Конституциялық Сот 🇰🇿
Статистика🇰🇿Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 🇰🇿Конституционный Суд Республики Казахстан https://taplink.cc/consud.kz
- Последний пост
- 14 авг.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 10
- Всего постов
- 45
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 375
- 1/48двое суток
- 429
- 1/72трое суток
- 463
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
🌐 Новости мира конституционного правосудия Федеральный конституционный суд Германии защитил право быть заслушанным в суде Федеральный конституционный суд Германии рассмотрел вопрос о соблюдении права лица быть заслушанным при рассмотрении дела и признал его нарушенным. Поводом для конституционной жалобы стало заочное решение о взыскании задолженности по арендной плате и коммунальным платежам. Судебные документы были направлены адвокату, который ранее являлся партнером юридической фирмы, представлявшей заявительницу, однако прекратил с ней сотрудничество еще в 2021 году. Заявительница утверждала, что не уполномочивала данного адвоката представлять ее интересы и получать судебные документы. В подтверждение своих доводов она представила соответствующие документы. Федеральный конституционный суд установил, что региональный суд не рассмотрел надлежащим образом существенные доводы заявительницы и представленные ею доказательства. Суд подчеркнул, что закрепленное статьей 103 (1) Основного закона Германии право быть заслушанным обязывает суды учитывать доводы сторон, имеющие значение для исхода дела. В связи с установленным нарушением Федеральный конституционный суд отменил соответствующее решение регионального суда. Земля Бранденбург также обязана возместить заявительнице необходимые расходы. Источник: Федеральный конституционный суд Германии, решение от 10 июня 2026 года (https://www.bundesverfassungsgericht.de/SharedDocs/Entscheidungen/DE/2026/06/rk20260610_1bvr208025.html?nn=68112&utm_source) #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Германияның Федералдық конституциялық соты сотта тыңдалу құқығын қорғады Германияның Федералдық конституциялық соты істі қарау барысында адамның сотта тыңдалу құқығының сақталуы мәселесін қарап, аталған құқықтың бұзылғанын анықтады. Конституциялық шағым беруге жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу туралы сырттай шығарылған шешім негіз болды. Сот құжаттары бұған дейін өтініш берушінің мүддесін білдірген заң фирмасының серіктесі болған, алайда 2021 жылы онымен ынтымақтастығын тоқтатқан адвокатқа жіберілген. Өтініш беруші аталған адвокатқа өз мүддесін білдіруге және сот құжаттарын алуға өкілеттік бермегенін мәлімдеді. Ол өз уәждерін растау үшін тиісті құжаттарды ұсынды. Федералдық конституциялық сот өңірлік соттың өтініш берушінің іс үшін елеулі маңызы бар уәждерімен ол ұсынған дәлелдемелерді тиісті түрде қарамағанын анықтады. Сот Германия Негізгі заңының 103-бабының 1-тармағында бекітілген тыңдалу құқығы соттарды істің нәтижесі үшін маңызы бар тараптардың уәждерін ескеруге міндеттейтінін атап өтті. Анықталған құқық бұзушылыққа байланысты Федералдық конституциялық сот өңірлік соттың тиісті шешімінің күшін жойды. Сондай-ақ Бранденбург жері өтініш берушінің қажетті шығындарын өтеуге міндетті. Дереккөз: Германияның Федералдық конституциялық соты, 2026 жылғы 10 маусымдағышешім (https://www.bundesverfassungsgericht.de/SharedDocs/Entscheidungen/DE/2026/06/rk20260610_1bvr208025.html?nn=68112&utm_source=) #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
🌐 Новости мира конституционного правосудия Конституционный суд Испании определил пределы защиты информации, распространяемой в социальных сетях Конституционный суд Испании рассмотрел вопрос о соотношении свободы выражения мнения, права на распространение информации и защиты чести при публикации сведений в социальных сетях. Суд отметил, что при распространении сведений о фактах учитывается требование их достоверности. Суд отметил, что к обычным пользователям социальных сетей не могут предъявляться такие же требования по проверке информации, как к профессиональным журналистам. Вместе с тем при распространении серьезных обвинений от пользователя ожидается необходимая осмотрительность. Рассматривая жалобу бывшего муниципального советника, Суд установил, что часть опубликованных сведений подтверждалась видеозаписью, однако ряд других утверждений не был проверен по независимым источникам. Суд также учел публичный статус заявителя, отметив, что положение избранного представителя придает его высказываниям дополнительный общественный вес. Источник: Конституционный суд Испании, информационное сообщение № 76/2026 от 20 июля 2026 года (https://www.tribunalconstitucional.es/es/prensa/Paginas/default.aspx?utm_source=) #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Испанияның Конституциялық Соты әлеуметтік желілерде таратылатын ақпаратты қорғаудың шегін айқындады Испанияның Конституциялық Соты әлеуметтік желілерде мәліметтер жариялау кезінде пікір білдіру бостандығы, ақпарат тарату құқығы және ар-намысты қорғау құқығының арақатынасы мәселесін қарады. Сот фактілер туралы мәліметтерді тарату кезінде олардың шынайылығына қойылатын талап ескерілетінін атап өтті. Бұл ретте әлеуметтік желілердің қарапайым пайдаланушыларына ақпаратты тексеру тұрғысынан кәсіби журналистерге қойылатын талаптармен бірдей талаптар қойылмайды. Сонымен қатар елеулі айыптауларды таратқан кезде пайдаланушыдан қажетті сақтық пен жауапкершілік таныту күтіледі. Бұрынғы муниципалдық кеңесшінің шағымын қарау барысында Сот жарияланған мәліметтердің бір бөлігі бейнежазбамен расталғанын, алайда өзге бірқатар тұжырымдардың тәуелсіз дереккөздер арқылы тексерілмегенін анықтады. Сондай-ақ Сот өтініш берушінің жария тұлға ретіндегі мәртебесін ескеріп, сайланбалы өкіл мәртебесі оның мәлімдемелеріне қоғам алдында қосымша салмақ беретінін атап өтті. Дереккөз: Испанияның Конституциялық Соты, 2026 жылғы 20 шілдедегі № 76/2026 ақпараттық хабарлама (https://www.tribunalconstitucional.es/es/prensa/Paginas/default.aspx?utm_source=). #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
🌐 Новости мира конституционного правосудия Конституционный суд Румынии признал неконституционными отдельные положения закона о внесении изменений в Уголовно-процессуальный кодекс Конституционный суд Румынии единогласно удовлетворил возражение о неконституционности, сформулированное Высшим судом кассации и юстиции – Объединенными секциями, и признал неконституционными отдельные положения Закона о внесении изменений и дополнений в Закон № 135/2010 об Уголовно-процессуальном кодексе. Конституционный суд установил, что оспариваемые положения нарушают требования качества законодательства, право на справедливое судебное разбирательство и право на защиту, гарантированные статьями 1, пунктом (5), 21, пунктом (3) и 24 Конституции. Суд отметил, что нормы, регулирующие полномочия судьи предварительной палаты по объединению или разделению уголовных дел, не соответствуют характеру этой стадии процесса и создают законодательную непоследовательность, несовместимую с принципом ясности и предсказуемости закона. Кроме того, Конституционный суд признал неконституционными положения, устанавливающие обязанность участников уголовного процесса соблюдать определенные сроки без четкого определения процедуры их исчисления и исполнения. По мнению суда, такие нормы не обеспечивают эффективную реализацию процессуальных прав участников дела и нарушают принцип законности уголовного судопроизводства. Также суд указал, что признание решений судьи предварительной палаты имеющими силу res judicata и подпадающими под действие принципа ne bis in idem не соответствует природе таких решений, поскольку они не разрешают вопрос о виновности или невиновности обвиняемого и не затрагивают существо уголовного дела. Конституционный суд подчеркнул, что подобное регулирование могло бы ограничить возможность применения процессуальных гарантий, включая исключение незаконно полученных доказательств и защиту фундаментальных прав участников уголовного процесса. - Res judicata (лат. «решенное дело») — это юридический принцип, означающий, что вопрос, по которому уже вынесено окончательное судебное решение, не может повторно рассматриваться между теми же сторонами по тому же предмету; - Ne bis in idem (лат. «не дважды за одно и то же») — это юридический принцип, согласно которому никто не может быть повторно привлечен к уголовной ответственности или наказан за одно и то же деяние, если по нему уже имеется окончательное решение суда. #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Румынияның Конституциялық соты Қылмыстық-процестік кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп таныды Румынияның Конституциялық соты Жоғарғы кассациялық және әділет сотының Біріккен палаталары тұжырымдаған конституцияға сәйкессіздік туралы қарсылықты бірауыздан қанағаттандырып, Қылмыстық-процестік кодексі туралы № 135/2010 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп таныды. Конституциялық сот дауланып отырған ережелер заңнаманың сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Конституцияның 1-бабының 5-тармағында, 21-бабының 3-тармағында және 24-бабында кепілдік берілген әділ сот талқылауына және қорғалуға құқықтарды бұзады деген қорытындыға келді. Сот қылмыстық істерді біріктіру немесе бөлу жөніндегі алдын ала сот отырысы судьясының өкілеттіктерін реттейтін нормалардың осы процестік кезеңнің сипатына сәйкес келмейтінін және заңның айқындығы мен болжамдылығы қағидатымен үйлеспейтін заңнамалық бірізділіктің бұзылуына әкелетінін атап өтті. Бұдан бөлек, Конституциялық сот қылмыстық процеске қатысушыларға оларды есептеу және орындау тәртібі нақты айқындалмаған белгілі бір мерзімдерді сақтау міндетін жүктейтін ережелерді де конституциялық емес деп таныды. Соттың пікірінше, мұндай нормалар іс бойынша қатысушылардың процестік құқықтарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етпейді және қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылық қағидатын бұзады. Сондай-ақ Сот алдын ала палата судьясының шешімдерін «res judicata» күшіне ие және «ne bis in idem» қағидатының қолданылу аясына жатады деп тану мұндай шешімдердің құқықтық табиғатына сәйкес келмейтінін атап өтті. Өйткені олар айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы мәселені шешпейді және қылмыстық істің мәніне қатысты болмайды. Конституциялық сот мұндай құқықтық реттеу процестік кепілдіктерді, оның ішінде заңсыз алынған дәлелдемелерді алып тастауды және қылмыстық процеске қатысушылардың негізгі құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мүмкіндігін шектеуі мүмкін екенін атап өтті. Res judicata (лат. «шешілген іс») — бұрын түпкілікті сот шешімі шығарылған мәселенің сол тараптар арасында сол нысана бойынша қайта қаралуына жол бермейтін құқықтық қағидат. Ne bis in idem (лат. «бір нәрсе үшін екі рет емес») — егер белгілі бір әрекетке қатысты соттың түпкілікті шешімі шығарылған болса, ешкім сол әрекеті үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартылмауға немесе жазаланбауға тиіс деген құқықтық қағидат. #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
🌐 Новости мира конституционного правосудия Конституционный суд Румынии признал неконституционными изменения в Гражданский процессуальный кодекс, ограничивающие содержание судебных решений Конституционный суд Румынии единогласно удовлетворил возражение о неконституционности, внесенное Народным адвокатом, и признал неконституционным закон о внесении изменений в статью 425, пункт (1), букву b) Закона № 134/2010 о Гражданском процессуальном кодексе. Оспариваемые изменения исключали из обязательного содержания судебного решения краткое изложение доводов сторон. Конституционный суд установил, что такое исключение нарушает требования прозрачности правосудия и приводит к нарушению права на справедливое судебное разбирательство, гарантированного статьей 21, пунктом (3) Конституции. Суд отметил, что структура судебного решения является важной гарантией верховенства права и позволяет сторонам понять, каким образом суд пришел к своему выводу. Изложение основных требований, возражений и аргументов участников процесса обеспечивает возможность проверки соблюдения принципа состязательности и оценки полноты судебного анализа. По мнению Конституционного суда, судебное решение должно отражать последовательную связь между доводами сторон, установленными обстоятельствами, правовым анализом и итоговым выводом суда. Правосудие должно быть не только осуществлено, но и быть понятным и прозрачным для участников процесса и общества. В связи с этим Конституционный суд постановил, что исключение из статьи 425 Гражданского процессуального кодекса положения о необходимости отражения кратких аргументов сторон в судебном решении противоречит конституционному праву на справедливое судебное разбирательство. #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Румынияның Конституциялық соты сот шешімдерінің мазмұнын шектейтін Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістерді конституцияға қайшы деп таныды Румынияның Конституциялық соты Халық адвокаты енгізген конституцияға сәйкессіздік туралы қарсылықты бірауыздан қанағаттандырып, Азаматтық процестік кодекс туралы № 134/2010 Заңның 425-бабы 1-тармағының b) тармақшасына өзгерістер енгізу туралы заңды конституцияға қайшы деп таныды. Даулы өзгерістер сот шешімінің міндетті мазмұнынан тараптардың дәлелдерін қысқаша баяндау талабын алып тастауды көздеген. Конституциялық сот мұндай өзгеріс сот төрелігінің ашықтығы талаптарын бұзатынын және Конституцияның 21-бабының 3-тармағында кепілдік берілген әділ сот талқылауына құқықтың бұзылуына әкеп соғатынын анықтады. Сот сот шешімінің құрылымы құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды кепілдігі болып табылатынын және тараптарға соттың қандай негіздерге сүйене отырып қорытындыға келгенін түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Процеске қатысушылардың негізгі талаптарын, қарсылықтары мен дәлелдерін баяндау жарыспалылық қағидатының сақталуын тексеруге және сот талдауының толықтығын бағалауға мүмкіндік береді. Конституциялық соттың пікірінше, сот шешімінде тараптардың дәлелдері, анықталған мән-жайлар, құқықтық талдау және соттың түпкілікті қорытындысы арасындағы жүйелі әрі қисынды байланыс көрініс табуға тиіс. Сот төрелігі жүзеге асырылып қана қоймай, процеске қатысушылар мен қоғам үшін түсінікті әрі ашық болуы қажет. Осыған байланысты Конституциялық сот Азаматтық процестік кодекстің 425-бабынан сот шешімінде тараптардың дәлелдерін қысқаша көрсету қажеттігі туралы ережені алып тастау конституциялық тұрғыдан кепілдік берілген әділ сот талқылауына құқыққа қайшы келеді деп қаулы етті. #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ 📆 03.08.2026 – 07.08.2026 ✅ В Конституционном Суде состоялась встреча с миссией БДИПЧ ОБСЕ 🔗 подробнее ✅ Конституционный Суд определил ключевые подходы к защите семьи и прав ребенка 🔗 подробнее ✅ Защита семьи и баланс между равенством и специальными гарантиями 🔗 подробнее 📱 @consot_kz Instagram | Facebook | X
📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ 📆 03.08.2026 – 07.08.2026 ✅ Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті 🔗 толығырақ ✅ Конституциялық Сот отбасы мен бала құқықтарын қорғаудың негізгі тәсілдерін айқындады 🔗 толығырақ ✅ Отбасын қорғау және теңдік қағидаты мен арнайы кепілдіктер арасындағы теңгерім 🔗 толығырақ 📱 @consot_kz Instagram | Facebook | X
🌐 Новости мира конституционного правосудия Конституционный суд Черногории отменил решение Верховного суда по делу о подмене ребенка в родильном доме Конституционный суд Черногории удовлетворил конституционную жалобу семьи, отменил решение Верховного суда и направил дело на новое рассмотрение. Жалоба касалась размера компенсации морального вреда, присужденной после установления факта подмены ребенка в родильном доме. Заявители считали, что суды не учли тяжесть нарушения их права на идентичность, достоинство, а также на уважение частной и семейной жизни. Конституционный суд указал, что государство не выполнило свои позитивные и процессуальные обязанности по эффективному расследованию обстоятельств подмены ребенка, фактически переложив на семью бремя установления истины, проведения дорогостоящих ДНК-экспертиз и многолетнего судебного разбирательства. Суд отметил, что право человека знать свое биологическое происхождение является фундаментальным элементом личной идентичности и сохраняется на протяжении всей жизни. Суд подчеркнул, что при определении размера компенсации необходимо учитывать исключительный характер подобных нарушений, их влияние на психическое состояние человека, его достоинство и семейную жизнь. По мнению Конституционного суда, суды общей юрисдикции не дали надлежащей оценки конституционно-правовой значимости нарушения права на частную и семейную жизнь, гарантированного статьей 40 Конституции Черногории и статьей 8 Европейской конвенции о правах человека. В связи с этим Конституционный суд отменил решение Верховного суда и обязал его повторно рассмотреть дело с учетом конституционных и конвенционных стандартов защиты права на частную и семейную жизнь. #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Черногория Конституциялық соты перзентханада баланың ауыстырылуына қатысты іс бойынша Жоғарғы соттың шешімінің күшін жойды Черногория Конституциялық соты отбасының конституциялық шағымын қанағаттандырып, Жоғарғы соттың шешімінің күшін жойды және істі жаңадан қарауға жіберді. Шағым перзентханада баланың ауыстырылғаны анықталғаннан кейін тағайындалған моральдық зиянды өтеу мөлшеріне қатысты болды. Өтініш берушілер соттар олардың жеке басының сәйкестігіне, қадір-қасиетіне, сондай-ақ жеке және отбасылық өміріне құрметпен қарау құқықтарының өрескел бұзылғанын тиісті деңгейде ескермегенін алға тартты. Конституциялық сот мемлекет баланың ауыстырылу мән-жайларын тиімді тергеп-тексеру жөніндегі өзінің оң және процестік міндеттерін орындамағанын атап өтті. Соның салдарынан шындықты анықтау, қымбат ДНҚ-сараптамаларын жүргізу және ұзақ жылдарға созылған сот талқылауын жүргізу ауыртпалығы отбасының өзіне жүктелген. Сот адамның өзінің биологиялық тегін білу құқығы жеке басының сәйкестігінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатынын және бұл құқық өмір бойы сақталатынын көрсетті. Сот өтемақы мөлшерін айқындау кезінде мұндай құқық бұзушылықтардың айрықша сипатын, олардың адамның психикалық жай-күйіне, қадір-қасиетіне және отбасылық өміріне тигізетін әсерін ескеру қажет екенін атап өтті. Конституциялық соттың пікірінше, жалпы юрисдикция соттары Черногория Конституциясының 40-бабымен және Адам құқықтары туралы Еуропалық конвенцияның 8-бабымен кепілдік берілген жеке және отбасылық өмірге қол сұқпаушылық құқығының конституциялық-құқықтық маңызын тиісті түрде бағаламаған. Осыған байланысты Конституциялық сот Жоғарғы соттың шешімінің күшін жойып, істі жеке және отбасылық өмірге қол сұқпаушылық құқығын қорғаудың конституциялық және конвенциялық стандарттарын ескере отырып қайта қарауды міндеттеді. #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
🌐 Новости мира конституционного правосудия Конституционный суд Словении поддержал реформу общественного вещателя, но признал одну из норм закона неконституционной Конституционный суд Словении признал соответствующими Конституции основные положения закона о реформе общественного вещателя RTV Slovenia, изменившего систему управления и формирования руководящих органов компании. Суд пришел к выводу, что новая модель назначения членов Совета RTV Slovenia, в которой участвуют сотрудники компании, независимые государственные органы и организации гражданского общества, способствует общественному плюрализму и снижает политическое влияние на деятельность вещателя. Также признано законным досрочное прекращение полномочий прежнего руководства в рамках перехода к новой системе, поскольку это было необходимо для деполитизации компании. Вместе с тем Конституционный суд признал неконституционной норму, позволявшую досрочно прекращать полномочия члена Совета RTV Slovenia только на основании жалобы Комиссии по предотвращению коррупции. Суд указал, что одного лишь подозрения недостаточно для столь серьезных правовых последствий, поскольку такая мера нарушает закрепленный в Конституции принцип презумпции невиновности. #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Словенияның Конституциялық соты қоғамдық хабар таратушыны реформалау туралы заңның негізгі ережелерін Конституцияға сәйкес деп таныды, алайда оның бір нормасын конституциялық емес деп тапты Словенияның Конституциялық соты қоғамдық хабар таратушы RTV Slovenia қызметін басқару және оның басшылық органдарын қалыптастыру тәртібін өзгерткен реформа туралы заңның негізгі ережелері Конституцияға сәйкес келеді деген қорытындыға келді. Сот RTV Slovenia кеңесінің мүшелерін тағайындаудың жаңа моделі, оған компания қызметкерлері, тәуелсіз мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам ұйымдары қатысатынын ескере отырып, қоғамдық пікір алуандығын қамтамасыз етуге және хабар таратушы қызметіне саяси ықпалдың төмендеуіне ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ жаңа басқару жүйесіне көшу кезеңінде бұрынғы басшылықтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату компанияны саясатсыздандыру мақсатында қажет болғандықтан, Конституцияға қайшы келмейді деп танылды. Сонымен қатар Конституциялық сот RTV Slovenia кеңесі мүшесінің өкілеттігін тек Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның шағымы негізінде мерзімінен бұрын тоқтатуға мүмкіндік беретін норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Соттың пайымдауынша, мұндай ауыр құқықтық салдарға әкелетін шешім қабылдау үшін күдіктің өзі жеткіліксіз, өйткені бұл Конституцияда бекітілген кінәсіздік презумпциясы қағидатын бұзады. #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
🌐 Новости мира конституционного правосудия Федеральный верховный суд Швейцарии признал конституционным запрет на продажу одноразовых электронных сигарет в кантоне Вале Поводом для рассмотрения дела стали жалобы Ассоциации торговли табачными изделиями Швейцарии, компании Philip Morris Switzerland и других заявителей на изменения в Законе о здравоохранении кантона Вале. Поправки, принятые кантоном, ввели запрет на продажу одноразовых электронных сигарет под угрозой уголовной ответственности. Заявители утверждали, что кантон вышел за пределы своих полномочий, поскольку вопросы регулирования табачной продукции уже урегулированы федеральным законодательством. По их мнению, запрет необоснованно ограничивает свободу экономической деятельности участников рынка. Федеральный верховный суд пришел к выводу, что оспариваемый запрет соответствует федеральному законодательству. Суд отметил, что его основными целями являются защита окружающей среды и охрана общественного здоровья. Суд указал, что Закон об охране окружающей среды предоставляет Федеральному совету полномочие запрещать выпуск в обращение одноразовой продукции. Однако в отношении одноразовых электронных сигарет это полномочие на федеральном уровне до настоящего времени не реализовано. В этих условиях кантоны вправе самостоятельно вводить соответствующие ограничения. Кроме того, суд подчеркнул, что отсутствие запрета на одноразовые электронные сигареты в Федеральном законе о табачных изделиях не препятствует принятию кантональных мер, направленных на защиту окружающей среды. С учетом преследуемых целей суд признал ограничение доступа на рынок в кантоне Вале и связанное с ним вмешательство в свободу экономической деятельности соразмерными. #КонституционныйСуд #Конституция #ПраваЧеловека #ВерховенствоПрава
🌐 Әлемдегі конституциялық сот төрелігі жаңалықтары Швейцария Федералдық Жоғарғы соты Вале кантонында бір реттік электрондық темекілерді сатуға тыйым салуды Конституцияға сәйкес деп таныды Істі қарауға Швейцарияның Темекі өнімдері саудасы қауымдастығының, Philip Morris Switzerland компаниясының және басқа да өтініш берушілердің Вале кантонының Денсаулық сақтау туралы заңына енгізілген өзгерістерге қатысты шағымдары негіз болды. Кантон қабылдаған түзетулерге сәйкес, бір реттік электрондық темекілерді сатуға қылмыстық жауаптылық көзделе отырып тыйым салынды. Өтініш берушілер темекі өнімдерінің айналымын реттеу мәселелері федералдық заңнамамен реттелгендіктен, кантон өз өкілеттігінің шегінен шықты деп мәлімдеді. Сондай-ақ олардың пікірінше, аталған тыйым нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызмет еркіндігін негізсіз шектейді. Федералдық Жоғарғы сот дауланып отырған тыйымның федералдық заңнамаға сәйкес келетіні туралы қорытындыға келді. Сот бұл шараның негізгі мақсаттары қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық денсаулықты сақтау екенін атап өтті. Соттың түсіндіруінше, Қоршаған ортаны қорғау туралы федералдық заң Федералдық кеңеске бір реттік өнімдердің айналымға шығарылуына тыйым салу өкілеттігін береді. Алайда бір реттік электрондық темекілерге қатысты бұл өкілеттік осы уақытқа дейін федералдық деңгейде жүзеге асырылмаған. Осындай жағдайда кантондар тиісті шектеулерді өз бетінше енгізуге құқылы. Сонымен қатар сот Темекі өнімдері туралы федералдық заңда бір реттік электрондық темекілерге тыйымның болмауы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кантондық шараларды қабылдауға кедергі келтірмейтінін атап өтті. Көзделген мақсаттарды ескере отырып, сот Вале кантонында нарыққа қол жеткізуді шектеуді және соған байланысты кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне араласуды пропорционалды деп таныды. #КонституциялықСот #Конституция #АдамҚұқықтары #ҚұқықҮстемдігі
Защита семьи и баланс между равенством и специальными гарантиями Рассматривая вопрос применения административного ареста в отношении родителей, самостоятельно воспитывающих несовершеннолетних детей, Конституционный Суд указал, что специальные гарантии защиты материнства и детства могут применяться с учетом объективных обстоятельств. Суд отметил, что принцип равенства не исключает установления специальных мер защиты, если они направлены на достижение фактического равенства и обусловлены необходимостью охраны прав и интересов ребенка. Вместе с тем Конституционный Суд обратил внимание на необходимость совершенствования законодательства в части определения статуса лица, самостоятельно воспитывающего ребенка, для обеспечения единообразной правоприменительной практики. Справочно: нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 18 мая 2026 года № 80-НП: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1013209?lang=ru Право ребенка на достойное содержание Особое место в практике Конституционного Суда занимают вопросы исполнения алиментных обязательств. Суд последовательно исходит из того, что забота о детях и их воспитание являются естественным правом и обязанностью родителей, а мать и отец несут равную ответственность за создание условий для полноценного развития ребенка. При рассмотрении вопроса определения доходов индивидуальных предпринимателей при исчислении алиментов Конституционный Суд признал действующее регулирование соответствующим Конституции, отметив, что порядок определения дохода основывается на механизмах налогового законодательства. Одновременно Суд указал на необходимость дальнейшего совершенствования регулирования для обеспечения справедливого баланса между имущественными интересами родителей и правом ребенка на достойное содержание. Справочно: нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 46-НП: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/684256?lang=ru В другом деле Конституционный Суд рассмотрел вопрос исполнения алиментных обязательств при наличии нескольких взыскателей. Суд отметил, что при разрешении таких споров необходимо учитывать материальное и семейное положение родителей, а также развивать законодательные механизмы регулирования подобных правоотношений. Справочно: нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 24 декабря 2024 года № 58-НП: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769746?lang=ru Роль Конституционного Суда в развитии семейного законодательства Айжан Жатканбаева подчеркнула, что Конституционный Суд при рассмотрении обращений осуществляет не только проверку соответствия оспариваемых норм Конституции, но и проводит системный анализ правового регулирования. В практике Конституционного Суда сформированы правовые позиции по вопросам реализации права ребенка на семейные связи, определения национальности ребенка, раздела общего имущества супругов, соблюдения банковской тайны супругов и другим вопросам семейного законодательства. «Эффективность государственной семейной политики определяется ее соответствием Конституции Республики Казахстан и способностью обеспечивать реальную защиту прав и свобод человека. Конституционный Суд является действенным механизмом защиты конституционных прав граждан, а его правовые позиции способствуют совершенствованию законодательства и развитию единообразной правоприменительной практики», - отметила судья. Таким образом, практика Конституционного Суда последовательно направлена на обеспечение баланса между принципами равенства, социальной справедливости и необходимостью особой защиты семьи и детства. Сформированные правовые позиции становятся ориентиром для дальнейшего развития законодательства, укрепления конституционных гарантий прав человека и обеспечения приоритета прав и законных интересов ребенка.
Конституционный Суд определил ключевые подходы к защите семьи и прав ребенка Практика Конституционного Суда Республики Казахстан в сфере семейного законодательства укрепляет гарантии защиты семьи, материнства, отцовства и детства, а также способствует совершенствованию законодательства и формированию единообразного применения конституционных норм. Об этом рассказала судья Конституционного Суда Айжан Жатканбаева на круглом столе, организованном Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике совместно с Конституционным Судом Республики Казахстан. В ходе мероприятия были представлены правовые позиции Конституционного Суда по вопросам усыновления детей, равенства родителей в реализации семейных прав и обязанностей, пенсионных гарантий родителей, осуществляющих уход за ребенком, применения отдельных мер административной ответственности, а также исполнения алиментных обязательств. Айжан Жатканбаева отметила, что обновленная Конституция Республики Казахстан усилила гарантии защиты семьи. Основной Закон закрепил брак как добровольный и равноправный союз мужчины и женщины, зарегистрированный государством, а также признал семью, материнство, отцовство и детство самостоятельными конституционными ценностями, находящимися под защитой государства. «Семья является не только сферой частной жизни человека, но и важнейшим социальным институтом. Конституционная защита семьи основывается на принципах добровольности брака, равноправия супругов, взаимной ответственности родителей и приоритета прав и законных интересов ребенка», - подчеркнула судья Конституционного Суда. Равенство родителей и приоритет интересов ребенка Одним из значимых направлений практики Конституционного Суда стало рассмотрение вопросов, связанных с реализацией принципа равенства мужчин и женщин в семейной сфере. При рассмотрении вопроса о соответствии Конституции отдельных положений законодательства об усыновлении (удочерении) детей Конституционный Суд указал на необходимость соблюдения принципа равенства лиц, находящихся в сопоставимых обстоятельствах, и недопустимость необоснованного различия в правовом регулировании по мотивам пола. Вместе с тем Суд подчеркнул, что принцип равенства должен рассматриваться во взаимосвязи с особой конституционной защитой детства. При решении вопросов устройства ребенка в семью определяющим критерием являются его наилучшие интересы и обеспечение необходимых гарантий защиты. По итогам рассмотрения дела была сформирована правовая позиция, направленная на совершенствование регулирования отношений в сфере усыновления (удочерения) детей. Справочно: нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 23 июля 2024 года № 49-НП: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/695569?lang=ru Социальные гарантии родителей Конституционный Суд также сформировал позицию по вопросу учета периода ухода за ребенком при назначении пенсионных выплат. Суд указал, что такой период должен учитываться для любого из неработающих родителей – матери или отца, – если именно он фактически осуществлял уход за ребенком. Данная позиция основана на конституционном принципе равенства родителей и признании их общей ответственности за воспитание и развитие детей. Соответствующие подходы получили отражение в законодательстве Республики Казахстан. Одновременно Суд обратил внимание на необходимость дальнейшего совершенствования механизмов учета периода ухода за детьми при формировании пенсионных прав родителей. Справочно: нормативное постановление Конституционного Суда Республики Казахстан от 7 февраля 2025 года № 66-НП: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/795361?lang=ru
Отбасын қорғау және теңдік қағидаты мен арнайы кепілдіктер арасындағы теңгерім Кәмелетке толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ата-аналарға қатысты әкімшілік қамаққа алуды қолдану мәселесін қарау кезінде Конституциялық Сот ана болуды және балалық шақты қорғауға арналған арнайы кепілдіктер объективті мән-жайларды ескере отырып қолданылуы мүмкін екенін көрсетті. Сот теңдік қағидаты, егер арнайы қорғау шаралары нақты теңдікке қол жеткізуге бағытталып, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажеттілігіне негізделсе, оларды белгілеуді жоққа шығармайтынын атап өтті. Сонымен қатар Конституциялық Сот құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған адамның құқықтық мәртебесін айқындау бөлігінде заңнаманы жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы № 80-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1013209?lang=kk Баланың лайықты материалдық қамтамасыз етілу құқығы Конституциялық Сот практикасында алименттік міндеттемелерді орындау мәселелері ерекше орын алады. Сот балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы әрі міндеті болып табылатынын, ал ана мен әке баланың жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау үшін тең дәрежеде жауапты екенін дәйекті түрде негізге алады. Алимент мөлшерін есептеу кезінде жеке кәсіпкерлердің табысын айқындау мәселесін қарау барысында Конституциялық Сот қолданыстағы құқықтық реттеуді Конституцияға сәйкес деп таныды. Сонымен бірге табысты айқындау тәртібі салық заңнамасының тетіктеріне негізделетінін атап өтті. Сонымен қатар Сот ата-аналардың мүліктік мүдделері мен баланың лайықты материалдық қамтамасыз етілу құқығы арасындағы әділ теңгерімді қамтамасыз ету үшін құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетті. Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 28 маусымдағы №46-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/684256?lang=kk Тағы бір істе Конституциялық Сот бірнеше өндіріп алушы болған жағдайда алименттік міндеттемелерді орындау мәселесін қарады. Сот мұндай дауларды шешу кезінде ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын ескеру, сондай-ақ осыған ұқсас құқықтық қатынастарды реттеудің заңнамалық тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №58-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/769746?lang=kk Конституциялық Соттың отбасылық заңнаманы дамытудағы рөлі Айжан Жатқанбаева Конституциялық Сот өтініштерді қарау барысында дауланатын нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексеріп қана қоймай, құқықтық реттеуге жүйелі талдау жүргізетінін атап өтті. Конституциялық Сот практикасында баланың отбасылық байланыстарға құқығын іске асыру, баланың ұлтын айқындау, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, ерлі-зайыптылардың банктік құпиясын сақтау және отбасылық заңнаманың өзге де мәселелері бойынша құқықтық ұстанымдар қалыптастырылды. «Мемлекеттің отбасылық саясатының тиімділігі оның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігімен және адам құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету қабілетімен айқындалады. Конституциялық Сот азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың пәрменді тетігі болып табылады, ал оның құқықтық ұстанымдары заңнаманы жетілдіруге және құқық қолдану практикасының біркелкілігін дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті судья. Осылайша, Конституциялық Соттың практикасы теңдік, әлеуметтік әділеттілік қағидаттары мен отбасы мен балалық шақты ерекше қорғау қажеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге дәйекті түрде бағытталған. Қалыптасқан құқықтық ұстанымдар заңнаманы одан әрі дамытудың, адам құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайтудың және баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығын қамтамасыз етудің маңызды бағдары болып табылады.
Конституциялық Сот отбасы мен бала құқықтарын қорғаудың негізгі тәсілдерін айқындады Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отбасылық заңнама саласындағы тәжірибесі отбасыны, ана мен әке болуды және балалық шақты қорғау кепілдіктерін нығайтып, заңнаманы жетілдіруге әрі конституциялық нормалардың біркелкі қолданылуын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айжан Жатқанбаева Қазақстан Республикасының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде мәлімдеді. Іс-шара барысында Конституциялық Соттың балаларды асырап алу, ата-аналардың отбасылық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы теңдігі, балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ата-аналардың зейнетақы кепілдіктері, әкімшілік жауаптылықтың жекелеген шараларын қолдану, сондай-ақ алименттік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша құқықтық ұстанымдары таныстырылды. Айжан Жатқанбаева Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы отбасыны қорғау кепілдіктерін күшейткенін атап өтті. Ата Заңда неке мемлекет тіркейтін ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітілген. Сондай-ақ отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауындағы дербес конституциялық құндылықтар ретінде танылды. «Отбасы – адамның жеке өмірінің ғана емес, қоғамның аса маңызды әлеуметтік институты. Отбасының конституциялық қорғалуы некенің еріктілігі, ерлі-зайыптылардың тең құқықтылығы, ата-аналардың өзара жауапкершілігі және баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы қағидаттарына негізделеді», – деп атап өтті Конституциялық Соттың судьясы. Ата-аналардың теңдігі және баланың мүдделерінің басымдығы Конституциялық Сот практикасының маңызды бағыттарының бірі отбасылық қатынастарда ерлер мен әйелдердің теңдігі қағидатын іске асыруға байланысты мәселелерді қарау болды. Балаларды асырап алу туралы заңнаманың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарау барысында Конституциялық Сот ұқсас жағдайдағы адамдардың теңдігі қағидатын сақтаудың және жыныс белгісі бойынша құқықтық реттеуде негізсіз айырмашылықтарға жол бермеудің маңызын атап өтті. Сонымен бірге Сот теңдік қағидаты балалық шақты ерекше конституциялық қорғаумен өзара байланыста қаралуға тиіс екенін көрсетті. Баланы отбасына орналастыру мәселелерін шешу кезінде оның ең үздік мүдделерін қамтамасыз ету және қажетті қорғау кепілдіктерін сақтау шешуші өлшем болып табылады. Істі қарау қорытындысы бойынша балаларды асырап алу саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуді жетілдіруге бағытталған құқықтық ұстаным қалыптастырылды. Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 23 шілдедегі №49-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/695569?lang=kk Ата-аналардың әлеуметтік кепілдіктері Конституциялық Сот сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде балаға күтім жасау кезеңін есепке алу мәселесі бойынша құқықтық ұстаным қалыптастырды. Соттың пайымдауынша, мұндай кезең нақты күтімді жүзеге асырған жұмыс істемейтін ата-ананың кез келгеніне – анасына немесе әкесіне – есепке алынуға тиіс. Бұл ұстаным ата-аналардың теңдігі туралы конституциялық қағидатқа және олардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін ортақ жауапкершілігін тануға негізделген. Тиісті тәсілдер Қазақстан Республикасының заңнамасында көрініс тапты. Сонымен қатар Сот ата-аналардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру кезінде балаға күтім жасау кезеңін есепке алу тетіктерін одан әрі жетілдіру қажеттігіне назар аударды. Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 7 ақпандағы №66-НҚ нормативтік қаулысы: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/795361?lang=kk