tgindex
Тиімді Қазақстан

Тиімді Қазақстан

Статистика

Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.

Последний пост
14 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
10
Всего постов
27
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
3 609
−4 за 2 дн.
Сутки
−3
−0,08%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
582
27 постов
Вовлечённость
16,1%
к подписчикам
Постов в день
1,4
всего 27
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
381
1/48двое суток
436
1/72трое суток
470

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • видео или голосовое, без подписи

  • Балалар мен жасөспірімдерге арналған өте тиімді науқан 🙌 Қазір Аватарияда кіру билеттеріне 1+1 науқаны жүріп жатыр. Балаларға арналған бір билетті толық бағамен сатып алсаңыз, екіншісі тегін беріледі. Егер әлі барып көрмеген болсаңыздар, АВАТАРИЯ – бұл Қазақстан бойынша әрқайсысының аумағы 2500 м²-ден асатын 9 саябағы бар ойын-сауық желісі. Олардың басты ерекшелігі – үлкен белсенді аттракциондарында. Онда 5 қабатты лабиринттер, ұзындығы 20 метрге дейін жететін арқан жолдар, алып сырғанақтар және басқа да көптеген аттракциондар бар. 2–12 жас аралығындағы балалар билеттерінің бағасы: • Қарағанды – жұмыс күндері 3900₸ / демалыс күндері 4900₸ • Шымкент – жұмыс күндері 3500₸ / демалыс күндері 4500₸ • Астана – жұмыс күндері 4900₸ / демалыс күндері 5900₸ • Алматы – жұмыс күндері 4900₸ / демалыс күндері 5900₸. Маңызды: науқан тек Water World және Ice World саябақтарында жарамды. Бонус: Қарағанды мен Шымкентте мейрамханада 8000₸-ден (немесе Астана мен Алматыда 10 000₸-ден) жоғары сомаға тапсырыс берсеңіз, сыйлыққа пицца мен 1 литр лимонад беріледі. Науқандар 31 тамызға дейін жалғасады. Толығырақ. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

  • Талдауларды қалай тиімді тапсыруға болады? 🧪 Көбі ИНВИТРО-да бонус жинап, кейін олармен талдаулар мен зерттеулер құнының 90%-ына дейін төлеуге болатынын біле бермейді. Төменде 4 лайфхак: Біріншіден, адалдық бағдарламасына тіркелгеннен кейін сізге 500 бонус, ал туған күніңізде тағы 2000 бонус беріледі. Екіншіден, бағдарлама белсендірілгеннен кейін талдауларға 5% кэшбэк беріледі. Мөлшерлемені көбейтуге де болады, ол үшін жеке кабинетте 3 қызметке дейін таңдап, олар бойынша 10%-ға дейін бонус алуға болады. Үшіншіден, дайын пакетті таңдап, оған кіретін талдауларға 15%-ға дейін бонус алуға болады. Мысалы, «Салмақты бақылау», «Асқазан саулығы» және т.б. пакеттер бар. Таңдалған пакетті 30 күннен кейін ауыстыруға болады. Ең тиімдісі – жиналған бонустармен келесі қызметтер құнының 90%-ына дейін төлеуге болады. Мысалы, талдаулар 10 000₸ болса, оның 9000₸-сін бонустармен төлеуге болады! Төртіншіден, кассаға барып, ИНВИТРО26 промокодын айтыңыз. Сонда сіз алғашқы төлемге 20% жеңілдік аласыз. Науқан 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін барлық қалаларда жарамды. Жоғарылатылған кэшбэкті 👉 сайтта қосуға болады. Ол үшін авторизациядан өтіп, жеке кабинеттен «Адалдық бағдарламасы» бөлімін ашу керек. 1 бонус = 1₸. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

  • Яндекс Алисаның көбі біле бермейтін ПАЙДАЛЫ мүмкіндіктері Көбі бұл колонканы тек әуен тыңдау үшін қолданады, алайда оның мүмкіндіктері әлдеқайда көбірек: • Радионяня – Алиса балалар бөлмесіндегі дыбысты телефоныңызға немесе басқа колонкаға жібере алады. Ол үшін «Алиса, радионянаны қос» деу жеткілікті. • Үйдегілерді шақырады – балаңызды немесе отбасы мүшелерін бүкіл үйге айқайламай-ақ тамаққа шақыруға болады. «Алиса, колонкаға хабарлама жібер» деп айтып, хабарламаңызды дыбыстап айту жеткілікті. • Телефоныңыздан колонкаға қоңырау шалуға болады – бұл үйдегі біреудің телефоны дыбыссыз режимде тұрғанда және оған қоңырау шала алмай жатқанда көмектеседі. Алиса қосымшасына кіріп, телефоныңыздан колонкаға қоңырау шалыңыз. Тіпті жай ғана дауыспен: «Алиса, колонкаға қоңырау шал» деуге де болады. • Тамақ дайындауға көмектеседі – бұл ең бағаланбай жүрген мүмкіндіктерінің бірі сияқты. «Алиса, карбонара пастасын дайындауға көмектес» десеңіз, колонка жай ғана рецепт айтып қоймай, сізге әр қадамды ретімен айтып отырады. Мысалы, ол макарон салғанда таймер қоя алады және тұздықты араластыратын уақыт келгенде еске салады. Сондай-ақ Алиса өнімдердің КАМК мөлшерін біледі және калорияны есептей алады. • Сіз жоқта үйді «күзетеді» – колонка күдікті шу немесе сынған әйнектің дыбысын байқаса, сіз бірден аудиожазбасы бар хабарлама аласыз. Бұл мүмкіндік Яндекс Станция 3-те қолжетімді. • Тізімдер құрады – тоңазытқышты ашып, сүттің таусылғанын көрсеңіз, «Алиса, сатып алу тізіміне сүтті қос» деңіз. Дүкенге барған кезде Алиса қосымшасын ашсаңыз, тізім сол жерде болады. • Балалардың қиялын дамытады – колонка тек ертегі айтып қана қоймай, баламен бірге ертегі құрастырады, кез келген кейіпкерді табуға көмектеседі және түрлі ойындар ойнай алады. Баланың назарын 30 минутқа аудару қажет болғанда таптырмас көмекші. «Алиса, ертегі ойлап табайық», «Кейіпкерді тап» немесе жай ғана «Ойнайық» деп айтыңыз. Алисаны қолданудың тағы қандай лайфхактарын білесіздер? Автор – @yana.daniker https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

  • Қазақстанда демалыс пен түрлі белсенділіктерді қалай тиімді брондауға болады? Жоғарыдағы скриншотта оқырманымыз Kaspi Travel-ден 50 000 бонус алған. Қызмет ішінде «Қазақстан» деген бөлім бар екенін көбі біле бермейді. Ол жерде еліміздің түкпір-түкпіріндегі демалыс орындарын, үйлер мен шипажайларды табуға болады. Онда Бурабай, Алакөл, ШҚО және басқа да өңірлер бар. Алматы мен Алматы облысында аквапарктер, бассейндер, моншалар, SPA, экскурсиялар мен белсенді демалыс түрлері де қолжетімді. Мысалы: атпен серуендеу, SUP-пен жүзу, квадроцикл немесе электробайкпен серуендеу, Шарын мен Көлсайға экскурсиялар және т.б. Таңдау өте көп. Ұсыныстарды бағасы, орналасқан жері және басқа да параметрлері бойынша сүзуге болады. Лайфхак: төлем жасау бетінде TRAVELT1 промокодын енгізіп, 10% бонус алуға болады. Ол бұған дейін Kaspi Travel арқылы брондау жасаған болсаңыз да қолданылады. Промокод 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін кез келген төлем тәсіліне (бөліп төлеуге де) жарамды. Маңызды: 10% бонус алуға болады, бірақ ең көбі – 50 000Б. Бонустар расталған брондау бойынша қонақүйге орналасқанда немесе нысанға барған күні есептеледі. Бонустарды Kaspi QR арқылы, Kaspi.kz-тегі Дүкенде, «Төлемдер» бөлімінде немесе Kaspi Travel-де жұмсауға болады. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • 11 авг.6122414

    Грантқа түсе алмағандар үшін тегін білім алудың 8 мүмкіндігі 1. KAZENERGY гранттары. KAZENERGY қауымдастығы жыл сайын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаражаты есебінен оқу ақысын төлеуге конкурс өткізеді. Оған мектеп түлектері, колледж және ЖОО студенттері қатыса алады. Басымдық техникалық, IT, жаратылыстану және математикалық мамандықтарға беріледі. Өтінімдер 31 тамызға дейін қабылданады. Өтінімді қалай беруге болады. 2. «Қазақстан халқына» қорының гранттары. Қор әлеуметтік осал санаттарға жататын ауылдық елді мекендерден, шағын және моноқалалардан шыққан мектеп түлектеріне (25 жасқа дейін қоса алғанда) қосымша 350 грант бөлді. Грант оқу ақысын жылына 1 млн ₸-ге дейін өтейді. Шарттары. 3. Әкімдіктердің гранттары. Тамыз айында өңірлер өздерінің мақсатты гранттарын бөледі. Бұл туралы ақпарат негізгі гранттарды бөлу аяқталғаннан кейін әкімдіктер мен ЖОО сайттарында жарияланады. Бұл гранттар туралы көп адам біле бермейді, сондықтан конкурстағы адам саны да төменірек болады. 4. ЖОО-лардың ішкі гранттары мен жеңілдіктері. Көптеген университеттер өз гранттарын немесе оқу ақысына 100%-ға дейін жеңілдіктер береді. Мұндай жеңілдіктер олимпиада жүлдегерлеріне, жетістіктері мен белсенділігі бар оқушыларға беріледі. Мысалы, мұндай бағдарламалар SDU, Narxoz, AlmaU және т.б. оқу орындарында бар. Толығырақ. 5. Колледжге грантпен түсу. Жыл сайын колледждерге көптеген грант бөлінеді. ҰБТ нәтижесіне қарамайды, конкурс аттестаттың орташа балы немесе мамандыққа байланысты қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша өтеді. 6. Гранттарды қайта бөлу. Негізгі конкурс аяқталғаннан кейін гранттардың бір бөлігі босайды. Мысалы, біреу оқудан бас тартады немесе құжаттарын тапсырмайды. Мұндай орындар грантқа түсе алмаған талапкерлер арасында қайта бөлінеді. 7. Ақылы оқу + ҰБТ-ны қайта тапсыру. Егер ұпайыңыз жетпесе, ақылы бөлімге түсіп, тағы бір жыл дайындалып, ҰБТ-ны қайта тапсыруға болады. Осылайша келесі жылы грант алуға тағы бір мүмкіндік болады. 8. Ақылы оқу + грантқа ауысу. Жақсы оқып, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатыссаңыз, оқудан шығарылған студенттің босаған грантына ауысуға мүмкіндік болуы мүмкін. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • 10 авг.6273412

    Кез келген тілді тегін үйренудің 7 жақсы тәсілі Егер шет тілін өз бетіңізше үйреніп жүрсеңіз, мына кеңестерді қолданып көріңіз: 1. Тақырыптарды ретсіз оқымаңыз. Google-дан қажетті тілге арналған дайын жоспарды тауып алып (мысалы, «*** тілін үйренуге арналған тақырыптар» деп), сол жоспарға сәйкес оқи бастаңыз. 2. YouTube-тан кездейсоқ бейнежазбаларды көре бергенше, «*** тілін плейлист арқылы үйрену» деп іздеп көріңіз. Әдетте онда грамматика бойынша жүйелі сабақтар болады. Оларды тек қарап қана қоймай, конспект жазып отыру керек. 3. Арнайы күнделік бастап, онда үйреніп жүрген тіліңізде жазыңыз. Күн сайын күніңіздің қалай өткенін, ауа райын, адамдармен не туралы сөйлескеніңізді, не сезінгеніңізді, не туралы армандағаныңызды сипаттаңыз. Бір аптадан кейін осының бәрі есте қалып, күнделікті өміріңіз туралы еркін сөйлеп әрі жаза алатын боласыз. 4. Сөздік қорды толықтыру үшін деңгейіңіз бойынша сөздер тізімін тауып алсаңыз жеткілікті (A1, A2, B1 т.б.). Ал кейін біртіндеп кітаптар мен қарапайым мәтіндерге көшуге болады. 5. Үйдегі барлық затқа стикер жапсырып, атауларын жазып қойыңыз. Розетка қалай аталады? Кондиционер ше? Шәйнек? Есіктің тұтқасы? Ал «розеткаға қосу» деген қалай аударылады? 6. Duolingo-ны да қолдануға болады. Мұндағы басты құпия: егер сабақ тақырыбы сізге тым жеңіл болса, қиындағанша бірнеше тақырыпқа алға өте беріңіз. Тіпті 30 тақырыпты секіріп өтіп кетуге болады. Қиындай бастаған кезде тоқтаңыз. 7. Егер айтылым қиын болса, күтпеген тәсілді қолданып көріңіз. YouTube-та балаларға арналған логопедтердің бейнежазбалары бар. Онда тіл мен еріннің қалай орналасуы керектігі анық көрсетіледі. Бұл әдеттегі сабақтарға қарағанда пайдалырақ болуы әбден мүмкін. Автор – @lesya_lli https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • 8 авг.692244

    21 қаңтарда маған «аралас мазасыздық-депрессиялық бұзылыс» деген диагноз қойылды. Қарапайым айтқанда – орташа деңгейдегі депрессия. Ең қызығы, мен үнемі шаршап жүруімді, ештеңеге зауқым соқпауын және мазасыздығымды жай ғана күйіп кетумен (выгорание) байланыстырып жүрдім. «Жақсылап демалсам, ұйқымды қандырсам, бәрі өтеді» деп ойладым. Бірақ айлар өтсе де, ештеңе өзгермеді. Дәрігер маған қысқа тест берді. Нәтижесі орташа деңгейді көрсетті. Мұндай кезде адамға міндетті түрде медициналық көмек керек екенін айтты. Өйткені психика бұнымен өздігінен күресе алмайды. Басында «антидепрессанттар» мен «когнитивті психо-поведенческая психотерапия» деген сөздерден қорықтым. Бірақ қазір, арада шамамен 8 ай өткен соң, сол кезде дәрігерді тыңдағаныма қатты ризамын. Қалпыма келдім, мазасыздық ұстамаларын қалай күресуды үйрендім. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Егер біздің қоғамда депрессия туралы ашық айту қалыпты нәрсе болса, бәлкім осы себептен болатын суицид те аз болар еді. Кеше Ринат Балғабаев депрессия туралы деректі фильм шығарды. Онда депрессия қалай байқалатыны, неге ол кез келген адамда болуы мүмкін екені және оны тіпті жақын адамнан да байқау неге қиын болатыны көрсетілген. Бұл жалғыздық, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, көмек сұраудан қорқу және дер кезінде көрсетілген қолдау адамның қайта қалпына келуіне қалай көмектесетіні туралы фильм. Егер жоғарыда жазылғандар сізге таныс болса, міндетті түрде көріңіз. 👉 https://youtu.be/mujS-iSYJA8?si=55ast2yNYb1B0dyj 👉 https://youtu.be/mujS-iSYJA8?si=55ast2yNYb1B0dyj 👉 https://youtu.be/mujS-iSYJA8?si=55ast2yNYb1B0dyj

  • видео или голосовое, без подписи

  • 7 авг.712262

    11 тиімді науқан 🙌 • Kaspi Travel – «Қазақстан» бөлімінде 10% бонус беретін TRAVELP1 промокоды пайда болды. Онда еліміздің түкпір-түкпіріндегі демалыс орындары, аквапарктер/бассейндер, шипажайлар және Алматы облысындағы экскурсиялар мен ойын-сауықтар бар. Ең көбі – 50 000Б. Бонустарды Kaspi QR арқылы және Kaspi.kz қосымшасындағы сатып алуларға жұмсауға болады. Промокод кез келген төлем әдісі кезінде жарамды, ал бонустар 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қолданылады. Өту. • Qazaq Republic – жаздың –50%-ға дейінгі ең үлкен жеңілдіктері. Мысалы, жейделер – 4500₸-ден, худилер – 8400₸-ден, свитшоттар – 9500₸-ден басталады және т.б. Науқан 19 тамызға дейін барлық офлайн дүкендерде, интернет-дүкенде және Kaspi-де жарамды. Толығырақ. • Freedom SuperApp («Азық-түлік» бөлімі) – KP2K промокоды 20 000₸-ден жоғары тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді. Промокодты бұрын Freedom арқылы азық-түлікке тапсырыс берген болсаңыз да қолдануға болады. Өту. • Intertop – барлық тауарларға 40%-ға дейін, ал кейбір үлгілерге 80%-ға дейін жеңілдіктер. Науқан 10 тамызға дейін дүкендерде, қосымшада және сайтта жарамды. Толығырақ. • Freedom Афиша – PERF-59FT промокоды кино билеттеріне 500₸ жеңілдік береді. Промокод бұрын Freedom арқылы кино билеттерін сатып алмаған пайдаланушыларға арналған және 2000₸-ден жоғары тапсырыстарға қолданылады. Белсендіру. • Яндекс Go (Қалааралық) – INTERCITY50 промокоды «Жолсерікпен» тарифі бойынша алғашқы сапарға 50% жеңілдік береді. Ең жоғары жеңілдік сомасы – 3500₸. 31 тамызға дейін. Толығырақ. • KFC – NEW40 промокоды 4000₸-ден жоғары алғашқы 3 тапсырысқа -40% жеңілдік береді. Ең жоғары жеңілдік сомасы – 2000₸. Науқан тек KFC қосымшасында жарамды. • Олимп КДЗ – 20YEARS промокоды талдауларға 20% жеңілдік береді. Промокод қосымшаның «Профиль» бөлімінде орналасқан, оны кассада көрсету қажет. Науқан 2027 жылдың 18 шілдесіне дейін жарамды. Өту. • inDrive Азық-түлік (Астана, Алматы) – IN15-WOW промокоды 5000₸-ден жоғары алғашқы тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді. Жеткізу 15 минут ішінде жүзеге асырылады. Өту. • Спортмастер – дүкендерде және онлайн жасалған кез келген сатып алуға 100% кэшбэк бонус түрінде есептеледі. Ең көбі – 100 000Б. Науқан 31 тамызға дейін, ал бонустар 2026 жылдың 5 қазанына дейін жарамды. Толығырақ. • Del Papa – хот-дог пен Coca-Cola комбо-жиынтығы – 1900₸. Науқан abr+ қосымшасында жеткізуге және өзіңізбен алып кетуге жарамды. Сонымен қатар ER6FFRP промокоды алғашқы тапсырысқа қосымша 2000₸ жеңілдік береді. • Яндекс Лавка (Астана) – азық-түлікті робот-курьерлер арқылы тегін жеткізу қызметін іске қосты. Жаңа пайдаланушылар үшін OLETO3890 промокоды алғашқы тапсырысқа 35% жеңілдік береді (ең көбі – 2500₸). Одан кейін себет сомасы 6000₸-ге дейін болса, екінші тапсырысқа – 20%, үшінші тапсырысқа – 10% жеңілдік беріледі. Өту. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

  • 6 авг.713349

    Брендтік тауарларды қалай және қайдан арзанырақ тапсырыс беруге болады? 🛍 Оқырманымыз WeChat арқылы тек UNIQLO ғана емес, басқа да брендтерге тапсырыс беруге болатынын айтты. Онда Adidas, MUJI, Onitsuka Tiger және басқа да брендтердің ресми мини-қосымшалары бар. Мысалы: • Adidas – жақсы жеңілдіктер мен Қазақстанда жоқ үлгілер жиі кездеседі. • MUJI – минималистік киімдерімен, үйге арналған тауарларымен, кеңсе тауарларымен және аксессуарларымен танымал жапон бренді. Табиғи әрі сапалы материалдарды қолданады. • ASICS – жүгіруге, жаттығуға және күнделікті киюге арналған спорттық аяқ киім, киім және жабдық шығаратын жапон бренді. • Onitsuka Tiger – классикалық кроссовкаларымен танымал жапон бренді. Сонымен қатар киім мен аксессуарларға да тапсырыс беруге болады. • JINS – жапондық көзілдірік бренді. Көзілдірік жиектемелеріне, күннен қорғайтын көзілдіріктерге және аксессуарларға тапсырыс беруге болады. Сонымен қатар Swatch, HARMAY (косметика), Charles & Keith, Birkenstock, New Balance, Levi's, FARFETCH және т.б. брендтерден тапсырыс беруге болады. Сатып алу тәсілі UNIQLO-дағыдай. Нұсқаулық. Бұл әлі толық тізім емес. Егер белгілі бір брендті іздеп жүрсеңіз, оның атауын WeChat іздеу жолағына ағылшын тілінде енгізіп көріңіз. Оның ресми мини-қосымшасы болуы әбден мүмкін. Алайда бір нюанс бар: кейбір брендтер (мысалы, Nike пен Sephora) тек Қытай телефон нөмірлерін ғана қабылдайды. Егер WeChat аккаунтыңыз қазақстандық нөмірге тіркелген болса, тапсырыс бере алмайсыз. Ал жоғарыдағы тізімдегі дүкендер қазақстандық нөмірлермен жұмыс істейді, өзіміз тексеріп көрдік. Тағы бір байқағанымыз: MUJI мен Onitsuka Tiger сияқты азиялық брендтерді көбіне Қытайдан тапсырыс берген тиімдірек. Ал америкалық брендтерді алдымен АҚШ дүкендерінен қарап, бағаларын салыстырып көрген дұрыс. Дегенмен WeChat-тағы жеңілдіктер кезінде оларды да тиімді бағамен алуға болады. Оның үстіне Қытайдан жеткізу әдетте арзанырақ әрі жылдамырақ болады. Пайдалы болса, 🔥 басып кетіңіздер Дереккөз | https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

  • 5 авг.725233

    Азық-түлікке 55%-ға дейін жеңілдіктер және барлығына арналған промокод 😱 Тауық сүбесі, 1 кг – 1650₸ 2461₸, қарақұмық – 177₸ 270₸, «Цесна» ұны, 2 кг – 507₸ 1069₸. Бұл Freedom SuperApp-тағы «Азық-түлік» бөлімінде өтіп жатқан науқан аясындағы бағалар. Тек 16 тамызға дейін көптеген тауарды жеңілдікпен тапсырыс беруге болады. Мысалы: • Іріктелген жұмыртқа, 20 дана – 1092₸ 1955₸ • Barilla пастасы, 450 г – 450₸ 1060₸ • Bonduelle жасыл бұршағы, 425 мл – 555₸ 1009₸ • Tassay суы, 1 л – 225₸ 525₸ • Сиыр етінен тартылған фарш 80/20, 500 г – 2618₸ 4650₸ Жеңілдіктер тек азық-түлікке ғана емес, тұрмыстық химия мен үйге арналған тауарларға да бар. Мысалы, Persil кір жуғыш ұнтағы, 3 кг – 2250₸ 2999₸, YokoSun дымқыл майлықтары, 64 дана – 443₸ 1430₸, «Ушастый нянь» сабыны – 202₸ 269₸. Бағалар 25%-ға дейінгі кэшбэкті есепке алғанда көрсетілген. Оған қоса KP2K промокодын қолдануға болады. Ол 20 000₸-ден жоғары тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді. Промокодты бұған дейін Freedom арқылы азық-түлікке тапсырыс берген болсаңыз да қолдануға болады. Науқандық тауарлардың толық тізімін 👉 «Баға шешеді» бөлімінен қарауға болады. Жеткізу қызметі Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында жұмыс істейді. Тапсырысты шамамен 60 минуттан бастап жеткізеді. https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • 4 авг.809275

    Қазақстандағы зейнетақы туралы үлкен гайд 💸 Әріптесіміз Сұлтан зейнетақы жүйесі туралы толыққанды гайд дайындады. Онда болашақ зейнетақы мөлшерін қалай көбейтуге болатыны, БЖЗҚ мен ИПБ-ның қайсысын таңдаған дұрыс екені және басқа да маңызды сұрақтар түсіндірілген. Мысалы: • зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді және зейнетақы неден құралады; • қандай төлемдерге үміт артуға болады (тіпті ресми жұмыс істемесеңіз де); • ортақ зейнетақы деген не; • зейнетақы жинағын зейнетке шықпай тұрып қалай пайдалануға болады; • болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады; • қандай мүмкіндіктер мен тәуекелдерді ескерген жөн. Сұлтанның өзі енесінің зейнетақысын заңды түрде көбейткен екен. Ол 1998 жылдан бері ресми жұмыс істемеген (немесе ең төменгі жалақымен жұмыс істеген), ал қазір ай сайын шамамен 400$ алады. Бұл бастапқыда алуы мүмкін сомадан екі еседей көп. Қолданылған тәсілі өте қарапайым әрі оңай қайталауға болатын әдіс. Гайд 👉 мына жерде қолжетімді. Оны тегін әрі ешқандай шартсыз жүктеп алуға болады. Дереккөз | https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • 3 авг.713301

    Тамыз! Банк карталары бойынша жоғарылатылған кешбэк санаттары Жаңа санаттар: • Sulpak: 20%-ға дейін (Halyk, Halyk QR арқылы, 9 тамызға дейін) • Marwin & Meloman, Sulpak, білім, кітаптар, кеңсе тауарлары: 10% (БЦК junior) • Оптика: 10%-ға дейін (Forte жалақы жобасының клиенттеріне – 10%, қалғандарына – 7%) • Flip kz: 7% (Forte) • Marwin & Meloman: 5% (Forte) • Кітаптар мен кеңсе тауарлары: 5% (Forte) • Такси, кинотеатрлар: 5% (Nurbank) Коммуналдық қызметтер: • 10% (БЦК, жалақы жобасының клиенттері үшін) • 5% (Forte, жалақы жобасының клиенттері мен Solo карта иелері үшін. Бұл санатқа интернет пен теледидар да кіреді) • 5% (Home Credit Bank қосымшасындағы Arna, Aspan, Home Card Lite карталары үшін) • 5% (Bereke, «B-Bank-тегі төлемдер» санаты бойынша, жеке ұсыныс. Мұнда интернет пен теледидар да кіреді) Ойын-сауық: • Freedom қосымшасындағы Freedom Афиша: 15%-ға дейін (Freedom Bank) • Онлайн кино және музыка: 15% (Alatau City Bank) • Freedom Media: 12%-ға дейін (Freedom Bank) • Ойын-сауық саябақтары, цирк: 7% (Forte) • Кино: 5% (Forte) • Кино, концерттер, театрлар, аттракциондар: 5%-ға дейін (Еуразиялық банк) Тамақ және азық-түлік: • Дәмханалар мен мейрамханалар: 5% (Forte), 4% (Bereke, БЦК, жеке ұсыныс), 3% (Alatau City Bank) • Freedom қосымшасы арқылы азық-түлік (Arbuz): 25%-ға дейін (Freedom Bank) • Freedom қосымшасындағы «Тағам» бөлімі (Өскемен, Ақтау, Қостанай): 20%-ға дейін (Freedom Bank) • Яндекс Go (Тағам бөлімі): 5%-ға дейін (Яндекс Плюс Forte картасы) Сапарлар: • Такси: 20%-ға дейін (Яндекс Плюс Forte картасы), 7% (Alatau City Bank), 5% (Arna), 5% (Forte), 5% (Nurbank) • Onay, Avtobys, Tulpar card пен CTS: 100% (Activ абоненттері үшін «Семейный» тарифінде баланс арқылы төлеу кезінде) • Halyk Travel: 15%-ға дейін (Halyk, 4 тамызға дейін) • Freedom қосымшасындағы ұшақ пен пойыз билеттері, турлар: 10%-ға дейін (Freedom Bank) • Әуе билеттері, туроператорлар, турагенттіктер: 4% (Bereke, жеке ұсыныс), 3% (Alatau City Bank) • QazAvtoJol: 1% (Home Credit Bank қосымшасындағы Arna картасы) Көлік: • Жанармай бекеттері: 5% (БЦК, жеке ұсыныс), 5% (Alatau City Bank, жалақы жобасының клиенттері үшін), 3% (Forte жалақы жобасының клиенттеріне және Solo картасы барларға) • Шиналар: 15%-ға дейін (Freedom Drive) • Сақтандыру: ОГПО: 15%-ға дейін (Автокарта), 4%-ға дейін (Freedom Bank) • Сақтандыру: КАСКО: 29%-ға дейін (Freedom Bank) Әртүрлі: • Freedom қосымшасы арқылы смартфондар: 25%-ға дейін (Freedom Bank) • Балаларға арналған тауарлар: 20% (Alatau City Bank) • Білім, жазылымдар, сыйлықтар, зоотауарлар және ветеринарлық клиникалар: 20% (Bereke, жеке ұсыныс) • Forte Market: 20% (Forte) • Naimi қызметтері (Freedom қосымшасында): 12%-ға дейін (Freedom Bank) • Маркетплейстер: 5% (Arna) • Медициналық орталықтар, фитнес, білім, жиһаз және т.б.: 5% (Alatau City Bank) • Дәріханалар, медицина, тұрмыстық техника және т.б.: 4% (Bereke, жеке ұсыныс) • Туристік сақтандыру: 4%-ға дейін (Freedom Bank) • Киім мен аяқ киім, маркетплейстер және т.б.: 3% (Alatau City Bank) Көп карта ашқыңыз келмесе, жоғарылатылған кешбэк беретін мына карталардың бірін таңдаңыз: • 10%-ға дейін – Halyk • 8%-ға дейін – RBK • 6%-ға дейін – Freedom Bank • 5%-ға дейін – Arna • 4%-ға дейін – Simply Қажеттілік бойынша карталарға шолу: балалар карталары | несие карталары | премиум карталар | мультивалюталы карталар | жалақы карталары | шетелге саяхатқа арналған карталар. • Кешбэк арқылы табыс тауып үйрену 👉 нұсқаулық. • Карталарды толықтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде. • Арнадағы ең үздік жазбалардың тізімі 👉 мына жерде. * Freedom Bank-те 30 маусымнан бастап Freedom экожүйесі ішіндегі кешбэк мөлшерлемелері өзгерді. Жазбада көрсетілген мәліметтер өзекті. Толығырақ. * Bereke Bank-те 8 маусымнан бастап жоғары кешбэк беретін 2–4 жеке санатты таңдауға болады. Біздің картаға шолуымыз сілтемеде. *ЦентрКредит Банкінде санаттар жеке таңдалады – ай сайын жоғары кешбэгі бар 2–3 санатты өзіңіз таңдай аласыз. Толығырақ. *Кешбэк бойынша шектеулер мен толық шарттары гиперсілтемелерде көрсетілген https://t.me/tiimdiqazaqstan

  • видео или голосовое, без подписи

Тиімді Қазақстан — tgindex