tgindex
Ізгілердің сөзінен

Ізгілердің сөзінен

Статистика
@turar_abuказахский

Мақсат - рухани танымдық, ағартушылық бағыттағы жазбалар мен ізгілердің сөздерін жариялау.

Последний пост
9 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
В каталоге с
15 авг.
Подписчики
402
мало замеров
Замеров пока мало
Сутки
0
0,00%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
139
20 постов
Вовлечённость
34,6%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
116
1/48двое суток
132
1/72трое суток
143

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • Уа Раббым, бүгін мені тосын жаңалықтармен қуантқайсың. Ризық, несібемді молынан хайырымен бергейсің🤲🏻✨ Өзің разы болатындай ізгі амалдар жасауымды нәсіп етіп, әрбір ісіме береке бергейсің!🌺

  • Аллаһым, ризығымызды халал, табысымызды берекелі ет. Үйімізге молшылық, жүрегімізге тыныштық, істерімізге жеңілдік бер. Әр нығметте шүкір ете білетін, Әр қиындықта сабыр қылатын құлдарыңнан қыл! *Әумин*🤲🏻

  • Шарап жасаған болса, жүзімнің айыбы не? Залым барған болса, қажылықтың айыбы не? Екіжүзді болған болса, намаздың айыбы не? Мұсылман бола алмаса, діннің айыбы не? Тәрбие бере алмаса, баланың айыбы не? Өтірік айтқан болса, үлкендіктің айыбы не? Әдепсіз киінген болса, матаның айыбы не? Жақсы бола алмаса, жақсылардың айыбы не? Нәпсіге иелік ете алмаса, ақылдың айыбы не? Тіл алмаса, айтушының айыбы не? Кешіре алмаса, жүректің айыбы не? Өзін түзете алмаса, қоғамның айыбы не? Жақсы мен жаманды ажырата алмаса, иманның айыбы не? Сапқа келіп тұрмаса, имамның айыбы не? Айыбыңды айтпасам, адамгершіліктің айыбы не? Айтпақшы: Өзгені айыптамас бұрын өзіңізді айыптаңыз!!! #ізгілердіңескертуі

  • Бәрі бар... Бірақ... ✦ Туғаны бар... Мәміле жоқ. ✦ Әке-шешесі бар... Уақыты жоқ. ✦ Балалары бар... Тәрбиесі жоқ. ✦ Қыздары бар... Иманы жоқ. ✦ Ұлдары бар... Қайраты жоқ. ✦ Көрісуі бар... Сәлемі жоқ. ✦ Достары бар... Адалы жоқ. ✦ Денсаулығы бар... Әрекеті жоқ. ✦ Ақылы бар... Пікірі жоқ. ✦ Сөздері бар... Шындығы жоқ. ✦ Билігі бар... Әділдігі жоқ. ✦ Ақшасы бар... Зекеті жоқ. ✦ Ниеті бар... Қадамы жоқ!

  • Құлдың Раббысына риза болуы – ол Жаратушысының жазған тағдырын жек көрмеуі. Раббының құлға риза болуы – құлдың бұйрықтарды орындап, тыйымдардан тыйылып жүргенін көруі. Әр-Рағиб әл-Асфаһани

  • ПАЙҒАМБАРЛАР БІЗГЕ НЕ ҮЙРЕТТІ? 1. Пайғамбар Адам (а.с.) → Тәубе етуді. 2. Пайғамбар Ыдырыс (а.с.) → Ілім алу мен еңбектенуді. 3. Пайғамбар Нұх (а.с.) → Сабыр мен табандылықты. 4. Пайғамбар Һуд (а.с.) → Аллаға сенімді болуды. 5. Пайғамбар Салих (а.с.) → Алланың әміріне бағынуды. 6. Пайғамбар Ибраһим (а.с.) → Тәухид пен толық мойынсұнуды. 7. Пайғамбар Лұт (а.с.) → Әдеп пен ұятты сақтауды. 8. Пайғамбар Исмайыл (а.с.) → Құрбандық пен сабырды. 9. Пайғамбар Исхақ (а.с.) → Шүкір етуді. 10. Пайғамбар Яқуб (а.с.) → Сабыр мен сенімділікті. 11. Пайғамбар Юсуф (а.с.) → Сабыр мен көркем мінезді. 12. Пайғамбар Шуғайып (а.с.) → Әділдік пен адалдықты. 13. Пайғамбар Зүлкифл (а.с.) → Сабыр мен қанағатты. 14. Пайғамбар Мұса (а.с.) → Батырлық пен сенімділікті. 15. Пайғамбар Харун (а.с.) → Бауырмалдықты. 16. Пайғамбар Дәуіт (а.с.) → Әділдік пен шүкірді. 17. Пайғамбар Сүлеймен (а.с.) → Хикмет пен әділдікті. 18. Пайғамбар Ілияс (а.с.) → Аллаға берілгендікті. 19. Пайғамбар Әлиса (а.с.) → Ізгілікті насихаттауды. 20. Пайғамбар Юнус (а.с.) → Тәубе мен үмітті. 21. Пайғамбар Зәкәрия (а.с.) → Дұға етуді. 22. Пайғамбар Иса (а.с.) → Мейірімділік пен рақымды. 23. Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) → Ең көркем ахлақты.

  • 🎯 Мүмкіндігі бола тұра кедейді тойдырмаған мұсылман жәннатты армандамай-ақ қойсын. #ізгілердіңсөзінен

  • Бүгінгі басым мұсылмандар туралы ащы ақиқаттар... • Иманы бар — ықыласы жоқ. • Жайнамазы бар — намазы жоқ. • Хиджабы бар — ұяты жоқ. • Сақалы бар — тақуалығы жоқ. • Тәспісі бар — зікірі жоқ. • Құраны бар — тиләуаты жоқ. • Суы бар — дәреті жоқ. • Тағамы бар — шүкірі жоқ. • Өмірі бар — мағынасы жоқ. • Жұмысы бар — берекесі жоқ. • Ақшасы бар — тыныштығы жоқ. • Білімі бар — амалы жоқ. Бүгін амал бар — есеп жоқ. Ертең есеп бар — амал жоқ... Уақыт өтіп барады. Амал ететін күн – бүгін. 🤲 Алла Тағала баршамызға ықыласты иман, қабыл болған ғибадат және көркем мінез нәсіп етсін. Әмин. 🤲🌹🤲🌹🤲🌹

  • Түсінген адамға, таңертең ұйқыдан ауырмай оянудың өзі үлкен бақыт… Бұл өмірдегі ең үлкен сый оянған күніңді мәнді өткізу. Бүгінгі күн саған берілген мүмкіндік, оны бағалай біл! 🫀

  • Бір ізгі жаннан: "Таң намазының уақытында ауа неге сонша таза әрі берекелі болады?" – деп сұрапты. Сонда ізгі жан былай деп жауап беріпті: "Өйткені таң намазына жүрегі бұзылған ешбір адам оянбайды" - депті.

  • 🙋‍♂️ *Ассалаумағалайкум ардақтыларым!* Хижри Сафар айы / 1448 Ақшам (кешкі) азанымен Сафар айының алғашқы түні басталды. 15 шілде – Сафар айының алғашқы күні. Кейбір ғалымдар жеткізген риуаяттарда, жыл ішінде болатын кейбір бәле-жалалар мен сынақтардың Алланың қалауымен осы айда белгіленетіні айтылған. Сол себепті мүмін-мұсылмандарға Сафар айында: - дұғаны көбейту; - истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау); - Пайғамбарға ﷺ салауат айту; - садақа беру; - Құран Кәрімді көбірек оқу ұсынылған. 🤲 Раббым баршамызды бәледен жаладан, сынақтардан Өзі сақтасын, қорғасын, қамқорына алсын. Сафар айындағы дұға-тілектеріміз қабыл болсын.

  • Бәрі біз қалағандай болмаса да, бәрі Алла қалағандай болып жатқанын ұққан жүрегің тынышталсын! Алла қаласа сен сұраған тамшыны нөсер етіп жаудыратынына сенім арт!

  • Үлкен әулие Жалаладдин Руми бір кісінің (досының) көңілін қалдыру Қағбаны мың рет құлатқанмен бірдей екендігін айтқан. Ал досты қуанту екі дүниеде де кәдесі берілетін дұрыс қадам. Жафар бин Мұхаммед атасынан риуаят етеді: “Егер біреу мұсылманды (досын) қуантса, Аллаһ сол қуантқаны үшін, оған бір періште жаратады. Адам қайтыс болғанда, қабіріне Қуаныш Періштесі келіп: – Мені танисың ба? – деп сұрайды. – Сен кімсің? – дейді қайтыс болған кісі. Сонда Қуаныш Періштесі: – Мен пәленшеге жасаған қуаныштан жаратылған періштемін. Бүгін сенің жалғыздығыңа дос боламын және сені есепке тартатын періштелерге беретін жауабыңда саған жәрдемші боламын. Сен үшін Аллаһтың алдында шапағат етемін. Саған жәннаттағы орныңды көрсетемін» (Ибн-и Әбиддүния, Сауап).

  • Салт-дәстүрлер тек қана тәлім-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негізделген. Мәселен, аруақты сыйлау туралы бір ғана сөзбен тоқталсақ, бұл жерде мәселе марқұмның жетісі, қырқы, жылын атап мал союда емес, мәселе – ағайын туыс, құда-жегжатқа көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда. Ойлап көріңізші, кісісі өліп қаралы болған туысына, досына Атыраудан – Алтайға, Қызылжардан – Қызылордаға, Баян – Өлкеден – Баянауылға келетін кім? Ол – Қазақ. Топырақ салысуға үлгерейік немесе жетісінде бет көрісейік, қырқына барамыз деп, бет көрмесе мынау тірлікте өзін кінәлі сезінетін халық кім? Сол біздің – Қазақ. Өлімнің артын күтудің өзі –Қазақ үшін бірлік пен берекенің, ұят пен ардың нышаны. Ендеше арыдан ойлар болсақ, осылардан айырылсақ біртұтас халқымыздың елі мен жерінің тұтастығына сызат түспей ме!

  • Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз. Ұлттық ар болуы керек деп есептеймін.

  • Қазақ мұсылмандықты қабылдағаннан бастап ханафи мектебінің қағидаларын негізге алған. Осылайша, Әбу Ханифа мәзһабы (діни-құқықтық мектеп) сан ғасырлардан бері қазақ халқына сіңісті, ұлттық дағдысына айналған дәстүрлі жол болып саналады.

  • Менің өмірімдегі ең зор өкінішім: күн сайын батқан күнмен бірге бұл өмірдегі маған берілген ғұмыр қысқарып, жақсы амалдарымды көбейте алмауым. (с) Абдуллаһ ибн Масғұд

  • Ықыласты екеніңді қалай тануға болады? Бәз біреулер мұсылмандар арасында уағыз айтумен, насихат жасаумен танылған Яхия ибн Муғаздан (Алла оны рақымына бөлесін): «Құл (мұсылман пенде) өзінің ықыласты екендігін қашан байқай алады?» деп сұрайды. Яхия: «Өзін мақтаған кісі мен сынаған кісіні тең көрген сәтінен бастап байқауына болады» деп жауап берген екен. Алла Тағала баршамызға ықыласты құл болуды нәсіп етсін! Жұма күнгі жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! ✍️ Бауыржан Әлиұлының жазбаларынан

  • Ризық бір Алладан! Ешкімге назданып, әркімге бір жалынбай, өміріңе шағымданбай әрекет қыл. Құс торғайдың өзіне жемді ризық қылған Алла, сені ұмытады деп ойлайсың ба?

  • Шариғатта «не істесең, алдынан сол шығады» деген қағида бар. Жақсылық жасасаң – қайтарымы болады, ал біреуге қиянат жасап, алдап жүрсең, ертең сол нәрсе өзіңе қайтады. Әрбір ісің үшін өмірде жауап беретініңді ұмытпа. Сондықтан жамандықтан аулақ болған жөн.