- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 2
- Всего постов
- 21
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 13 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 60
- 1/48двое суток
- 68
- 1/72трое суток
- 74
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Казахи и свинина Источники 19 века сообщают, что казахи охотились на кабанов и ели и продавали их мясо. Казахи верили, что если очистить тушу кабана водой и называть его "қара киік", то мясо кабана можно употреблять в пищу. Употребление свинины в пищу прекратилось под религиозным влиянием сартов и татар. Алексей Лёвшин. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей (Ч. 3). 1832 Владимир фон Герн. Зоографические заметки по Акмолинскому уезду. 1891
Ми өз шындығының бір бөлігін ғана көрсетеді. 🧠⭐ Сен көріп, естіп және сезіп тұрған әлем — миың жасаған модель. 🌍🔍 Мысалы, көздің өзі барлық электромагниттік сәулені көрмейді. Біз электромагниттік спектрдің өте кішкентай бөлігін ғана қабылдаймыз. 🌈 Радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген, гамма сәулелерінің басым бөлігін тікелей сезе алмаймыз. 🛰❌ Яғни, айналамыздағы физикалық тұрғыдан бар нәрселердің басым бөлігі біздің субъективті тәжірибемізде мүлдем жоқ. 🌀🤔
💡 Орыс тіліндегі қызық факт «Мне нравится» мен «я люблю» — екеуі бірдей емес 👀 ❤️ Я люблю кофе — Мен кофені жақсы көремін. ☕ Мне нравится кофе — Маған кофе ұнайды. Ал «мне нравится» тек ұнату мағынасында емес, адамның сырт келбетіне де айтылады: Мне нравится этот парень — Маған бұл жігіт ұнайды. 👀😂
ДАРВИН БОЛЖАП КЕТКЕН ЖЫРТҚЫШ ТАСЖАРҒАН ТАБЫЛДЫ Чарльз Дарвин сонау 1875 жылы тасжарғандардың (Saxifrága) кейбір түрлері жыртқыш болуы мүмкін деген болжам айтқан еді, бірақ мұны дәлелдей алмаған. Жақында халықаралық ғалымдар тобы осы туысқа жататын Saxifraga candelabrum өсімдігінің жәндіктерді аулап, қорек ететінін дәлелдеді. Қытайдың оңтүстік-батысындағы таулардан табылған өсімдіктің ғылыми атауы Saxifraga candelabrum, ол 2000-нан астам түрді қамтитын үлкен ботаникалық топқа — Saxifragales отрядына кіреді. Осы зерттеуге дейін бұл отрядтың бірде-бір түрі жыртқыш саналмайтын. Saxifraga candelabrum ғалымдар ресми түрде етқоректі деп таныған ең алғашқы түр атанды. Өсімдік Цинхай-Тибет таулы қыратының және Хэндуань тауларының қоректік заттарға кедей жартастарында, теңіз деңгейінен 2500-ден 3300 метрге дейінгі биіктікте өседі. Өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын жабысқақ қызғылт безді түктер жапқан, ол ұсақ жәндіктерді осы түктерінің көмегімен аулайды. Табиғаттанушы Чарльз Дарвин 1875 жылы-ақ тасжарғанның еуропалық екі түрі жыртқыш болуы мүмкін деп болжаған. Ол олардың бойындағы жабысқақ түктерді және сол түктерге анда-санда түсіп қалатын жәндіктерді байқаған, бірақ өз гипотезасын эксперимент түрінде дәлелдей алмаған еді. Saxifraga candelabrum Дарвин зерттеген өсімдіктердің жақын туысы, және оның жәндіктерді қармайтын дәл сондай түктері бар. Куньмин ботаника институтының профессоры Xin-Jian Zhang өз тобының бұл өсімдікпен көптеген тест жүргізгенін және нәтижесінде оның шынымен де жәндіктермен қоректенетінін дәлелдегенін атап өтті. Бұл Дарвин гипотезасының дұрыстығын дәлелдейді әрі ағылшын табиғаттанушысының ғылыми пайымдауларының дәлдігін тағы бір мәрте айқындай түседі. Жәндіктерді аулаудың өз тәуекелі бар: жыртқыш өсімдіктер өздерінің көбеюіне қажет тозаңдандырушы жәндіктерді тұзаққа түсіріп алуы мүмкін ғой. Xin-Jian Zhang бұл өсімдіктің гүлін негізінен шыбын сияқты ірі жәндіктер тозаңдандыратынын айтты, ал оларға жабысқақ түктерден босап шығу оңай. Тұзаққа әлдеқайда ұсақ жәндіктер ғана түседі, сөйтіп тасжарған өз тозаңдандырушыларына зиян тигізбестен қосымша қоректік заттарға ие болады. Кескін: Nature Communications #биодерек #ғылымижаңалық
Кескін: Nature Communications
speak of the devil — ешекті айтсан құлағы көрінеді
мурашки по коже - денем түршігіп кетті мурашки пробежали по спине - арқам шымырлап кетті мурашки по голове - төбе шашым тік тұрды мурашки по затылку - желкем шымырлап кетті
«мурашки» дегеніміз: қорқыныштан, толқудан, суықтан немесе күшті эмоциядан денеде пайда болатын ерекше түршігу сезім, бұл терідегі ұсақ бұдырлардың шығуымен сипатталады. яғни бұл сөз екі нәрсені қатар білдіреді: сезімді (денеңмен бір нәрсе жүгіріп өткендей әсер). физикалық белгіні (терідегі ұсақ төмпешіктер)
Финал ЧМ по футболу x «Интерстеллар».
YouTube-та астрономия жайлы қазақша не бар? Осы сұрақпен іздеу жасап көріп едім. Өкінішке орай, шынайы әрі терең ғылыми ақпарат өте аз екен. Бірнеше әуесқой (любительский) каналдар шықты, бірақ олардың көбі шетелдік видеолардың аудармасы немесе мектеп оқушысына түсіндіру деңгейінде ғана. Сондықтан, нағыз ғылымға қызығатындар үшін еліміздің кәсіби астрономдары мен астрофизиктері қатысқан қазақ тіліндегі сапалы подкасттар мен телебағдарламалардың тізімін арнайы жинап шықтым. Сақтап алыңыздар! 🔴 Айға қайта ұшу, өзге тіршілік және ғарыш құпиялары | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=hqrX5-eXcyQ 🔴 Марсты колония қылуға болады | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев | Bizdin Podcast №1 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=a1Bo6nN7ttE 🔴 Жұлдыздар шоғыры, ғарыш туризмі және қазақ дүниетанымы | Мухағали Қаламбай | №17 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=Ids92e3vod4 🔴 Ғалам туралы ғылым. Астрономия қызықтары | «Labs kz» | El Arna 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=4GU3UM-X6Lc 🔴 «Аспан әлемі: астрофизика» (21.09.2024) 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=ryJiudLPdmM 🔴 САНА. Марс зерттеулері 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=JE6xJBalRIQ 🔴 «САНА». Жерден тыс тіршілік: Голдилокс аймағы 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=eimuU02RRSA 🔴 САНА. Астрономия және астрология 🔗 https://www.youtube.com/watch?v=qGOa7bMS0zA Мен әзірге өзім білетіндерімді ғана теріп шықтым. Егер сіздер білетін басқа да сапалы, нағыз мамандар қатысқан қазақша видеолар немесе каналдар бар болса, міндетті түрде пікірде бөлісіңіздер!
ғылымның жемісі көрінеді, процесі көрінбейді. адам: смартфонды көреді, интернетті қолданады, GPS-пен жүреді, бірақ артында: мыңдаған failed experiment, ондаған жылдық математика, физика, инженерия жатқанын сезбейді. сондықтан ғылым кейде өз табысының құрбаны болады: технология кәдімгі нәрсеге айналған сайын, адамдар оның қаншалықты ғажап екенін ұмытады. бірақ соған қарамастан, адамзаттың ең күшті "суперқабілеті" осы болуы мүмкін: бір адам бір идея ойлап табады, кейін ол білім ұрпақтан ұрпаққа жинала береді. құмырсқа илеу жасайды, ара ұя жасайды. ал адам: кванттық теория, телескоп, ДНҚ секвенциясы, ғарыш аппаратын жасайды. #шәтжіпіті@uoytui
Ядерная физика в Казахстане - это, по сути, пустая специальность. К сожалению, это факт: большинство из них не работают по своей специализации. У нас в этой сфере нет нормальной инфраструктуры, чтобы она в принципе могла развиваться. Во-первых, многие получают диплом просто ради корочки. Во-вторых, в магистратуру многие поступают только ради стипендии. У многих на самом деле нет особого желания реально заниматься наукой, гореть этим, глубоко интересоваться своей областью. Такое у нас встречается очень редко. А если такие люди и есть, то чаще всего они уезжают за границу. В итоге остаётся очень малое количество действительно заинтересованных специалистов. Но маленькое число людей не может массово двигать науку вперёд. В этом, конечно, есть системная проблема(Основная я бы сказала), но и сами люди в этой сфере у нас, к сожалению, часто такие. И вы, наверное, думаете, что такие студенты, которые просто получили диплом, это редкость. Но на самом деле все наоборот. Такие большинство. Биологов с корочкой, которые не верят в эволюцию в Казахстане, больше, чем биологов, которые могут нормально объяснить, что такое эволюция.
Правда ли, что мгновенной смерти НЕ существует? В новом выпуске — разговор с Эдуардом Викторовичем Тумановым, судебно-медицинским экспертом, кандидатом медицинских наук и доцентом кафедры судебной медицины РНИМУ им. Н. И. Пирогова. В выпуске: — Сколько времени человек может оставаться жив после смертельного ранения? — Когда действительно возможна мгновенная смерть? — Правда ли, что после «смерти» органы ещё живы? — Какая смерть являтеся самой мучительной? — Как судмедэксперты определяют прижизненные утопления? — Что происходит с человеком в условиях ядерной катастрофы? Разговор о физиологии умирания, границах жизни и распространённых заблуждениях — в новом выпуске подкаста. https://youtu.be/7YLLXkHrrUM https://youtu.be/7YLLXkHrrUM https://youtu.be/7YLLXkHrrUM
Бас қосып киргизский интеллигент, Біздерге халықтың қамын ойлау міндет. Культура деген сөзді не практике, Етпейміз не себепті осуществлять? Милләтлар дивилизованный озып кетті Оянбай енді жату не следует. Ұйқысы ғафилдіктің басып кетті Қазақты ояталық етіп һүммәт. – Міржақып Дулатұлы
📌 Косвенная речь Косвенная речь – біреудің сөзін тура қайталамай, мағынасын жеткізу. 🔹 Прямая речь: Она сказала: «Я устала». 🔹 Косвенная речь: Она сказала, что устала. **" 📌 Косвенная речь қалай жасалады? 1️⃣ Тырнақшаны алып тастаймыз. 2️⃣ Шылау (союз) қосамыз: что / чтобы / если. 3️⃣ Кей жағдайда етістіктің формасын өзгертеміз. Мысалы: Он сказал: «Я приду завтра». Он сказал, что придёт на следующий день.
Орангутан синдромы Егер біреу сізді жойғысы келсе, онда ең алдымен мәдениеттен бастар еді. Мына бір көріністі елестетейік: бір ақымақ орангутан өзенде қайықпен қолына ескек алып жүзіп бара жатыр, бірақ ол өзі ешқашан ондай құрылғы ойлап таба алмайды… Қызық осы жерде. Мен қазір жұмыстан үйге көлікпен қайтып бара жатырмын, сондай ақ менде білмеймін көліктің қалай жасалатынын. Ағаш суға төзімді болуы керек, бірақ қандай ағаш түрлері сәйкес келетінін білмеймін. Эпоксидті желім керек, бірақ оның қалай жасалатынын да, оны немен алмастыруға болатынын да түсінбеймін. Каноэның (әлгі маймыл жүзіп бара жатқан қайықты солай атайды) аударылып кетуі неге байланысты оны да білмеймін. Герметиканы қалай қамтамасыз ету керек ол да түсініксіз. Тіпті қарапайым сызба жасау үшін де бірнеше күн тынымсыз еңбек етуім керек болар еді, оның өзінде қолымда барлық сызу құралдары мен өлшеу жабдықтары болған жағдайда. Соған қарамастан, орташа адам бұл жануардан әлдеқайда ақылды ғой! Дәл осы қасиет бізге ғарышқа ұшуға мүмкіндік берді… Бірақ мен өзім ғарышқа ұша аламын ба? Жоқ. Тіпті жақындай да алмаймын. Мен жалғыз өзім көрші қалаға да жете алмаймын. Зымыранмен ұшу үшін маған адамзаттың мыңдаған жыл бойы жинаған білімі мен тәжірибесі керек ол білім қарқынды оқыту арқылы бойға сіңіріліп, оған қоса планетаның жартысының ресурстары және ондаған жылдық сынақтар қажет. Шынын айтқанда, мен қазір сізге осы мәтінді жазып отырған пернетақтаның қалай жұмыс істейтінін орангутаннан артық түсінемін деп айту қиын. Мен оны қолданамын, бірақ бұл менің жеке еңбегім емес. Ашығын айтсақ, біз сол орангутанға қатты ұқсаймыз. Егер орташа адамды өткен заманға жіберсе, қиялдағыдай ол ата-бабаларының өмірін жақсартып, ұлы патша бола алмайды. Ол қарапайым шақпақты (зажигалка) қалай жасау керектігін де білмейді. Мүмкін, Платон осы мәтінді оқып отырған кез келген адамнан әлдеқайда ақылды болған шығар. Бірақ бүгінгі қарапайым мектеп оқушысы күнделікті өмірде Аристотельдің «метафизикасының» нәтижелерін пайдаланып жүр және ол әлдеқайда көп біледі. Ол мұның бәрін түсіндіріп бере ала ма? Жоқ. Маңыздысы сол оқушы өсіп, өзінің шектеулі болса да үлесін ортақ мәдени капиталға қосып, оны келесі буынға жеткізуі. Ықтималдық теориясы, тайм-менеджмент, экономика, мәдениет тарихы, философия, тіпті тез ұйықтап кету туралы нұсқаулықтардың өзі мұның бәрі бізге мәдениет арқылы автоматты түрде берілген. Бізді Аристотельден де, өзенде ескек ұстап отырған орангутаннан да ажырататын осы. Қазіргі адам ата-бабаларынан ақылды емес. Ол тек мәдениеттің тасымалдаушысы ғана. Ал мәдениет өте нәзік нәрсе. Бүгін бізде бардың бәрі жақсысы да, жаманы да жүз жыл бұрын өмір сүрген адамдардың мәдениетінің нәтижесі. Ал біздің мәдениетіміз болашақ ұрпаққа не береді? Және сіз соған қандай үлес қосасыз? P.S. Бұл жылға және өмірге қойылатын мақсаттар туралы ойлануға себеп.
мына аудармаларға нейрожелілердің кремний жүрегі дән риза. қыздарды объективациялау, постирония бар🧠 🤓😉👋 антиматерия — тисең - бәрін жоқ қылатын қыздар🫥 энергия — күйіңе қарай әсер ететін қыздар☄️ гравитация — бірдеңесі тартып тұратын қыздар🧲 оптика — көрінгендей емес болып шығатын қыздар🟢 сингулярность — қадалған жерден қан алатын қыздар🏀 чёрная дыра — ішіне кірсең, шыға алмайтын однолюб қыздар🕳️ теория относительности — әркімге әртүрлі қарайтын қыздар⚛️ инфляция — қызыл дипломы, phd бар қыздар🗺 мутация — жақын қарым-қатынастан кейін басқа адамға айналып кететін қыздар🧬
📌 Уақытты білдіретін сөздер: 🕒 сегодня — бүгін 🕒 вчера — кеше 🕒 завтра — ертең 🕒 сейчас — қазір 🕒 потом — кейін 🕒 скоро — жақында/жуықта Мысалы: — Сегодня хорошая погода. — Бүгін ауа райы жақсы. — Я сделаю это потом. — Мен мұны кейін істеймін. 📌 Күнделікті қолданылатын сөздер: всегда — әрқашан иногда — кейде часто — жиі редко — сирек никогда — ешқашан Мысалы: — Я часто слушаю музыку. — Мен жиі музыка тыңдаймын. — Он никогда не опаздывает. — Ол ешқашан кешікпейді.
Соғыс логикасы түбегейлі өзгерді Экономист Chukin A (қазақшаға аударылған нұсқа) Бұрыннан бері бейресми қағида болған: билеуші билеушіге тікелей шабуыл жасамайды. Әскерлер соғысады, ал басшылар тікелей нысана болмайтын. Қазір бұл дәстүр бұзылды. Соғыс жаппай бомбалаудан емес, басшылықты алғашқы минуттарда жоюдан басталатын кезеңге өтті. Мәселе мынада: қатаң бір орталыққа бағынатын режимдер (әскери немесе авторитарлық) құрылымдық тұрғыдан әлсіз келеді. Онда билікті бірден қабылдай алатын тең деңгейлі «қосалқы көшбасшылар» болмайды. Барлық басқару мен шешім қабылдау бір адамның қолында шоғырланады. Сол тіректі алып тастасаңыз – жүйе құлайды. Бірнешеуін қатар алып тастасаңыз – оны қайта құру өте қиын. Соңғы жылдары мұндайды 🇻🇪Венесуэлада көрдік: бір тараптың көшбасшысы әскери тікұшақпен елден әкетіліп, басқа ел сотына жеткізілді. Қазір санкциялар біртіндеп алынып, саяси тұтқындар босатылып, АҚШ ынтымақтастыққа шақырып отыр. Бұрынғы көшбасшы туралы ешкім айтпайды. Ал Chevron болса мұнай өндірісіне кірісіп кетті. Демек, бұлай да жасауға болады екен. Соғыс мақсаттарының өзі де өзгерді. Ежелде басты құндылық – жер еді: онда халықты орналастырып, өнім өндіруге болатын. Қазіргі заманда жер мен ресурстардың мәні төмендеді. Жоғары технологиялы елді басып алу экономикалық тұрғыдан тиімсіз – тек қираған инфрақұрылым мен шығын ғана аласыз. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақтығыстар көбіне идеологиялық сипатта болды. Кейін бұл «режимдерді өзгерту» тәжірибесіне ұласты. Бірақ бұл тәсіл де тиімсіз екені белгілі болды: сырттан қойылған билік көбіне жағдайды нашарлатады. Қазіргі прагматикалық логика басқаша: араласпау, ал егер бір көшбасшы түбегейлі кедергі болса – оны нысаналы түрде алып тастап, жүйеге өз болашағын өзі шешуге мүмкіндік беру. Бұл – әлемдік саяси экономиканың мүлде жаңа кезеңі. Қызық әрі күрделі уақыт басталды.
Айырмашылығы не? 🤍 скучно 🆚 скучный 💥 Мне скучно. (состояние) “Как?” деген сұраққа жауап береді, сөз табы – наречие. 🤜 Фильм скучный. (характеристика) “Какой?” деген сұраққа жауап береді, сөз табы – имя прилагательное.