«Жазарман»
СтатистикаƏр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай. -----------------------
- Последний пост
- 23 февр.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- узбекский
- Категория
- Религия (по похожим)
- В каталоге с
- 15 авг.
- 1/24сутки в ленте
- —
- 1/48двое суток
- —
- 1/72трое суток
- —
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Рамазан басталғанда жүрек ерекше күй кешеді. Алғашқы күндері құлшыныс жоғары болады. Намазға асығамыз, Құранды көбірек оқимыз, дұғамыз көбейеді. Жүрек жұмсарып, рухани серпіліс сезіледі. Бірақ айдың уже бірінші аптасы өтіп-ақ кейбіріміз әлсірей бастаймыз. Шаршау жиналады. Ұйқы азаяды. Көңілдегі алғашқы жалын бәсеңдейді. Бұл - табиғи нәрсе. Себебі алғашқы күндері бізді эмоция жетелейді. Ал ортасына келгенде сабыр мен тұрақтылық сыналады. Дәл осы кезең - шынайы ықыластың өлшемі. Құлшылықты тек сезімге байлап қоюға болмайды. Көзге жас келмесе де, жүрек ерекше толқымаса да, амал жалғаса беруі керек. Өйткені ықылас - эмоция емес, таңдау. Рамазанның ортасы - берілетін емес, бекитін уақыт. Егер әлсірегеніңді байқасаң, өзіңді кінәлама. Ниетті жаңарт. «Мен не үшін, кім үшін бастаған едім?» деген сұрақты өзіңе қой. Кім білсін, мүмкін дәл осы шаршаған сәтте жасалған бір ғана шынайы дұға - ең ауыр тартатын амал болар? Раббымыз рамазанды берекелі етсін!
Миғраж түні — жүрек пен рухтың сөйлесетін түні. Бұл түнде аспан жақындайды, ал дұға тек ауыздан емес, жүректен көтеріледі. Пайғамбарымыз ﷺ ең ауыр кезеңде Аллаға ең жақын болған түн — бізге де үміт сыйлайтын түн. Өмір сені төменге қарай лақтырса да, қиындық қаншалықты ауыр болса да - көтерілу бар екенін еске салатын түн. Жерден көкке дейінгі жол — сабырмен, сеніммен өтетін жол. Бұл түні айтылған дұға сыбыр болса да естіледі. Көз жасың үнсіз ақса да, қадірлі. Себебі Алла жүректің ішін біледі. Айта алмағаныңды сезімің арқылы қабыл етеді. Миғраж түні бізге бір шындықты үйретеді: құлшылық міндет қана емес, жанның тынысы. Намаз жүк емес, жүрекке демалыс. Осы түнде жүрегіңді ауыртқанның бәрін Аллаға тапсыр. Кешірім сұра. Тәубе ет. Үміт үзбе. Себебі Миғраж — көтерілу түні. Ал әрбір шынайы жүрек үшін көтерілу бар.
Махаббат туралы айтылған сөздердің ішіндегі ең әдемісі құранның осы бір аятында керемет келтіріледі: "Ибраһим пайғамбар: "Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып қалуыңнан қорқамын.”, деді. Мариям 45-аят. Хақиқи махаббат сүйген кісіңнің тозаққа түсуінен жүрексініп, ол үшін қайғыруың. Ұмытпа, ақыреттегі жағдайыңа қайғырмайтын адам сені расымен де жақсы көреді дегенге үлкен бір күмән бар.
Имам Ибн Қайим айтады: "Өмір – бұл жүрекке Алланың нұры түскенде ғана шынайы басталады." Уақыт — шексіз емес. Күн сайын раббыңа бір қадам жақындау мүмкіндігі. Өмірдің мәні – өткінші дүниеге байланып қалмай, мәңгілік өмірге азық жинауда. Күндердің сұлтаны – Тәубе еткен күнің. Тәубе ет, қабыл болады. Жолыңды, өзіңді түзет. Әлі де кеш емес.
Гүл деген не сенің? Үш-төрт тікен, сәл жапырақ, Не бұл сен сүйген өмір? Үш-төрт тыныс, соң топырақ. Жәлелддин Руми
"Дүние — қонақ үй, ал сен — жолаушысың." (Бахауддин Нақшбанди, Алла оған разы болсын) өмір – біз үшін мәңгілік мекен емес, уақытша қонақ үй сияқты. Қонақ үйге келген адам барлық затты өзінікі қылуға тырыспайды, өйткені ертең ол кетеді. Сол сияқты, бұл дүниеге тым қатты байлану — бос әурешілік. Сопы ғалымдар айтады: «Ештеңе мәңгі емес: байлық, атақ, тіпті денсаулық та. Тек жасаған жақсылығың, алған сауап пен жүректің тазалығы ғана "мәңгілік жолға" ілеседі.» Дүние саған берілген уақытша мүмкіндік екенін ұмытпа. Қонақ үйдегі адамдай, өмірдегі әр сәтті бағала. Сен қонақ үйден кеткенде, тек із қалдырасың. Ал ол іздің жақсы не жаман болуы — өз қолыңда. Таңда өзің.
Ибн Атаиллаһ айтқан екен: «Егер бір нәрсе кешігіп келсе, уайымдама. Раббың саған оны өз уақытымен ғана береді — сенің уақытыңмен емес.» Адам кейде тағдырға асығады, арманын бүгін алғысы келеді, Көңілі қазір-ақ жұбанса дейтіні бар. Бірақ... Алла асықпайды. Алла — ең дәл мезгілді білетін Жалғыз Ие. Сен дайын болмай тұрып келген нығмет-сынаққа айналады. Сондықтан кешігу-жаман емес.Бұл - тәрбиенің бір түрі. Тағы бір хикметінде ол былай дейді: «Қаласаң да, қаламасаң да, Раббың сені Өз жолымен жүргізеді. Бақыт — сол жолға разы болуда.» Кейде өмір бұралаңға салады, кейде жүрек жылап, жан сыр береді. Бірақ сол сәттердің әрқайсысында Жаратушы сені ұмытып жатқан жоқ. Керісінше, ол сені ЖОЛҒА шақырып жатыр. Сабыр ет. Сенім арт, жүрегің жеңілдейді. Тыныштық табасың. Себебі бәрі — Алланың қалауымен.
«Білім – амалмен нұрланады. Амал – ықыласпен тіріледі. Ықылас – Алладан қорқумен күшейеді.» - имам Ғазали. Яғни, Тек оқып білу жеткіліксіз. Білгеніңмен амал етпесең, ол – жүк қана. Амал ықыласпен жасалмаса – бос әдет. Ал ықылас Алладан қорықпаса – жансыз.
Біз бұрын өзімізден материалдық жағдайы төменге қарап шүкіршілік етуіміз керек еді. Қазір байлықпен салыстырып, өз өмірімізге көңілсіз қарайтын болдық. Бұл – заман емес, бұл – бағдарымыздың өзгеруі. Иә, бұрын бір үзім нан үшін тәубе дейтін едік. Қазір көрген сторис пен reels-тегі дастарханмен салыстырамыз – өзіміздікі жұтаң көрінеді. Бұрын үстіміз бүтін болса, шүкір дейтін едік. Қазір бренд кимесек — кем сезінеміз. Бақыт – салыстырудан жоғалады. Көз үнемі өзгеде болғанда, жүрек өзінде барды байқамайды. Бізге бәрі жетіп тұрған сәтте де, бір ғана "басқадағыны" көріп — көңіліміз жетімсірейді. Ал шын шүкір — жүрек тыныштығында. Ал нағыз байлық — көз тойған жерде.
Кейде өмір жай ғана өтіп жатқандай көрінеді. Таң атса – жұмыс, кеш батса – шаршау. Біреу ренжітеді, біреу елемейді, біреу айқайлайды. Біреу мүлде жоғалып кетеді... Сонда ойлайсың "Сонда осы ма, өмір?" Ал шындық мынада: Өмір — тек өтіп жатқан күндер емес. Ол — сезім. Жақыныңа деген сағыныш, жақсы көрген тамағыңды жегендегі рахат, кешіре алмаудан туған ауырлық, үнсіз жылау, кейде — кішкентай бір күлкі. Бақыт — үлкен сәт емес, ол күнделікті ауыр ойлардың арасындағы бір жұтым тыныштық. Сезіне біл.
Кейде біз бірдеңені қалаймыз, оған жету үшін көп еңбектенеміз, бірақ ол бәрібір бізден қашады. Мұндай уақытта есте сақтау маңызды: сіздікі болған нәрсе ешқашан жоғалмайды. Құдай бәрін ең кемел түрде жоспарлаған. Құранда былай дейді: "...Бәлкім, ұнатпағандарың өздерің үшін қайырлы шығар. Бәлкім, жақсы көргендерің сендер үшін қайырсыз шығар. Алла біледі, бірақ сендер білмейсіңдер". (Бақара, 216) Сондықтан, егер бірер нәрсе кешіксе немесе жоғалып бара жатса, уайымдама. Алланың уақыты - ең кемел уақыт. Кейде өмір бізге сабырлы болуға үйрететін сынақтар береді. Бірақ ұмытпа, сенікі болған нәрсе ешқашан жоғалмайды, ол сені түбінде табады - керек кезде, керек уақытта. Солай екен, уайымға түспе, сабыр ет, тәуекел ет, алға ұмтыл.
Нық сөйлеуден аулақ болу керек. Өмір адамды ең әлсіз жерімен емес, ең күшті жерімен, ұстанымдарымен сынайды. Дәл сен ешқашан болуы мүмкін емес деп ойлап жүрген нәрселер бір күні ақиқатқа айналады...
Отбасы құру жайлы бірер сөз Тақырыпқа тоқталғанымның себебі бұл арнадағы көптеген оқырмандар өзім сияқты үйлену мен тұрмыс құру алдында тұрған жігіт-қыздар. Кеше Екінші арнамдағы аноним сұрақ-жауапта да осы мәселе ең көп талқыланды. Қыз, жігіт таңдағанда оның сұлулығы, байлығы, тегі, маңызды заттар болып есептеледі. Иә, олар қажет нәрселер, бірақ ең маңыздысы - оның діні мен дүниетанымы, сенімен рухани және эмоционалдық ұқсастығы. Дүниетанымы сенікіндей бай болмаған, қызығушылықтары басқа жігіт/қыз бен өмір сүруің, перзентті болуың, оларды тәрбиелеуің де мүмкін. Бірақ ол адам сен үшін рухани сүйеніш, сырлас, тірегің бола алады ма? Сен онымен діліңдегі барлық сөздерді бөлісе аласыңба? Сенің рухани егізің бола алады ма? Сол үшін дүниетаным өте маңызды. Байлық, мансап, оларға сәл әрекет етсе қол жеткізуге болады бірақ дүниетаным, терең ой, эмоционалдық жақындық, меніңше оңай қол жеткізер дүниелер емес. Егер ол нәрселерді жаныңдағы жан-жарыңнан таба алмасаң, табиғи түрде оны көшеден іздей бастайсың. Өйткені ол қанағаттануы қажет болған эмоционалдық процесс. Дүниетаным, ой, парасат, маңызды нәрселер. Екі жыныста да. Қалған заттарға бірге әрекет етсе жету оңай...
Күнәнің көптігі адамның рухы мен жүрегін шаршатады. Сол себепті ол Аллаға қарай жақындауға қиналады.
Егер Алла тағала дұғаларыма жауап бермей жатыр деп ойласаң, өз өміріңе бір қарап көр. Сен көре аласың, естисің, жүре аласың. Елің аман, жақындарың сау. Дұғаларыңа жауап - әрдайым сен сұраған нәрсе бола бермейді. Сені қоршаған барлық зат нығмет негізі. Ол нығметтерді беруі Алланың парызы деп қабылдауға болмайды. Миллиондаған адамға сен сүріп жүрген өмір арман. Басқа мемлекеттерге бір қарасаң болғаны. Ұйықтап жатқанымыздың өзінде Алла істерімізді Қаншалықты реттейтінін білсек, басымызды сәждеден көтермес едік. Алланы ұмытпа, оған шүкір ет. Сонда ол нығметтерін одан сайын көбейтеді. Алла туралы жақсы күмәнда бол.
Бір күн келіп рамазан сенсіз басталады, мүмкіндіктен пайдалан. Бұл айдың әдемі сәттерін жіберіп алма. Мүмкін бұл рамазан сен үшін соңғысы шығар... Қабірдегілер тірілсе ораза ұстауға асығар еді деген сөз бекер емес....
Рамазандағы ұрылар Рамазан айындағы ұрылар сенің мал-мүлікіңді емес, сен үшін ең қымбатты болған уақытыңды ұрлайды. Нәтижеде, санаулы күндерден тұратын рамазанды пайдасыз өткеріп, айтарлықтай бір сауап таба алмай қаласың. Рамазандағы ұрылар: Біріншісі, телефон. Ұзақ уақыт біреумен керек керек емес сөздер сөйлесу. Ол сқздердің арасында ғайбат, өтірік-рас сөздер айтып, оразаңның сауабын кемітіп алма. Екінші, ТВ. Күніңді телевизор алдында отырып пайдасыз сериал, кино көріп уақыт өлтірме. Үшінші, әлеуметтік желілер. Бұл ең маңыздысы. Егер олардан Алланың разылығына себеп болатын мақсаттарда, және өзіңе қажетті кезде ғана пайдаланбасаң, оны бір шетке ысырып қой. Өйткені, әлеуметтік желі уақытты ұрлайтын ең үлкен зат. Рамазан айындағы өте бағалы санаулы күндерімізді аталған ұрыларға беріп қоймайық. Алла Тағала рамазаннан максимум сауапқа ие болып шығуымызды нәсіп етсін! Рақмет.
Райян есігі Алла тағала Мұса пайғамбарға: «Менің сондай пенделерім бар, олар ақырзаманда өмір сүреді. Оларға рамазан айын хадия етемін. Оларға сенен де жақын боламын. Сенімен менің сөзіміз ортасында жетпіс мың перде бар, егер Мұхаммедﷺ пайғамбардың үмметі ораза ұстаса, ауыз ашар кезде сол перделерді көтеремін. Мен оларды өзіммен жолығумен марапаттаймын. Өйткені ораза менімен құлдарым арасындағы сыр. Мен ораза ұстаушыларды шексіз нығметтерге бөлеймін. Оларға жәмәлімді көрсетемін», деді.
Барлығы "Қызыңды оқыт, қызың оқыса үмметі оқытады" деп жатады әйтеуір. Мейлі, дұрыс. Бірақ сол қыздарға лайықты жігіттерді де тәрбиелеу керектігін көбі айта бермейді...
Алла тағала сенің жүрегіңнің гүлденуі үшін қандай топырақ керек екенін жақсы біледі. Ол өміріңе түрлі адамдарды жібереді. Сені жақсы көрушілерді, сені жек көрушілерді, тәрк етушілерді, шабыт берушілерді, саған сенетін һәм сенбейтіндерді. Өзінің шексіз махаббаты және ілімі мен, ол кейде сенің жүрегіңнің ауруына жол береді. Бірақ, ол бұл ісімен сені сындыруды емес, бәлки, сынақтар арқылы сенің жасырын, күшті қырларыңды ашуға жол береді. Алла елшісіﷺ: «Егер Алла бір пендеге жақсылықты қаласа, оған сынақтар жібереді», деген. Өміріңдегі әр сынақ сені сындырмасын. Керсінше, сенің күшті, жақсы қырларыңның ашылуына себеп болсын.