и поддерживать обратную связь с обществом. ▪️Завершающий блок был посвящен развитию политической активности после окончания избирательной кампании. Эксперты обсудили две позиции: должен ли новый Курултай стать основным пространством партийной дискуссии или публичный диалог политических сил с обществом должен постоянно продолжаться и за пределами представительного органа. 🔗https://kisi.kz/ru/ot-konkurenchii-programm-k-konkurenchii-reshenij-eksperty-obsudili-partijnuju-kampaniju-sajlau-2026/
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
📃 Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады 13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін күрес» атты сараптамалық платформа өтті. Талқылаудың негізгі өзегіне саяси партиялардың идеологиялық ұстанымдары, сайлауалды бағдарламаларының мазмұны және сайлаушылардың қолдауына ие болу жолындағы бәсекелестіктің сипаты арқау болды. Қатысушылар саяси күштердің бағдарламалары сайлаушыларға мазмұнды балама ұсына ала ма, қоғамның қазіргі сұраныстары ел дамуының ұзақ мерзімді міндеттерімен қаншалықты үйлеседі, сондай-ақ сайлау науқаны аяқталғаннан кейін партиялардың азаматтармен диалогы қандай болуы керектігін талқылады. Сараптамалық платформаның модераторы ретінде ҚР Президенті жанындағы КСЗИ директоры Жандос Шаймарданов жүргізді. Пікірталасқа КСЗИ өкілдерімен қатар, жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының, талдау орталықтарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, саясаттанушылар, сарапшылар және медиа саласының өкілдері қатысты. ▪️Платформаның ерекшелігі – қарама-қарсы сараптамалық ұстанымдар негізінде құрылған пікірталас форматы болды. Қатысушыларға бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарасқа қатысты өз ұстанымын анықтау ұсынылды. Осыдан кейін әр позицияны ұстанған қатысушылар өз таңдауларын дәйектермен негіздеді. Мұндай тәсіл сарапшылар қауымдастығында қалыптасқан бағалауларды айқындап қана қоймай, партиялық бәсекелестіктің дамуына қатысты әртүрлі көзқарастардың астарындағы уәждерді ашуға мүмкіндік берді. Пікірталастың алғашқы блогы сайлауалды бағдарламалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына арналды. Қатысушылар партиялардың стратегиялық мақсаттарының ұқсас болуы ел дамуының негізгі бағыттары бойынша қоғамдық консенсустың қалыптасқанын білдіре ме, әлде мазмұнды саяси баламалардың жеткіліксіздігін көрсетеді ме деген мәселені талқылады. ▪️Сарапшылар стратегиялық мақсаттардың ортақтығы саяси бәсекелестікті жоққа шығармайтынын атап өтті. Саналы электоралдық таңдау жасау үшін партиялардың басымдықтарындағы, ұсыныстарды іске асыру тетіктеріндегі, мерзімдеріндегі, қажетті ресурстар мен мәлімделген нәтижелерге қол жеткізуге жауапкершілік мәселелеріндегі айырмашылықтарды қаншалықты нақты көрсете алатыны шешуші мәнге ие. Партиялық бағдарламалардың уақыттық көкжиегіне қатысты да жеке пікірталас өрбіді. Қатысушылар саяси күштер ең алдымен азаматтардың аса өзекті сұраныстарына жауап беруі керек пе, әлде бір электоралдық цикл шеңберінен шығатын ұзақ мерзімді сын-қатерлерге назар аударуы қажет пе деген мәселені қарастырды. Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар сапалы саяси бағдарлама екі тәсілді де ұштастыруы қажет екенін атап өтті. Қоғамның бүгінгі қажеттіліктеріне жауап беру ел дамуының стратегиялық пайымымен қатар жүруге тиіс. Ал ұсынылатын шешімдер оларды іске асыру тетіктері, қажетті ресурстар және ықтимал тәуекелдер жөнінде түсінікті әрі нақты түсіндірмелермен сүйемелденуі керек. ▪️Тағы бір талқыланған тақырып – электоралдық белсенділік пен саяси сенімнің арақатынасы болды. Қатысушылар әлеуметтанулық зерттеулердің деректеріне сүйенді. Оларға сәйкес, респонденттердің 70,3%-дан 75,6%-ға дейінгі бөлігі алдағы дауыс беруге қатысуға дайын екенін мәлімдеген, ал азаматтардың оннан тоғызына жуығы сайлау туралы қандай да бір деңгейде хабардар. 🔗https://kisi.kz/bagdarlamalar-basekesinen-sheshimder-basekesine-sarapshylar-sajlau-2026-partiyalyk-naukanyn-talkylady/
«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» эксперттік платформасында «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры Нұрболат Нышанбаев теледебаттардың азаматтардың саяси белсенділігін арттырудағы маңызына назар аударды. Оның пікірінше, дебаттар әсіресе жастардың саяси сауаттылығы мен қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Қазақстан халқының елеулі бөлігін жастар құрайтынын ескерсек, олардың саяси әлеуетін дамыту және елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын күшейту маңызды.
🔸«Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» эксперттік платформасында «Тұран» университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры Нұрболат Нышанбаев қазіргі сайлау науқанының басты ерекшеліктерінің бірі ретінде теледебаттарды атап өтті. Оның айтуынша, дебаттарда адами капитал, білім мен ғылым сияқты қоғам үшін маңызды мәселелер көтеріліп, олар тек телевизиялық аудиторияны ғана емес, цифрлық платформаларды да қамтыды. Алдыңғы қатарға партиялардың өзі емес, құндылықтар мен нақты шешімдер шықты. Үш теледебат барысында бэкграунды мықты, өз позициясын сенімді жеткізе алатын және екі тілде еркін сөйлейтін жаңа пікір көшбасшылары да көрінді.