AIMAGAMBETOV
Статистика- Последний пост
- 16 авг.
- Последнее чтение
- 10:39
- Постов за неделю
- 4
- Всего постов
- 29
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 12 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 605
- 1/48двое суток
- 693
- 1/72трое суток
- 747
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Спорт күні құтты болсын! Спорт - денсаулық пен өмір сапасын жақсартып қана қоймай, еңбекқорлықты, тәртіпті, табандылықты, әділдікті, жауапкершілікті, қайсар мінез бен жеңіске деген жігерді қалыптастырады. Спортшылармен және сала мамандарымен кездестік. Олар «Әділет» партиясының бағдарламасына толық қолдау білдіріп, бірқатар нақты ұсыныс айтты. Соның бірі - спорт нысандарына қойылатын ең төменгі талаптар мен нормативтерді бекіту құзыретін салалық министрлікке беру. Қазір кейбір спорт залдарының едені бетоннан жасалады. Мамандар мұның балалар мен спортшылардың денсаулығына зиян келтіріп, жарақат алу қаупін арттыратынын айтты. Осындай мәселелерді жүйелі түрде шешу маңызды. Сондай-ақ, спорт шебері, еңбек сіңірген спорт шебері атақтарын беру кезінде есепке алынатын жарыстар тізбесін нақтылау, ұлттық спорт түрлері мен спортшыларды жүйелі қолдау жөнінде ұсыныстар көтерілді. Барлық ұсынысты алдағы жұмысымызда ескереміз. Спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген барша азаматқа рақмет! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй мен жаңа жеңістер тілеймін!
Год назад я делилась итогами анализа казахстанских университетов -- и вот вышел новый отчет. Анализ строится на статистике по баллам ЕНТ и размещению абитуриентов в ВУЗах (проходные баллы, количество грантов и тд). То есть, это анализ на основе реального выбора…
Год назад я делилась итогами анализа казахстанских университетов -- и вот вышел новый отчет. Анализ строится на статистике по баллам ЕНТ и размещению абитуриентов в ВУЗах (проходные баллы, количество грантов и тд). То есть, это анализ на основе реального выбора детей и родителей (упакованный в интересный индекс). Все детали можете посмотреть тут Что изменилось за год Нижняя часть рейтинга по ЕНТ заметно поднялась Средний показатель десяти самых низких медиан вырос примерно с 59 до 67 баллов. ALT прибавил семь баллов, ВКТУ — три, ЗКАТУ — два. Верхушка по ЕНТ почти не выросла КазГЮУ повысил медиану до 132, но средняя медиана всей верхней десятки даже немного снизилась. То есть рост произошёл прежде всего снизу, а не сверху. Скорее всего, это эффект от объема абитуриентов. Драма была при поступлении в Назарбаев (настолько высокая конкуренция, что с топовыми баллами дети не проходили, сам ВУЗ рапортует максимальное количество претендентов). В ВУЗы идет нарастающий наш "молодежный навес". Сейчас на 30-40% больше абитуриентов, чем 4-5 лет назад. И это только начало. Плюс излюбленные нашими студентами США, Дубаи тоже уже не так доступны по разным причинам. Объем поколения подталкивает конкуренцию, а та наращивает проходные баллы по грантам. Причем, пик будет через 3 года, по 400 000 детей, в течение нескольких лет. Демографическое давление переходит из садиков (выгребли за счет "Балапана") в школы (выгребли за счет подушевого и массового строительства школ), и приходит в ВУЗы. IT становится одновременно массовым и привлекательным Информационные технологии — крупнейшее направление по количеству грантов. При этом AITU, КБТУ, IITU и Qazaq AI находятся в верхней части Bradley–Terry. То есть спрос на IT проявляется сразу с двух сторон: государство выделяет большой объём грантов, а специализированные университеты хорошо выигрывают конкуренцию за студентов. Ок. Почему только прочие специализированные ВУЗы не подтянулись, интересно, даже при том, что есть стабильные институциональный спрос на учителей и врачей, силовиков тех же. Специализация усилилась В прошлом году КБТУ и AITU уже находились наверху Bradley–Terry, но рядом с ними стояло много крупных универсальных вузов. Теперь первые восемь позиций практически полностью заняты университетами с ярко выраженной нишей. Старые лидеры-универсалы опустились ЕНУ переместился примерно с пятой на 11-ю позицию, КазНУ — с восьмой на 14-ю, Международный университет Астана — с девятой на 17-ю, КазНПУ — с седьмой на 22-ю. Ооо. Это самый интересный вывод. Время "динозавров" проходит. Огромные национальные ВУЗы -- это модель колониальная такая. Там не про образование вообще речь, а про распределение -- денег, ППС, а потом и выпускников. Автор осторожничает, пишет, что "воспринимать это как буквальное падение популярности на столько-то мест нельзя". Но мне кажется, это справедливая тенденция. Если нет государственного щедрого финансирования и приходится конкурировать, то лучше быть зубастым специализированным ВУЗом. Другое дело, что государство наше с этими нацвузами будет делать дальше? Сколько там еще будут держать места для "уважаемых"? Нам ведь реально нужны выборы не только акимов, но и ректоров нацвузов. Каждый -- как немаленький по меркам КЗ город.
Астананың 250-ден астам мектеп басшысы «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық диалог алаңында бас қосты. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Жас педагогтер мен директорлардың еңбекақысы, сағаттық төлемнен лауазымдық жалақы жүйесіне көшу, жас мамандарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламалары, жасанды интеллектіні енгізу механизмдері, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, тірек және желілік мектептерді дамыту мәселелері талқыланды. Көтерілген мәселелердің көбі «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқаны маңызды. Олардың қатарында жас педагогтерді қолдау, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тірек және желілік мектептерді дамыту, білім беруді цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бар. Осындай кездесулер алдағы уақытта Парламентте қандай мәселелер бойынша жұмыс істеу керектігін қосымша көрсетеді. Соның бір мысалы - мектептердің кадрлық дербестігі. Өткен жылы біз директорға бекітілген бюджет пен штат шегінде бір әкімшілік штат бірлігін мектепке шынымен қажет маман лауазымына ауыстыруға мүмкіндік беретін норма қабылдадық. Мысалы, қосымша директор орынбасарының орнына заңгерді, дефектологті немесе басқа қажетті маманды жұмысқа алуға болады. Алайда бұл мүмкіндіктің көп жерде қолданылмай отыр. Балаларды мектепке қабылдау мерзімдеріне қатысты да сұрақ көп болды. Егер қабылдау қыркүйекке дейін жалғасса, директор оқушылар мен сыныптардың нақты санын соңғы сәтке дейін білмейді. Ал оқулықтарға алдын ала тапсырыс беру, педагогтердің жүктемесін бөлу, сыныптарды жасақтау және кабинеттерді дайындау қажет. Мектеп директорының жұмысы - басқару саласындағы ең күрделі қызметтердің бірі. Ол балалармен және ата-аналармен, педагогтермен және әкімдікпен, білім басқармасы және министрлікпен, еңбек инспекциясы және санитариялық қызметтермен жұмыс істейді. Одан бір мезетте білім сапасы, қауіпсіздік, қаржылық тәртіп және шаруашылық мәселелердің шешілуі талап етіледі. Сондықтан жауапкершілікпен қатар директорға нақты өкілеттік, кәсіби қолдау және шешім қабылдау еркіндігі керек. Қатысушылар «Әділет» партиясы бағдарламасын қолдап, оларды жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынғаны ерекше маңызды.
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
без подписи
+9
В День Абая Республиканский предвыборный штаб партии «Әділет» прибыл в Семей Члены Республиканского предвыборного штаба партии «Әділет» во главе с председателем партии Айбеком Дадебай прибыли в область Абай. Рабочая программа началась с возложения цветов к памятнику Абаю Кунанбаеву в Семее. Символично, что поездка в регион проходит 10 августа - в день рождения великого казахского просветителя. Подробнее #қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет
Бүгін - Абай күні. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев атап өткендей: «Абай ілімі - рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі». Шынымен де, ұлы ойшылдың әрбір сөзі ешқашан өзектілігін жоғалтпайды: Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің.
Бала есту аппаратын алу үшін міндетті түрде мүгедек болуы керек пе? Осы уақытқа дейін -иә. Өкінішке қарай, солай болды. Енді -жоқ. Біз мұны өзгерттік. Бұрын мемлекет есту аппаратын есту қабілеті ауыр деңгейде бұзылып, мүгедектік белгіленген азаматтарға беретін. Ал есту қабілеті төмен, бірақ мүгедектігі жоқ балалар не істеу керек? Ата-аналар құны 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін жететін аппаратты өз қаражатына, тіпті несие алып сатып алуға мәжбүр болды. Бұл мәселені әріптесім Нартай Сәрсенғалиев бірге жүйелі түрде көтердік. Проблеманы шешу үшін екеуіміз арнайы түзетулерді ұсынып, нәтижесінде заң қабылданды. Енді, міне, Денсаулық сақтау министрлігі іске асыру тетігінің дайын екенін хабарлады ресми аккаунтында. Бұдан былай есту қабілеті тұрақты бұзылған азаматтар медициналық көрсетілім бойынша, мүгедектігі болмаса да, есту аппаратын ала алады. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға үнемі баса мән береді. Бұл шешім - Президент саясатының нақты жалғасы. Бірнеше баланың тағдырынан басталған бұл іс енді мыңдаған адамның өмірін өзгерте алады. Ендігі міндет- өңірлердің қаржыны уақытылы бөліп, аппараттарды мұқтаж адамдарға кешіктірмей жеткізуі. Осы жұмыстың орындалуын бақылауда ұстаймыз.
Что делать, если не получили грант? В «личку» снова поступает много вопросов. Еще раз поделюсь своими мыслями. Самое главное, помните, что у вас все еще есть возможность получить грант. 1. Будет перераспределение неиспользованных грантов. Эти гранты будут присуждены абитуриентам в соответствии с их баллами на ЕНТ. 2. Существуют гранты акиматов. Из местного бюджета выделяется еще несколько тысяч грантов. 3. Фонд «Қазақстан халқына» также предоставляет образовательные гранты. Дополнительную информацию можно найти на их сайте. 4. Есть гранты «отказников». Некоторые абитуриенты отказываются от полученных ими грантов. Таких грантов будет много. Они также будут перераспределены. 5. Вы можете выбрать платное обучение. Вы сможете поступить в университет на коммерческой основе, а затем, при успешной учебе и высоком GPA, можно будет подать заявление на освободившиеся гранты. Кроме того, бывают еще внутренние гранты самих вузов. 6. Есть возможность взять «gap year». Вы сможете подготовиться за год, снова сдать ЕНТ и получить грант. 7. Рассмотрите возможность поступления в колледж. На рынке труда большой дефицит специалистов с таким образованием. Надеюсь, эта информация окажется полезной! Если у вас возникнут еще какие-либо вопросы, обращайтесь в приемные комиссии вузов.
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? Жекеме осындай мазмұндағы сұрақ тағы да көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша қайталайын. Бастысы - әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге? 1. Әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. 2. «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар. 3. Кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. 4. Тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. ЖООлардың ішкі гранттары да болады. 5. «Gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім. 6. Колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады. Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.
без подписи
без подписи