tgindex
ermek ushin…

ermek ushin…

Статистика
@ermek_ushinРелигияказахский

сұрақ қою үшін: t.me/anonaskbot?start=wY9r3EHyxbfCrtp

Последний пост
13 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
1
Всего постов
21
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Религия (по похожим)
В каталоге с
14 авг.
Подписчики
523
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
775
21 постов
Вовлечённость
148,2%
к подписчикам
Постов в день
0,1
всего 21
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
94
1/48двое суток
107
1/72трое суток
116

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • лайв контент той өткеніне бір айдың шамасы болып қалыпты, содан түйген кейбір ойлармен бөлісейін. басында той жасауға түбегейлі қарсы болсам да, той бәрібір өтті. негізі «150 адам ғана болсыншы» деп өтінгенмін, бірақ +- 200 адам жиналды (меніңше, бұл да аз). той біткен соң ғана бір нәрсені түсіндім: бұл – ата-ананың өз жақындарымен қуаныш бөлісуі, бәрінің басын қосып, бір дастарқанға жинауы екен. нақты солай деп кесіп айтпаймын, бірақ өзім осылай қабылдадым. келесі қызық: той «фук» етіп, көзді ашып-жұмғанша өте шығады екен. «тойдың боларынан боладысы қызық» деген рас екен ғой. сенің қуанышың үшін қаншама жақындарың алыстан келеді, бірақ сен ешкімге дұрыстап көңіл бөліп үлгермейсің. сол үшін іштей бір кінәлі сезім арқалап жүретінің бар. ұзатудан басталған дүрмекте «газдалған сусын ішпеймін, тәтті жемеймін» деген принциптер жайына қалды. той күндері тамақ ішпесең де қарның тоқ, ұйықтамасаң да ұйқың қанып жүретін бір сиқыр бар екен. тағы бір қызық – қайын жұртым Бурабайдан, ал мен Аралданмын. арақашықтықтың алыс болғанының да өз қызығы мен қиыншылығы болады екен. бұрын «тойымды ешқашан жазда жасамаймын» дейтін едім, тура шілденің ортасында өткенін қарасаңшы. «ат айналмаймын деген қазығын үш айналады» деген рас екен. тағы не айтайын... «қайда жоқ болып кетті?» дегендерге норм жауап болды ма өзі?

  • адамдардан қорыққан адам түбінде сол адамдардың тарапынан қорлық көреді.

  • мынауың менің ертеңім. жазбаларға бір жаңа дем берейінші дегендегі түрім;) https://www.instagram.com/reel/DaNCPcDO-uM/?igsh=YW9wZDhqcjFqbWg1

  • осымен нешінші “ертең” құлағыңа лапша іліп жатыр?

  • 25 июн.1 6401818

    қолында малы барларға қызығып, «шіркін, бай болсам» деген күндерім де болды. ілімі барларға қызығып, «шіркін, білімді болсам ғой» дедім... ал қазір көркем мінез иелерінен басқа ешкімге қызықпаймын. адам болу неткен қиын еді…

  • кей өзендер сен үшін ағады. сол өзендердің құрғап келе жатқанын көзіңмен көру… сөз таппадым сезімдерімді толығымен толық жеткізетін, бірақ өмір - өзен.

  • өмір – өзен. бір күні арнаңнан тасып тулайсың. енді бірде саябырсып, өз арнаңды бойлайсың. солай алма-кезек күндердің күнінде - шөл боп құрғайсың.

  • Сіз соңғы рет қашан шын жүректен «Шүкір» дедіңіз? Қолыңыз қалағаныңызға ғана жеткен уақытта емес, қолда барды сезініп, шынайы «шүкір» дедіңіз? Біз көбіне қолдағының қадірін жоғалтқанда ғана түсінеміз... Жаңа «Шүкір» электронды кітабым (PDF) — ең қымбат қ…

  • 5 июн.610131

    осындай диалог жазғанға жаным құмар, сендерге өтеді ма?

  • «Өмірімді бәйгеге тігіп, осы мен не істеп жүрмін? Басқалар құсап уақытында оқып, тоқып, жылы жерде «нормальный» жұмыс істеп отыруым керек еді ғой. Ең құрығанда, көліктің рөлін бұрап, бір орында тыныш қана отыратын мына таксист сияқты... Қазір міне, анау жарқыраған рингке шығамын да, я бет-аузым мыжғыланады, я мен оны жаншып тастаймын. Жоқ... Тоқта! Өз миыңда ұтылма, Бейбарыс. Рингке шықпай жатып сынуға хақың жоқ. Кезінде «нағыз жауынгер болам» деп өзіңе серт бердің бе? Бердің! Ендеше, еркекше сөзіңде тұр да, анау жеңісті жұлып ал!» — Бейбарыстың кешегі сұхбатында айтқаны ғой бұл. «Жекпе-жекке шығар алдында не сезінесің?» деген тілшінің сұрағына берген жауабы, — деді досым, қолындағы смартфонын үстел үстіне тастай салып. Кофехананың терезесін ұрған жаңбыр тамшыларына қарап тұрған ол маған бұрылып: — Қызық, иә? — деді. Мен алдымдағы кофеден бір ұрттап алдым да, оның сөзін қостадым: — Иә, өте қызық... Ойлап қарасам, біздің әрбір күніміз де дәл осындай жекпе-жек екен ғой. Досым маған таңырқай қарап, сәл кідіріп қалды: — Түсінбедім? Қандай жекпе-жек? — Жалпы ше... Өмірде күн сайын өзіміз қабылдаған маңызды шешімдерге қарсы шығатын, бізді райымыздан қайтарғысы келетін небір ситуациялар болады. Кейде миымызға «қойшы осыны», «бәрібір қолымнан келмейді», «басқалар сияқты тыныш қана жүре берейінші» деген үрейлі, улы ойлар кіріп алады. Біз күн сайын өз-өзімізбен, өз қорқынышымызбен күресеміз. Сондай сәттерде қиындыққа қылт етсе сынып қала бермей, тура Бейбарыс сияқты моральдық тұрғыдан мызғымай тұрып беру керек екен ғой... Өмір атты рингте өз-өзіңнен ұтылмау үшін. Досым үнсіз қалды. Ол терезеге қайта қарады, бірақ бұл жолы оның жанарында әлдебір жаңа от, ішкі бір шешімнің ұшқыны ойнап тұрғандай еді.

  • маңызды дүние жазбағасын, маңызсыз дүние

  • без подписи

  • 26 мая1 9297

    без подписи

  • 26 мая1 938167

    Алматының тауларына көзім тоймайды.

  • қайтадан бірдеңе жазу керек. теееек ұзақ заттар жазғым келіп жүр.

  • — Жоқ, жоқ, жоқ! Тек қазір емес, өше көрме!.. Марат ноутбуктің пернетақтасын шарасыздан ұрғылай бастады. Бірақ бәрі кеш еді. Экран жыпылықтап барып сөнді де, құрылғының ішінен күйік иісі қолқаны қапты. Ертең тапсыруы тиіс маңызды жобасы, соңғы үш ай бойы жинаған барлық қаражаты осы бір қара темірдің ішінде кетті. Ол қалтыраған қолдарымен телефонын алып, жарты сағат бұрын ғана осы ноутбукті сатқан жігіттің нөмірін қайта-қайта тере берді. Тұтқаның арғы жағынан тек бір ғана суық дауыс естілді: «Бұл нөмір қызмет көрсету аясынан тыс жерде». Бұғаттап тастапты. Ашу мен ызадан жарылардай болған Марат орнынан атып тұрды. — Адамдар қалай осыншама оңбаған болады?! Көзіңе бақырайып қарап тұрып, «ешқандай ақауы жоқ, қарындасым оқыған» деп қалай ұялмай өтірік айтады екен?! Қандай алаяқ, арсыз еді! — деп бөлме ішінде арлы-берлі жүре бастады. Оның ішіндегі ызасы шегіне жеткен еді. Бірақ... дәл осы «арсыз, алаяқ» деген сөздер оның санасына найзағайдай жарқ етіп, басқа бір көріністі алып келді. Оның ашуы сап тыйылып, тамағына әлдебір өксік тірелгендей болды. Ол сылқ етіп орындыққа қайта отыра кетті. Осыдан екі ай бұрын... Көз алдына күн қаққан жүзінде мейірімі төгілген, үстіндегі ескілеу күртесі өзіне жарасып тұрған ауылдың ағайы тұра қалды. Ол кісі Мараттың ғаламторға «Мінсіз жұмыс істейді» деп жалған жарнамамен қойған ескі смартфонын алуға келген еді. Шын мәнінде, телефонның батареясы өлген, күніне он рет қатып қалатын сырқаты бар болатын. — Айналайын, осы қалаға студент баламды оқуға орналастырам деп келіп едім. Өзіме қалған соңғы ақшаға ұлыма жақсы телефон әперіп, қуантып қайтайын дегенім ғой. Расымен жақсы істей ме, балам? Техниканы көп түсіне бермейтін едім, — деген ағайдың үміт толы жанары Мараттың есіне түсті. Сонда Мараттың сәл де болса беті бүлкілдеместен: — Әрине, аға! Еш уайымдамаңыз, бабаңыз мәз болады. Ешқашан қатқан емес, — деп өтірікті судай сапырғаны ше? Ағайдың қалтасынан умаждалған ақшаларды шығарып, санап беріп жатқандағы қуанышты жүзі қазір Мараттың өзегін өртеп жібере жаздады. Ол кезде Марат «бұзық телефоннан тез құтылдым, ақмақ шалды жақсы алдадым ғой» деп ішінен мәз болып, ақшаны қалтаға басып кете барған еді. Қазіргі сәт Марат алдында жатқан күйік иісі шыққан ноутбукке үнсіз қарап қалды. «Сол кезде әлгі ағай телефонды баласына апарып бергенде, ол қосылмай қалғанда қандай күйде болды екен?» деген ой оның миын тесіп бара жатты. Дәл қазір өзінің жаны қалай қиналса, арзанға алданғаны үшін өзін қалай қоярға жер таппай отырса — екі ай бұрынғы бейтаныс студент пен оның әкесі де дәл солай күйінгенін ол анық сезінді. Оның бүгін алданғаны — кездейсоқтық емес еді. Бұл өмірдің қатал, бірақ әділ заңы болатын. Марат енді сатушыны қарғауды қойды. Ол кінәні тек өзінен ғана тапты. Жұмысының күйгеніне, ақшасының далаға кеткеніне емес, өзгенің обайлына қалған сол бір арсыз әрекетіне іші удай ашыды. Түйін: Өмір — мінсіз жұмыс істейтін айна. Ол сенің әрбір сөзің мен ісіңді өзіңе еселеп қайтарады. Егер біреудің сені алдағанын, көңіліңді қалдырғанын қаламасаң — өзің де ешқашан өзгені алдама. Жалғандықпен тапқан пайдаң бір күні алдыңнан үлкен шығын болып шығады, ал адалдық — сенің ең мықты қорғанысың.

  • 16 мая641156

    өзіңді уайымға бой алдырма. уайымға берілсең, қазірің де, ертеңің де қараң...

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи