tgindex
ТҮРКІСТАН СОТТАРЫ

ТҮРКІСТАН СОТТАРЫ

Статистика
@trk_sudказахский

⚖️Түркістан соттарының өзекті жаңалықтары Сайт: https://trk.sud.kz Instagram: https://www.instagram.com/trk_sud?igsh=MWxjbmluYWJsd2Vleg%3D%3D&utm_source=qr Facebook: https://www.facebook.com/trksud?mibextid https://t.me/Jogargy_sot

Последний пост
6 авг.
Последнее чтение
14 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
600
0 за 2 дн.
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
140
20 постов
Вовлечённость
23,3%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
119
1/48двое суток
136
1/72трое суток
147

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • “Медиация туралы” Заңының 15 жылдағына орай дөңгелек үстел өтті 🔷 Түркістан облыстық сотының бастамасымен Қазақстан Республикасының “Медиация туралы” Заңының 15 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. 🔷 Дөңгелек үстелге Түркістан облысының судьялар корпусы, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, қоғам қайраткерлері нотариустар, адвокаттар мен заң консультанттары қатысты. 🔷 Шараның мақсаты – қоғамдағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңызын насихаттау, медиацияның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлін арттыру және кәсіби медиаторлардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау. 🔷 Жиын барысында Қазақстандағы медиация институтының 15 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері сараланып, дауларды сотқа дейін реттеудің тиімділігі, қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудың маңыздылығы жөнінде баяндамалар жасалып, Медиация институтының даму қорытындылары жөнінде әзірленген бейнеролик ұсынылды. 🔷 Сондай-ақ медиация саласын одан әрі дамыту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. 🔷 Шара соңында медиация институтының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды. 🔷 Медиация – қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтатын тиімді құқықтық тетік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттада жалғасын тауып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қоса береді. Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі ——————————— В Туркестанской области состоялся круглый стол, посвященный 15-летию Закона Республики Казахстан «О медиации» 🔷 По инициативе Туркестанского областного суда состоялся круглый стол, посвященный 15-летию Закона Республики Казахстан «О медиации». 🔷 В мероприятии приняли участие судейский корпус Туркестанской области, представители государственных органов, профессиональные и общественные медиаторы, общественные деятели, нотариусы, адвокаты и юридические консультанты. 🔷 Целью мероприятия стало продвижение идеи мирного урегулирования споров, повышение роли медиации в формировании правовой культуры общества, а также создание площадки для обмена опытом между профессиональными медиаторами. 🔷 В ходе заседания были подведены итоги 15-летнего развития института медиации в Казахстане, отмечены его достижения, представлены доклады об эффективности досудебного урегулирования споров, а также о значении медиации в укреплении общественного согласия и единства. Участникам был продемонстрирован видеоролик, посвященный итогам развития института медиации. 🔷 Кроме того, были обсуждены вопросы дальнейшего развития института медиации, усиления информационно-разъяснительной работы среди населения и обмена профессиональным опытом. 🔷 В завершение мероприятия ряд граждан, внесших значительный вклад в развитие института медиации, были награждены благодарственными письмами. 🔷 Медиация является эффективным правовым механизмом, способствующим укреплению взаимопонимания и общественного согласия. Работа в данном направлении будет продолжена и впредь, содействуя защите прав и законных интересов граждан, а также сохранению общественной стабильности. Пресс-служба Туркестанского областного суда

  • без подписи

  • Түркістан облыстық сотында кеңес отырысы өтті 🔷 Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтановтың төрағалығымен өткен кеңес барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығына сәйкес жаңадан тағайындалған сот төрағасы мен судья таныстырылды. 🔹 Кеңеске сот алқаларының төрағалары мен судьялары, департамент басшысының міндетін атқарушы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сондай-ақ департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. 🔹 Жиын барысында жергілікті соттардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасы сараланып, істерді қарау нәтижелері талқыланды. 🔹 Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р. Хасенов, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы А. Бекботаев және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А. Байтурова өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары жөнінде баяндама жасап, алдағы міндеттерді айқындады. 🔹 Кеңес қорытындысында сот төрелігін жүзеге асыру сапасын одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар нақты міндеттер белгіленді. Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

  • без подписи

  • Түркістан облысында судьялар қатары толықты ⚖ Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығымен өңірге жаңа судьялар тағайындалды. ⚖ Аудандық және оған теңестірілген соттардың Төраға қызметіне: 📍 Созақ аудандық сотына – Қосалбаев Жандос Дүйсенбіұлы. ▪️ Еңбек жолы: ~ 2007– 2008 жылдары аралығында Әділет басқармасында қызмет атқарған; ~ 2008 – 2021 сот жүйесінде түрлі қызметтер атқарған; ~ 2021 – 2026 жылдары аралығында Бәйдібек аудандық сотының судьясы болған. ⚖ Судья қызметіне: 📍 Кентау қалалық сотына – Ордабек Қасымбек Рахымжанұлы. ▪️ Еңбек жолы: ~ 2016– 2026 жылдары аралығында сот жүйесінде түрлі қызметтер атқарған. Түркістан облыстық соты Баспасөз қызметі

  • без подписи

  • без подписи

  • СУДОМ:НАЗНАЧЕНО НАКАЗАНИЕ ЗА НЕЦЕНЗУРНУЮ БРАНЬ В СОЦИАЛЬНОЙ СЕТИ ⚖ Сайрамским районным судом Туркестанской области рассмотрено административное дело в отношении гражданки Ш., по ч.1 ст.434 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (КоАП РК) —мелкое хулиганство, а именно использование нецензурной брани в общественных местах, оскорбительное приставание к физическим лицам и иные подобные действия, выражающие неуважение к окружающим, нарушающие общественный порядок и спокойствие физических лиц. ⚖ Данная статья предусматривает наказание в виде штрафа вразмере 20 МРП, либо привлечение к общественным работам на срок от 20 до 60 часов, либо административный арест на срок от 5 до 10 суток. ⚖ Судом установлено: 27 июля 2026 года около 15:00 часов гражданка Ш., находясь в селе Касымбек Датка Сайрамского района, во время прямого эфира (стрима) в социальной сети TikTok, в присутствии примерно 30–40 зрителей, использовала нецензурные выражения и проявила неуважение к окружающим. При назначении наказания суд учел в качестве смягчающих обстоятельств то, что она является матерью одинокой, воспитывающей двоих несовершеннолетних детей. В связи с чем, на основании ч.2 ст.829-11 КоАП РК размер штрафа был снижен на 30 %. В результате гражданке Ш., был назначен административный штраф в размере 60 550 тенге. ⚖ Постановлением суда от 30 июля 2026 года: Правонарушитель признана виновной в совершении административного правонарушения предусмотренной ст.434 ч.1 КоАП, по которому назначено наказание в виде административного штрафа в размере 60 550 тенге. Постановление не вступило в законную силу. Пресс-служба Туркестанского областного суда

  • СОТ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БАЛАҒАТ СӨЗ АЙТҚАНҒА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАДЫ ⚖ Түркістан облысы Сайрам аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Ш.,-ға қатысты ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиісу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер бойынша әкімшілік ісін қарады. ⚖ Аталған бапта –20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе жиырма сағаттан алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға түріндегі жаза көзделген. ⚖ Сотпен анықталғаны: 2026 жылдың 27 шілдесінде Ш., сағат 15:00 шамасында Сайрам ауданы, Қасымбек Датка ауылында, «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде, стримда шамамен 30-40 адам көрермендердің қатысуында, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық танытқан. Сот жеңілдететін мән-жайға оның жалғыз басты ана екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі балалары бар екенін ескере отырып, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде айыппұлды 30 % төмендетіп түпкілікті 60 550 теңге айыппұл салды. ⚖ 2026 жылғы 30 шілдедегі сот қаулысымен: Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 60 550 (алпыс мың бес жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

  • без подписи

  • 🔷 Бүгін Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық және өткізу кезеңдерінде сайлау заңнамасын қолдану мәселелері бойынша семинар жиналысы өткізілді. 🔹 Жиналысқа Алқа төрағасы А.Байтурова, Әкімшілік соттың судьялары мен төрағасы М.Шарипов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары,Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.Мырзакелдиев қатысты. 🔹 Жиында сөз сөйлеген алқа төрағасы А.Байтурова, әкімшілік соттың төрағасы М. Шарипов, судья Г. Мекембай және Түркістан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі К. Мырзакелдиев өз баяндамаларында сайлауға байланысты дауларды сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері, сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңдерінде туындайтын арыз-шағымдарды қабылдау мен қарау рәсімдері туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, партиялық тізімдерді ұсыну, дауыстарды санау, сайлау комиссияларының шешім қабылдау тәртібі және сайлау процесіне қатысты өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • без подписи

  • Құрметті азаматтар! Қоғамдық орындарды ластау – заң бұзушылық. Соңғы өзгерістерге сәйкес мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтілді. Тазалықты сақтайық, қоғамдық тәртіпті құрметтейік! Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі -------------------------------- Уважаемые граждане! Загрязнение общественных мест является правонарушением. В соответствии с последними изменениями ответственность за такие действия ужесточена. Соблюдайте чистоту и уважайте общественный порядок! Пресс-служба Туркестанского областного суда

  • без подписи

  • Түркістан облыстық сотында мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселелері талқыланды 🟢 Түркістан облыстық сотында мемлекеттік тілде сот төрелігін жүргізу және процестік құжаттардың сапасын арттыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. 🟢 Іс-шараны Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р. Хасенов төрағалық етті. 🟢 Дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, прокуратура, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, полиция департаменті және Сот сараптамалары институтының өкілдері қатысты. 🟢 Жиын барысында ауданаралық тергеу сотының судьясы Н. Жораева мемлекеттік тілде сот төрелігін жүргізудің жай-күйі және тергеу материалдарын мемлекеттік тілде ресімдеу мәселелері бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы Б. Альшеров процестік құжаттардың сапасы, оларда кездесетін типтік кемшіліктер және оларды шешу жолдары жөнінде баяндама оқыды. 🟢 Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, аталған бағыттағы жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі