Usbanov ARNASY
СтатистикаАрнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі. https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 43
- Всего постов
- 43
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Экономика
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 893
- 1/48двое суток
- 1 023
- 1/72трое суток
- 1 103
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
“Ажал деген біреуге ерте, біреуге кеш” деген... Бекжан ағайдың да ұлылар кеткен көне көштің соңынан аттанып кеткенін естіп, көңіліміз құлазып отыр… Ағайдың ет-жақындарына, туған-туыстарына көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын…
АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС ТА МАҢЫЗДЫ - СОҒЫС! Соғыста қару ғана емес, қорқыныш пен үрей де қаруға айналады. Томас Шеллингтің қақтығыс стратегиясына қатысты ойы осыған келіп тіреледі: “Қарсыласын қорқытып, шешім қабылдатудың ең тиімді жолы — оны қауіптің өзінен бұрын сол қауіптің салдарына сендіру”, - дейді. Демек, алдағы кезеңде Украина үшін әуе қорғанысы қаншалықты маңызды болса, ақпараттық иммунитет те соншалықты маңызды болады. Өйткені бір ақпарат — бір дивизияны жойып тастамаса да, мыңдаған адамның қорқынышын күшейтіп, қоғамның ерік-жігерін әлсірете алады. Міне, сондықтан соғыстың келесі кезеңіндегі басты шайқас тек аспанда емес, адамның санасында да жүрмек. Бұны жазып жатудың себебі - бүгін Ресей мен Украинаның Қорғаныс министрліктері әлеуметтік желіде айқас жасады. Әуелі Ресей тарабы: “Көресіні қыста көресіңдер”, - деген ауанда жазба жариядап, “Шахед” дрондарының суретін жариялаған. Бұған жауап көп күттірмеді. Украина Қорғаныс министрлігі: “Отпен ойнама”, - дегенге келтіріп жазып, өртенген Ресей МӨЗ-дерінің суретін жариялады… Осылай. Соғыс тек ұрыс даласында емес, барлық алаңда жүріп жатыр…
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
🔥Тверь облысында дрондар Wildberries қоймасына шабуыл жасады… Губернатордың айтуынша, соққы салдарынан қойманың қабырғасы зақымданып, түтін шыққан.
🔥Рим маңындағы “KNDS Ammo Italy” оқ-дәрі зауытында жарылыс болды…
Дрондар шабуылынан кейін Орскідегі МӨЗ толығымен жұмысын тоқтатті: Жөндеу жұмыстары жарты жылға дейін созылуы мүмкін...
Украина бір ай ішінде екінші рет «Газпромның» Башқұртстандағы ең ірі МӨЗ-іне шабуыл жасады! 13 тамыз күні таңертең украиналық дрондар Башқұртстандағы Салават қаласына шабуыл жасады, деп хабарлады республика басшысы Радий Хабиров. Exilenova+ және Supernova сияқты украиналық мониторинг арналарының мәліметінше, «Газпромнефтехим Салават» мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) соққыға ұшыраған. Салаваттағы зауыт — «Газпромның» ең ірі мұнай-химия кәсіпорны. Ол жылына 7,5 млн тонна мұнай өңдеуге қауқарлы (бұл Ресейдегі жалпы өңдеу көлемінің шамамен 2,7%-ы). МӨЗ бензин, дизель отынын, керосин, сұйытылған газ, бутил спирттерін, аммиак, карбамид және басқа да өнімдерді шығарады. Бұған дейін украиналық дрондар МӨЗ-ге 14 шілдеде шабуыл жасаған болатын. Reuters мәліметінше, сол шабуылдың салдарынан зауытта басты өңдеуші екі қондырғы (АВТ-6 және АВТ-4) зақымдалған. Нәтижесінде кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. Тамыз айының басынан бері Украина дрондары кем дегенде 4 МӨЗ-ге дөп соққы жасаған. Атап айтқанда: Орынбор облысындағы «Орскнефтеоргсинтез», Түмендегі «Запсибнефтехим», сондай-ақ Саратов және Волгоград мұнай зауыттары істен шықты. Украина Қарулы Күштері 2026 жылдың басынан бастап ресейлік МӨЗ-дерге соққыларды күшейтті. S&P Global талдауына сәйкес, бұл шабуылдар кем дегенде 26 кәсіпорынның жұмысын тұралатып, олардың 7-еуі шілде айының соңына дейін іске қосыла алмаған. EA Analytics бағалауынша - МӨЗ-дерге жасалған тұрақты соққылардың салдарынан Ресейдегі мұнай өңдеу көлемі 2002 жылдың мамырынан бергі ең төменгі деңгейге — тәулігіне 3,6 млн баррельге дейін төмендеген. Бұл Ресейде жанамай дағдарысына әкеп соқтырды.
видео или голосовое, без подписи
Дунайдың суының тартылуына байланысты Румыния «Чернаводэ» АЭС-інің жұмысын тоқтатты! Мұндай жағдай соңғы 23 жылда алғаш рет орын алып отыр. Өзендегі су реакторларды қалыпты түрде салқындатуға жеткіліксіз болып қалды. Румыния қазір Украинадан электр энергиясын импорттауды бастап кетті.
Елбұзар ресейлік стример Қазақстаннан қуылды... Әлеуметтік желідегі мәлімдемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған ресейлік стример Қазақстаннан кетті. Оған елге кіруге бес жылға шектеу қойылды. Астана қаласы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында шетел азаматын депортация жасау кезінде түсірілген видео жарияланды. Бұған дейін сот оны әлеуметтік желідегі арандатушылық және әдепке жатпайтын пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан еді. Оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды.
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
видео или голосовое, без подписи
Оккупациядағы Севастопольде қашықтықтан басқарылатын жарылғыш зат іске қосылып, ер адам қаза тапты. Ақпарат көздері шабуыл Ресей Теңіз күштерінің офицері, сүңгуір қайық капитаны Роберт Шагаевқа жасалған дейді. Шагаев 2014 жылы Украинаны сатып, Ресей тарапына өтіп кеткен еді.
‼Алаш рухының алтын көпірі ▪Күні кеше Алаштың аймаңдай ұлы Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдығына орай «Барыс» ордені берілді! ⬇Толық: https://abai.kz/post/221115
‼Украина билігі тарапынан ұрысты уақытша тоқтата тұрып, келіссөздерді бастау туралы ұсыныс бірнеше кезек айтылғанымен, Ресей президенті Владимир Путиннің өзі бас болып, бітімнен үзілді-кесілді бас тартқанын естідік, көрдік. ▪РЕСЕЙ БИЛІГІ МЫҢДАҒАН АДАМДЫ СОҒЫСТА ҚҰРБАН ЕТУГЕ ДАЙЫН! ▪РЕСЕЙДІҢ АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША? ▪ПУТИННІҢ АМБИЦИЯСЫ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ? ⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8746
🔥Соғыс суреттері: Мариуполь-Жанкой жолы. Жуырда ғана түсірілген кадрлер…
Алақан жаю… Ресейге Үндістаннан бензиннің алғашқы партиясы жеткізілді… Отынның бір бөлігі «көлеңкелі флоттың» санкцияға ұшыраған танкерлерімен тасымалданды. 42 мың тонна бензинді жеткізуді «Роснефть» компаниясы иелерінің бірі болып табылатын Nayara Energy жүзеге асырды.
Үшінші теледебат: Партиялар мүмкіндіктерін қалай пайдаланды? «Жібек жолы» телеарнасында өтіп жатқан үшінші саяси дебаттың үшінші кезеңінде жеті партия өз бағдарламаларын ортаға салып, сайлаушының алдында саяси ұстанымдарын ашық көрсетті. Бұл жолғы пікірталаста «Ақ жол» демократиялық партиясынан Ермек Абилдин мен Бесмұхамед Шаукебаев, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиядан Нұрайдаш Камалова мен Лариса Лей, «Әділет» партиясынан Мәди Мырзағараев пен Айжан Аймағанова, Қазақстан халықтық партиясынан Жаандос Педайбеков пен Ирина Смирнова, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Ерболат Саурықов пен Жанера Сұлтанқұлова, «Байтақ» жасылдар партиясынан Алмат Тұртайев пен Амалбек Өміртай, Respublica партиясынан Динара Шөкежанова мен Олжас Куспеков қатысты. Дебаттың басты мақсаты – пікірталас. Бірақ оның шын мәні – кімнің сөзі халықтың мәселесіне дәл тиеді, кім нақты шешім ұсына алады дегенде. Осы тұрғыдан алғанда, үшінші кезеңде кей партияның сөзі ұран деңгейінде қалса, кейбірінің айтқаны нақты саясатқа ұласты. Ал «Әділет» партиясы болса, басты екпінді сот пен заңның бәріне бірдей жұмыс істеуіне қойды. Мәди Мырзағараев пен Айжан Аймағанованың сөздеріндегі ең өткір тұстардың бірі – соттың әлсізге де, күштіге де бірдей болуы керектігі. «Сот әлсізге келгенде батыр, ал күштіге келгенде дәрменсіз болмауы керек». Партияның тағы бір назар аудартқан ұстанымы – құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі мен азамат қауіпсіздігі. «У нас нет своих и чужих — есть закон». Яғни лауазым да, ақша да, байланыс та заңнан жоғары тұрмауы керек деген позиция анық айтылды. Үшінші кезеңде «Ақ жол» заң үстемдігі мен тең мүмкіндікті нақты мысалдармен байланыстырып, «Әділет» сот әділдігі мен қауіпсіздікке басымдық берсе, «Ауыл» ауыл мен қала арасындағы алшақтықты ашық көрсетті. Сайлаушы үшін енді мәселе – кімнің дауысы қатты шыққанында емес. Кімнің сөзі нақты мәселеге тиіп, кімнің ұсынысының артында нақты механизм тұр? Өйткені саясатта жақсы естілетін сөз көп. Ал халыққа керегі – жақсы естілетін сөз емес, жұмыс істейтін шешім.