SADAQ
Статистика📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы https://sadaqmedia.kz 💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы. 📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі. 📍Жарнама: 87001117705
- Последний пост
- 28 июл.
- Последнее чтение
- 15 авг.
- Постов за неделю
- 0
- Всего постов
- 20
- Тип
- открытый
- Язык
- казахский
- Категория
- Новости и СМИ (по похожим)
- В каталоге с
- 14 авг.
- 1/24сутки в ленте
- 112
- 1/48двое суток
- 128
- 1/72трое суток
- 138
Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.
Посты
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынында-ақ гол соқты. 17 жастағы футболшы жолдастық кездесуді негізгі құрамда бастап, матчтың 5-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Кездесу «Челсидің» Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп жатыр. Осылайша Дастан Сәтбаев Англияның алпауыт клубы сапындағы дебюттік матчында-ақ мергендігімен көзге түсіп, жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болды.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы старттық кездесуінде-ақ мергендігімен көзге түсті. Ол жолдастық матчтың 6-минутында Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубының қақпасына гол соқты. Бұл — Сәтпаевтың «Челсидің» негізгі құрамындағы алғашқы ойыны болды.😍😍
Таиландта өтіп жатқан U20 Азия чемпионатында қазақстандық балуан Асамбек Бекасыл жеңіске жеткеннен кейін адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Белдесу барысында қарсыласы жарақат алып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді. Алайда Асамбек жеңісін тойлаудың орнына жарақат алған қарсыласын көтеріп әкетіп, жанкүйерлердің құрметіне ие болды. Желі қолданушылары бұл әрекетті жоғары бағалап, оны нағыз спорттық рух пен өзара сыйластықтың үлгісі деп атап жатыр.
АҚШ-тағы Солтүстік Кентукки халықаралық әуежайында Boeing 777 жүк ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағына құйрығымен тиіп, ұшқын шығарған. Оқиғадан кейін экипаж бірден қонуды тоқтатып, ұшақты қайта әуеге көтерді. Біраз уақыттан соң әуе кемесі сәтті қонып, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның нақты себебін АҚШ-тың авиациялық билігі анықтап жатыр.
Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы кәріз жүйесі мен көшелерді су басу мәселесін сынға алған архивтік видеосы қайта таралып жатыр. Жиында ол шенеуніктерге 2015 жылы су басқан көшелердің суреттерін көрсетіп, «Бұл Астана ма?», «Венеция ма бұл?» деп сұрақ қойған. Сондай-ақ, су сору жұмыстарына жүздеген техника жұмылдырылғанын айтып, сол қаржыны нөсер кәрізін салуға жұмсау керек болғанын сынға алған. Видео қазіргі Астанадағы нөсерден кейін көшелерді тағы да су басқан сәттермен қатар кеңінен талқылануда.
Иран АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына жасаған шабуылдарын жалғастыруда. Бірқатар ақпарат көздерінің мәліметінше, соққылар салдарынан америкалық әскери қызметкерлер қаза тауып, жараланғандар бар. The Wall Street Journal хабарлауынша, АҚШ-та Иранның соңғы шабуылдарының дәлдігі мен тиімділігіне байланысты алаңдаушылық күшейген. Кейбір сарапшылар Тегеранның әскери әлеуетіне сыртқы қолдау болуы мүмкін деген болжам айтқанымен, бұған қатысты нақты дәлелдер жарияланған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, Иран ұзақ уақыт бойы тек қорғаныс тактикасына сүйене алмайды. Сондықтан алдағы кезеңде әскери стратегияның өзгеруі және шабуылдардың күшеюі мүмкін деген болжамдар жасалуда. Жағдай Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі ушықтырып, аймақтағы қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықты арттырып отыр.
2007 жылы UNICEF ұйымдастырған қайырымдылық фотосессиясында 20 жастағы Лионель Месси қолына небәрі 5 айлық Ламин Ямальды көтеріп суретке түскен. Ол кезде бұл қарапайым фотосессия ғана еді. Алайда араға 18 жылдан астам уақыт салып, сол сәби әлемдік футболдың жаңа жұлдызына айналды. Бұл сурет ұзақ жылдар бойы көпшілікке белгісіз болды. Тек 2024 жылы қайта жарияланып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Кейін UNICEF фотолардың шынайы екенін ресми түрде растады. Бүгінде бұл кадр футбол тарихындағы ең символикалық фотолардың бірі саналады
Егер Ресей Украинадағы бастапқы мақсаттарына қысқа уақытта жеткенде, аймақтағы геосаяси жағдай мүлде басқаша өрбуі мүмкін еді. Сондай-ақ Беларусьтің қазіргі жағдайы мысалға алынып, Украинаның қайсарлығы мен қарсылығы басқа посткеңестік елдер үшін де маңызды рөл атқарғаны туралы көзқарас айтылады. Ал сіз бұл көзқараспен келісесіз бе? 🎥 Толық подкаст Sadaq Media YouTube арнасында
Арман Шораев өзіне қойылған «Кімнен қорқасыз?» деген сұраққа тек Құдайдан қорқатынын айтты. Сондай-ақ ол Жаратушының алдына барғанда ең алдымен «Кінәм көп, кешір» деп айтарын жеткізіп, өмірінде ешкімге әдейі жамандық жасағанын айта алмайтынын атап өтті. Подкасттың толық нұсқасы YouTube арнамызда: https://youtu.be/U1p6s7iBJ-A?si=P2sZoIh5p8E3_Nfl
«Біз осы күнге дейін толық тәуелсіз мемлекетпіз деп айта алмаймын». Садақ Media подкастында Арман Шораев Қазақстанның тіл саясаты, отарсыздану үдерісі және Ресейдің ықпалы туралы өз пікірін айтты. Оның айтуынша, Ресейдің бір бөлігі Қазақстанды әлі де толыққанды тәуелсіз мемлекет ретінде қабылдамайды, ал қазақ тілінің қоғамдағы орны да тарихи әрі идеологиялық факторлармен байланысты. Бұл – спикердің жеке пікірі. Ал сіз бұл оймен келісесіз бе? 🎥 Подкасттың толық нұсқасы YouTube арнамызда: https://youtu.be/U1p6s7iBJ-A?si=P2sZoIh5p8E3_Nfl
Украина, Ресей, Қазақстанның қауіпсіздігі, сайлау, бұрынғы жүйе және өзіне тағылған айыптар. Садақ Media подкастында Арман Шораев соңғы жылдардағы ең даулы тақырыптарға қатысты өз ұстанымын ашық айтты. Ол Украинадағы соғыстың Қазақстан үшін маңызы, Ресейдің саясаты, сайлау кезіндегі жағдайлар және өзіне қатысты айтылған сындар туралы пікір білдірді. 🎥 Толық сұхбатті көру үшін сілтемеге өтіңіз : https://youtu.be/U1p6s7iBJ-A?si=P2sZoIh5p8E3_Nfl
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Бахрайч ауданында қайғылы оқиға болды. 12 жастағы Сунил Сингх күріш егу жұмыстарына көмектескеннен кейін өзен жағасында қолы мен бетін жуып жатқан сәтте крокодил шабуыл жасаған. Туыстары мен ауыл тұрғындары баланы құтқаруға тырысқанымен, нәтиже болмады. Кейін жүргізілген іздеу жұмыстары барысында оның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, крокодил баланың денесіне ауыр зақым келтірген. Бірнеше жыл бұрын ата-анасынан айырылған Сунилдің артында екі әпкесі қалған.
Еліміздегі аптап ыстықтың салдарынан кейбір республикалық тас жолдарда жол жабыны деформациялана бастады. Бетон плиталары көтеріліп, жолда қауіпті жағдайлар туындауда. Мұндай жағдайлар Түркістан облысында және Астана – Павлодар тас жолында тіркелді. Қазір жол қызметтері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүргізушілерге жөндеу жүріп жатқан учаскелерде ерекше сақ болып, жылдамдықты сақтап, жол белгілеріне мұқият назар аудару ескертілді.
без подписи
Ақтөбедегі 12-шағынауданда орналасқан автогаз құю бекетінде жолаушылар мінген көлік өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктегі әйел мен екі бала оқиға орнында қаза тапқан. Ер адам көліктен шығып үлгергенімен, ауыр күйік алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Астана–Петропавл автожолының Бұланды ауданы Жаңаталап ауылы маңында жеңіл көлік өртенді. Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Олардың жеке басы анықталуда. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және ресми ақпаратты күтуге шақырды. Видео : astanovka98
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дохаға арнайы барып, Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Таниге және билеуші әулетке Әмір-әке шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы марқұм шейх Хамадты Қатарды әлемдік деңгейдегі қуатты мемлекетке айналдырған көрнекті қайраткер әрі қазақ халқына шынайы жанашыр болған тұлға ретінде бағалады. Оның Қазақстан мен Қатар арасындағы стратегиялық серіктестіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, шейх Хамадтың қолдауымен Астанада Әл-Фараби атындағы алғашқы ірі мешіт бой көтеріп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Президент Қатар Әмірін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, бұл шақыру қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысында Алтай–Өскемен тас жолында болған жол апаты көліктің бейнетіркегішіне жазылып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші бұрылыс маңында басып озу маневрін жасаған. Маневрді аяқтағанымен, жоғары жылдамдықтың салдарынан көлікті тізгіндей алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Салдарынан автокөлік қарсы жолаққа өтіп, кейін бірнеше рет аударылған. Оқиға куәгерлері бірден тоқтап, жүргізушіге көмек көрсеткен. Олардың айтуынша, ер адам аман қалған, ал көлікте басқа жолаушылар болмаған. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасына қатысты өздеріне ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.
Танымал әнші әрі актриса Аша Матай алдағы сайлауда Қазақстан халық партиясы атынан депутаттыққа үміткер ретінде тіркелді. Журналистердің «Неліктен депутат болғыңыз келеді?» деген сұрағына ол бұл шешімін нақты саяси бағдарламамен емес, «жүрегімнің қалауы» деп түсіндірді. Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Криштиану Роналдуға туған жерінде ерекше құрмет көрсетілді Криштиану Роналдудың туған жері — Мадейра аралында аңызға айналған футболшының құрметіне әсерлі дрон-шоу ұйымдастырылды. Жүздеген дрон түнгі аспанды жарықтандырып, Криштиану Роналдудың портретін, Португалия туын және «Obrigado, 7» («Рақмет, №7») деген жазуды бейнеледі. Осылайша жанкүйерлер әлем чемпионаты мансабындағы соңғы турнир болған Роналдуға алғыстарын білдірді. Әсерлі шоуның видеосы әлеуметтік желілерде кең тарап, әлем бойынша миллиондаған қаралым жинап үлгерді.