tgindex
Erteńmedia

✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна. ✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым. ™ @kurilkabai_bot

Последний пост
8 авг.
Последнее чтение
15 авг.
Постов за неделю
0
Всего постов
20
Тип
открытый
Язык
казахский
Категория
Новости и СМИ (по похожим)
В каталоге с
13 авг.
Подписчики
10 419
−32 за 4 дн.
Сутки
−9
−0,09%
Неделя
 
Месяц
 
Просмотров на пост
2 775
20 постов
Вовлечённость
26,6%
к подписчикам
Постов в день
0,0
всего 20
Упоминаний
0
каналов
Охват размещения
оценка
1/24сутки в ленте
2 503
1/48двое суток
2 868
1/72трое суток
3 093

Оценка по просмотрам недавних постов: пост набирает почти всё за первые сутки.

Посты

  • 8 авг.1 899321

    ⚡️Қара теңіздегі нәзік бітім: Киев Ақорданың мұнай жолына тимеуге уәде берді... Украина Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына соққы жасамауға және Қара теңізде Ресейге қатысы жоқ танкерлерге тиіспеуге уәде берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Bloomberg-ке сілтеп. Агенттік дерегінше, мұндай шешім Киевтің АҚШ-тың жоғары басшылығымен жүргізген келіссөзінен кейін қабылданған. Әңгіме Украинаның теңіздегі операцияларынан біржола бас тартуы туралы емес. Киев нысананы іріктеудің жаңа тәртібін ұсынып отыр. Ендігі жерде тәнкер Украина санкциясына ілінбесе, оның иесі Ресей азаматы не ресейлік компания болмаса, ал бортында ресейлік мұнай немесе Ресейден шыққан өзге жүк болмаса, кеме шабуылға ұшырамауы тиіс. Bloomberg мәліметінше, Украина коммерциялық тасымалдаушылар үшін арнайы байланыс арналарын ашып, нұсқаулық әзірлеген. Сөйтіп, Қара теңіздегі бейтарап тасымалдаушыларға өз кемесі мен жүгінің мәртебесін алдын ала түсіндіретін тетік ұсынылмақ. Ал Ресей мұнайын таситын, санкциядағы немесе Мәскеумен байланысы бар кемелер үшін қауіп сейілген жоқ. КТК-ға қатысты шешім Ақорда үшін айрықша маңызды. Консорциум құбыры Теңіз бен Қашағанның мұнайын Новороссийск маңындағы терминалға жеткізеді. Ел экспортының негізгі бөлігі дәл осы бағытпен әлемдік нарыққа шығады. Соңғы дрон шабуылдары Новороссийск төңірегіндегі мұнай тиеу жұмысын іркіп, жағдайдың қаншалықты нәзік екенін көрсетті. КТК-дағы кез келген кідіріс Қазақстанның экспорттық кірісіне, халықаралық мұнай компанияларының жоспарына әсер етеді. Bloomberg хабарлаған уағдаластықтың салмағы да осында. АҚШ Киевке қазақ мұнайының басты күретамырын соғыс нысанасына айналдырмау керегін аңғартқан тәрізді. КТК жүйесінде Chevron мен Exxon Mobil сияқты америкалық алпауыттардың мүддесі бар. Айта кетелік, бұған дейін ашуға булыққан экс-депутат Айдос Сарым "Зеленскиймен сөйлесіңдер..." деп АҚШ-қа арыз жолдаған. «Украина Уашиңтонның қолдауына тікелей тәуелді. Демек, Әмірика мен өзге де серіктестер Киевке сөзін өткізіп, нысананы дұрыс таңдауды талап еткені маңызды», – деген еді Сарым. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 7 авг.2 190278

    ⚡️75 мың бақытты талапкер: 2026 жылғы мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі шықты 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конкурстан өткен талапкерлердің толық тізімін ресми парақшасында орналастырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биыл мемлекеттік грантқа 75 мыңнан астам талапкер ие болды. Конкурсқа шамамен 127 мың өтінім түскен. Былтырғымен салыстырғанда үміткерлер саны 14 мыңға көбейген. Жоғары білімді мемлекет есебінен алуға деген сұраныс жыл өткен сайын күшейіп бара жатқанын осы санның өзі аңғартады. Грант иегерлеріне арналған куәлік үш жұмыс күні ішінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында қолжетімді болады. Құжатты жүктеп алған соң талапкер грант тағайындалған жоғары оқу орнына барып, қабылдау рәсімін аяқтауы тиіс. Жоғары оқу орындарына грант негізінде қабылдау 25 тамызды қоса алғанда жүргізіледі. Осы мерзімнен кешігу грант иегері үшін артық әуре-сарсаң туғызуы мүмкін. Биылғы науқанның бәсі биік болды. 127 мың талапкердің арасынан грантқа өткен 75 мыңнан астам жас үшін бүгінгі нәтиже бірнеше айлық дайындық пен ҰБТ-дағы еңбектің қорытындысы саналады. Грантқа іліне алмаған талапкерлер де мүмкіндіксіз қалмайды. Тамыздың екінші жартысында өңір әкімдіктері, жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер және жекеменшік қорлар ұсынатын қосымша гранттар конкурсы жалғасады. Бірақ негізгі мемлекеттік гранттың тағдыры бүгін шешілді. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 4 авг.3 159712

    ⚡️Микрофондағы мина: Ақорда тойханаға көшкен жат идеологияны нысанаға алды... Ерлан Қариннің кешелі бері талқыдан түспей тұрған атышулы видеоға назар аударуы тегін емес. Тойда тілек білдірудің орнына, уағыз оқып кеткен азамат Ақорданың тарапынан қолға алынатын тағы бір идеологиялық жұмысқа түрткі болуы мүмкін деп пайымдайды Ertenmedia.kz. Алдымен Қариннің сөзін сығымдап жеткізейік. Елдің идеологиясына жауапты тұлға тойдағы ерсі көрініске қатысты: «Қазақстан зайырлы мемлекет. Ата заң діңгегіміз. Бірінші орында елдің заңы тұр. Өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою шектен шығу. Көпшілік алдында өз пікірін қасақана таңу әдепсіздік. Ұлттық болмысқа қайшы келетін мұндай әрекетке ерте бастан тосқауыл қою қажет», – деп кесіп айтты. Бүгінгі мәлімдеменің шалығы біраз жерге барады деп пайымдаймыз. Байқар болсаңыз, бас идеолог соңғы кезде қоғамдық кеңістіктегі шекараны нақты сызып беріп жатыр. Бұған дейін (тағы сол Қариннің қолымен) тікелей эфирде аузына келгенін оттап-бұттап отыратын тиктокерлер жаппай штрап төлеп, тағы біразы түрмеге түнеген. Бетімен кеткен блогерлерді заң аясында бағындыру процесі қазірдің өзінде нәтиже беруде. Ендігі кезек офлайн өмірге, соның ішінде еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналатын той мәдениетіне жеткен тәрізді. Кейбір теріс ағымдардың өкілдері қауіпті идеясын бүрку үшін тойханаларды "паналай" бастағанын аңғару қиын емес. Тойға жиналған жүздеген адам психологиялық жағынан босаңсыған, дастархан басында, сыйластық ахуалында отырған дайын аудитория. Тілек айту сияқты камуфляжды жамылып, микрофонды иемденген "ораторлар" қоғамның санасына өздерінің догматикалық қағидасын біртіндеп сіңіре бастағанын Ақорда да сезгендей. Байқатпай жасалатын идеологиялық экспансияға қазірден бастап бөгет қоймаса, бұлардың ұяшықтарды едел-жедел балалай бастайды. Тойда отырып музыканы «арам», ән айтуды «күнә», домбыраны «шайтанның құралы» деп жариялау ұлттың мыңжылдық мұрасына жасалған тікелей агрессия. Түнеукүнгі тойда бұдан бөлек әйел затын төмендету, олардың қоғамдағы, орнын кемсіту (әлгі азаматтың ұрғашы деп ұрып тұрған сөзін тыңдаңыз) сарыны көрініс берді. Зайырлы мемлекетте әйелдің құқы мен кадір-қасиеті Ата заңмен қорғалатын құндылық. Дүниемен бірге дамығысы келетін Қазақстанда тәліптердің деңгейіндегі үгіт-насихат жүргізуге біздіңше толыққанды тыйым салынуы керек. Қариннің бүгінгі сөзінен алдағы уақытта Ақорданың тойдағы уағызшылдықты ауыздықтауға шындап кірісетінін байқауға болады. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 31 июл.3 742452

    ⚡️Құрылтайдың жеті құлпы: Танашеваны сырт қалдырған жүйе халықтың жанайқайын кімнен естиді... Құрылтай сайлауына ұсынылған құжынаған кандидаттың арасынан Гаухар Танашеваға орын табылмады. Саяси партиялар өзіндік уәжі бар, дауыс әкелетін тұлғаға мұхтаж бола тұра, олардан өлердей қорқатын синдромнан арылмай тұр деп жазады Ertenmedia.kz. Әсілі, сайлаушы көбіне партияның бағдарламасына емес, сол бағдарламаны арқалап тұрған адамның болмысына сенеді. Қырық тармақтан тұратын тұғырнаманы жұрттың бәрі оқымайды. Партияның атауынан бұрын әлгі ұйымның құрамындағы тұлғаның позициясы, пайымы, парасаты есте қалады. Гаухар Танашеваның саяси капиталы да осында еді. Экс-мәжілісмен қоғамдағы шетін мәселелерді Мәжіліс мінберіне сүйреп шығарды және дәл осы мінезі оны жұртқа жақындатты. Үкімет пен халық арасындағы алшақтықты сынаған соңғы сауалынан кейін мандатынан айырылды. Сауал мәтіні вице-спикер Әлберт Раудың сүзігісінен өтіп, ол Танашеваға «айналайын, мына сауалды оқымайсың» деген шарт қойған деседі. «Бірақ мен ешкімнің келісімін күтпей, сауалымды оқып шықтым. Осыдан кейін бюро менің мәселемді май шаммен қарады. Артынша Орталық сайлау комиссиясы ешқандай ескертусіз, мандатымның тоқтатылғанын хабарлады», — деген болатын экс-депутат. Осы бір көріністің өзінде тұтас жүйенің табиғаты тұрғандай. Депутат елдің атынан сөйлей ме, әлде партияның рұқсатымен ғана үн қата ма? Мандатты сайлаушы бере ме, әлде оны қалаған сәтте партия кеңсесі тартып ала ма? Мәжіліске өткір сұрақ қою үшін бара ма, жоқ әлде алдын-ала келісілген қойылымдағы рөлін ойнау үшін отыра ма? Танашева осы сауалға өзінің тағдырымен жауап қатты. Бірақ қоғамдағы саяси салмағын жоғалтқан жоқ. Атышулы «Халық» партиясы «проблемалы» депутаттан құтылғанымен, сол сәтте Танашеваға сенген сайлаушының бір бөлігін есік сыртында қалдырды. Оның саяси капиталын әзір сайлауға түсіп жатқан жеті партияның бірде біреуі пайдасына жаратқан жоқ. Мәжілістен қуылған, Құрылтай тізімінен тыс қалған Танашева қазір Вадим Борейко ұйымдастырған қоғамдық жиындарда төбе көрсетіп жүр. Жүйе ішінен қуылған дауыс басқа лагерге ауысып кетті... Мәйегі осы тұста: https://ertenmedia.kz/kuryltaydyn-zheti-kulpy-tanasheva

  • 31 июл.3 027391

    ⚡️Лайкқа сатылған ұят: Қарин хайп индустриясын жауапкершілік дәуіріне кіргізді... Ендігіде әлемжелідегі арсыздық еріккеннің ермегі немесе контент үшін жасалған әзіл деген желеумен жылы жабыла салмайды. Мемлекет хайп үшін шектен шығатындардың сазайын беретінін сездіре бастады деп жазады Ertenmedia.kz. Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қариннің кешегі жазбасын Ақордадан жеткен сигнал ретінде қабылдау қажет. Бұдан былай аудиторияның көптігі ешкімге қоғамдық нормыны табанға таптауға рұқсат бермейді. Миллион қаралым заңнан жоғары тұрмайды. Соңғы бірнеше жылда әлемжеліде, әсіресе Тиктокта осындай каста қалыптасып алды. Біреудің намысын таптау, әлсіз бен мұхтажды келемеждеу, қоғамдық орындағы оғаш қылықтар табыс әкелетін тауарға айналып кеткен-тұғын. Хайп қуғанның әрекеті әдетте телефонның ішінде қалып қоймайды. Оны күні ертең сіз бен біздің үйімізде өсіп келе жатқан ұл-қызымыз да қайталауы ғажап емес. Қарин көтерген мәселенің салмағы да осында. Бұрын тәртіп бұзған блогерге әрі кетсе штрап салынып, іс сонымен жабыла салатын. Билік бұдан былай мұндайлармен мәймөңкелесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп отырмайды. Өйткені әлгілердің дені не істеп жүргенін жақсы біледі. «Олай жасама» деген ескерту біртіндеп «жасаған әрекетіңе жауап бересің» деген қағидаға орын босатып жатыр. Сәденов? Ішкі істердің түнеукүні 9 тиктокердің атын атап, түсін түстеп, абақтыға қамауы соның алғашқы нышаны. Біздіңше, әлемжелідегі арзан атақтан түскен табысты тәркілеу тетігін де қарастырған жөн. Құқық бұзу экономикалық жағынан тиімсіз болғанда ғана хайп индустриясының аптығы басылады. Арзан абыроймен танылған адамның банктен несие алу мүмкіндігі, мемлекеттік грант мен дұрыс қызметке қол жеткізуі шектелсе, хайптың нарқы да бір заматта құлайды. Бірақ, бір гәп бар. Әдеп төменнен ғана талап етілмеуі тиіс. Мемқызметкердің менмендігі, шенеуніктің дөрекілігі, полицияның өктемдігі де жаңа этиканың өлшеміне түсуі қажет. Сіз бен бізге «мәдениетті бол» деген мемлекет алдымен өзінің мінез-құлқын да түзеуге міндетті. Үлкен үйдегі қауым осы тұста қоғамның ақпараттық (тұтыну) мәдениетін өзгертетін балама концепция ұсынады деген ойдамыз. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 30 июл.2 906652

    ⚡️Қазақстандағы тұлғалар дефициті: Президентке қолайсыз шындықты айтатын адамдар азайып барады.... Қазақстанда саяси алаңды тұлғалардан тазарту үрдісі қауырт жүріп жатыр. Саясаткер Асхат Асылбеков елдегі кадр саясатына қынжылыс білдіріп, мұндай бағыттың соңы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пайымынша, елдегі саяси алаң барған сайын тарылып, азаматтық қоғам мен еркін пікірге қысым күшейуде. Белсенді депутаттар Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан секілді қоғамға танылған тұлғалардың партиялық тізімнен тыс қалуы кездейсоқ құбылыс емес. Асылбеков әзіргі үрдісті саяси кеңістікті «ауыздықтау» әрекеті ретінде бағалауда. Азаматтық белсенділер мен журналистерге жасалып жатқан қысым, қылмыстық қудалауға дейін жеткен істер қоғамды дербес пікір айтатын азаматтардан арылтып, үнсіз бас шұлғитын көпшілікке айналдыру қаупін күшейтуде. Оның ойынша, мәселе жекелеген депутаттың немесе белсендінің тағдырынан әлдеқайда тереңде. Кадр таңдаудағы шамадан тыс сақтық мемаппаратты ірі ойлайтын тұлғалардан тазартып, орнына тапсырманы екі етпей орындайтын, өз жанынан бастама көтермейтін, бастықтың қабағына жалтақтауды жетік меңгерген шенеуніктерді әкелуде. Пайымынша, үлкен үйдегі кадрлық шешім қабылдайтын қауым биліктегі ірі тұлғалар тапшылығының қаншалықты қауіпті екенін түсінбей отырғандай. «Қазақстан тарихында өз салмағы, өз ұстанымы, елдік мәселеге қатысты дербес пікірі бар министрлер, әкімдер, депутаттар аз болмаған. Тоқаев Сыртқы істерді басқарған тұста осындай қайраткерлермен үзеңгілесіп жұмыс істеді, олардың мүмкіндігін де, ел басқарудағы тиімділігін де жақсы біледі. Жоғарғы Кеңес пен Мәжілісте де сөзіне ел құлақ асқан, билікке қолайсыз болса да ойын ашық жеткізе алған депутаттар болды. Қаратай Тұрысов, Дәулет Сембаев, Серікболсын Әбділдин, Сауық Тәкежанов секілді тұлғаларды көзі қарақты қауым ұмыта қойған жоқ. Кейінгі буыннан Төлен Тоқтасынов Назарбаев әулеті мен Рахат Әлиевке қарсы шығып, басын бәйгеге тікті», - дейді ол. Саясаткердің пікірінше, бүгінгі билік дәл осындай адамдарға зәру бола тұра, оларды жүйеден алыстатып жатыр. Бір жағынан, ел «Әділетті Қазақстан» құрып, ескі жүйенің елесінен арылуды мақсат тұтады. Екінші жағынан, саяси өмірде пікірталасқа қабілетті, өз ұстанымы бар, тіпті Тоқаевқа да қолайсыз шындықты айта алатын адамдар азайып барады... Жалғасы осы тұста: https://ertenmedia.kz/prezidentke-kolaysyz-shyndykty-ayta-alatyn-adamdar-azayyp-barady/ Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 30 июл.2 208752

    ⚡️Ереваннан жеткен ауыр үкім: Пашинян Еуразиялық одақтың табытына алғашқы шегені қақты... Ереван Кремль кураторлық ететін Еуразиялық одаққа бұрын-соңды болмаған ескерту жасады. Никол Пашинян одақты «сал болып қалған, шалажансар құрылым» деп атап, ұйымның сағаты соғатын күн жақын деп мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Пашинянның сөзінше, армян тауарының экспортына қойылған шектеу жалғыз Ереванның мәселесі емес. Кедергілер Еуразиялық одақтың ортақ нарық құра алмағанын, ережелердің қағаз жүзінде қалып қойғанын көрсеткен. «Мәселе Арменияда емес. Мәселе ұйымның өзінде. Еуразиялық экономикалық одақ іс жүзінде сал болып қалды және мүлде жұмыс істемейді. Осы түйткіл жақын арада шешілмесе, одақтың іргесі сөгіліп, ақыр түбі күйреп тынады деп болжап отырмын», – деді Пашинян. Түнеукүні Кремль көсемімен кездескен Армения премьері Ереванның бұдан былай Мәскеуге қарайлай бермейтінін шегелеп жеткізген екен. «Арменияның ешкімге жалтақтамай, өзіне тиімді болатын жолмен жүретін толық құқы бар. Путинге осы сүрлеуді салғанымызды және әрі қарай жалғастыратынымызды қадап айттым. Армения халқы осы бағытты қолдап дауыс бергеннен кейін мүлде кері шегінбейміз», – деді ол. Пашинян Еуропалық одақ пен Еуразиялық арасындағы таңдау жөнінде референдум өткізу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 29 июл.2 455694

    ⚡️Ташкенттегі иілген силуэт: Тоғжанов ішкі аппараттың ескі әдетін сыртқа алып шықты... Ташкенттегі сенім грамотасын тапсыру сәтінде асыра бүгілген осы елдегі елшіміздің әрекеті желідегі жұрттың талқысына түсуде деп жазады Ertenmedia.kz.  Ералы Тоғжановтың біртүрлі қылығы Сыртқы істердің кадрлық селекциясындағы жүйелі кемшілікті де әшкерелеп отыр. Министрліктің академиялық мектебінен емес, ішкі шенеуніктік аппараттан шыққан кадрлардың дипломатиялық этикеттен жұрдай болуы осындай өрескел қателіктерге алып келеді. Жоғарыға жағыну, бастық көрсе бүгілу дағдысы халықаралық сахнаға көшкенде ұлттық мүддеге нұқсан келтіреді. Сенім грамотасы екі егемен мемлекеттің тең дәрежелі диалогын айғақтайтын құжат. Тоғжанов осы бір рәсімді асыра сілтеп жібергендей әсер қалдырды. Ералы мырза саясатта дене тілі сөзден де қатты сөйлейді деген ережені естен шығарса керек.  Әрбірден соң бұл Астананың аймақтық амбициясын ақсататын фактор. Көршіге құрмет көрсету өз еліңнің еңсесін түсіру есебінен жүрмеуі тиіс. "Тоғжановқа протоколдық дене тілін жаттау керек. Мемлекеттің беделі мен айбыны ең әуелі сол елдің өкілі ұстаған еңсесінен, берген сәлемінен оқылады", - деп жазуда осы саладан хабары бар қауым. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 29 июл.2 483444

    ⚡️Көк пілдің ауласына кірген қанден: «Ақ жол» мен Respublika-ның текетіресі асқынып барады... «Ақ жол» мен Respublika-ның арасындағы айтыс-тартыс желінің шеңберінен шығып, көшеде де көрініс бере бастады. Күні кеше желіде тараған, «Ақ жолдың» көк пілі мен оған қарап шәуілдеп тұрған кәндек иттің бейнесі соған дәлел деп жазады Ertenmedia.kz. «Өз орныңды біл, қанден» деп жазылған атышулы муралда Re деген белгісі бар, Respublika-ның логосы анық көрінеді. Екі партия да оңшыл-либералды, екеуі де бизнестің, орта таптың сойылын соғады. Ондаған жыл бойы осы алаңда дара билік жүргізген ауыр салмақты «Ақ жол» өзінің институционалды салмағын жоғалтқысы жоқ, заң шығарудағы жылдар бойы жиналған ықпалын сақтап қалу үшін жанталасуда. Төңірегіне кілең блогер мен инфлюенсерді, рилс түсіретін маркетологтарды топтастырған, PR-шоу, вирустық контентті жақсы меңгерген Respublika сайлаушыға том-том құжаттан гөрі қарапайым, ұғынықты, әлемжеліге сыйып кететін ықшам идеяларды ұсынуда. Бұлардың электораты заң кодексін оқымайтын, табысты кейстерге, әлемжелідегі харизмаға және жедел нәтижеге сенетін жаңа буын кәсіпкерлер деуге болатын шығар. Қабырғаға салынған мурал арқылы «Ақ жол»: «қазіргідей алмағайып кезеңде айғайлайтын қанден емес, сабырлы, салмақты, мемлекетпен сөйлесе алатын піл керек» дегенді меңзегісі келгендей. Біздіңше Respublika әлгі ишараны жауапсыз қалдырмайды. Мұндағы басты интрига, піл қанденді та таптап өте ме, әлде қанден пілді үркітіп, сахнадан ысырып тастай ма? Оны тек уақыт пен сайлау жәшігі көрсетеді. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 29 июл.2 431772

    ⚡️Дроннан қашқан Кремль: Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр қойма іздеуде... Украин дрондарының шабуылынан әбден мезі болған Wildberries Қазақстандағы қойма қорына көз тікті, деп жазады Ertenmedia.kz. Маркетплейс жалпы аумағы шамамен 100 мың шаршы метр болатын қосымша қойма іздеуге кіріскен дейді. Компания ресейлік коммерсанттардың тауарын Қазақстан аумағында сақтауды қарастырып отыр екен. Әсілі, ресейлік массмаркет елімізге әлдеқашан кіріп қалған. Wildberries Алматыда 100 мың шаршы метрден асатын логистикалық кешен салуда. Ал Астанада көлемі 160 мың шаршы метр болатын тарату орталығы бой көтеруде. Осылайша Кремль Еуразиялық одақ аясындағы ортақ кедендік кеңістікті пайдаланып, елімізге ентелей енуде. Ауқымды қоймалардың салынуы іс жүзінде кері эффект береді деп қауіптенеміз. Астана мен Алматыда бой көтеретін жүз мыңдаған шаршы метрлік қоймалар еңбек нарығының құрылымын түбегейлі өзгертеді. Бұларға ма, бұларға жүздеген, мыңдаған адамның күші керек. Айналып келгенде, еліміздегі адам капиталы жоғары қосымша құн жасайтын секторға емес, сұрыптаушы, қаптаушы, курьер сияқты төмен біліктілік талап ететін қызметтерге ағылады. Ақыр түбі, экономикамыз Ресейдің сауда платформаларының қара жұмысын атқарып күн кешетін күйге түседі. Wildberries-тың қоймаларынан түсетін де маржа қомақты бола қоймас. Ресейлік арзан масс маркет энергетикалық қуатымызды, суымызды сарқып, экологияға зиян келтіріп, Тоқаевтың тұсында жөнделе бастаған тас жолдардың тоз-тозын шығарады. Ең басты қауіп - Big Data. Қазақстанға мықтап қоныс тепкен Wildberries уақыт өте тұрғындардың тұтыну әдетін, қаржылық мүмкіндігін, мекенжайын, банк транзакциясын толық зерттеп, база жасақтайды. Осылайша миллиондаған қазақтың күнделікті талғамы мен таңдауы Мәскеудің уысына өтеді. Сөйтіп ұлттық нарығымыз өзінің цифрлық дербестігін басыбүтін жоғалтып тынуы мүмкін. Еліміздегі қолжетімді қойма алаңдары небәрі 130 мың шаршы метрді құрайтынын ескерсек, осы алаңды Кремльдің отарлауы жергілікті логистикалық компаниялардың дамуын түбегейлі тежейді. Бектенов үкіметі Қазақстанды ресейлік маркетплейстердің тылы мен транзит алаңы ретінде пайдалануға бой бермейді деген көмексі болсын үміт бар. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 29 июл.2 092611

    ⚡️«Көкірегін дәлелдегісі» келмейтін кандидат: Аша Матайдың сөз саптауы желіні неге күлдірді? «Халық» партиясының атынан сайлауға түсіп, Құрылтайдан бір орын дәметіп отырған Аша Матай өзін дебатқа шақырған танымал заңгер Мейірман Шекеевқа жауап қатты деп жазады Ertenmedia.kz. Ашаның айтуынша «ер ағасы жасындағы адаммен сөз таластыру қыз баласына жараспайды». Сөй деген ол бетпе-беттен бас тартуын өресінің таяздығы емес, сүйегіне сіңген көрегенділікпен түсіндіріп отыр. Желідегі қауым әншіге Құрылтайдың ізет білдіріп, бас иіп отыратын жер емес, ел мүддесі үшін тартысқа түсіп, заңның әр бабын дәлелдейтін майдан екенін еске салуда. Әншінің «көкірегімді дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын» деген сөз саптауының өзі біртүрлі ерсі естіліп, желідегі жұрттың күлкісі мен сынына ұшырап жатыр. Алайда Аша бет алған бағынан бас тартар емес. «Өнер жолы маған ең басты нәрсені - халықтың мұң- мұхтажын көре білуді, қиындығын сезе білуді үйретті», - деп көсіліп отырған ол дәл осы қалпында Құрылтайға өтіп кетеді қауіп бар. Айта кетелік, бұған дейін танымал заңгер Мейірман Шекеев Аша Матай бастаған "Халық" партиясын бетпе-бетке шақыраған болатын. Соның алдында біз Құрылтайдан сырт қалған Еділ Жаңбыршин, Ермұрат Бапи, Бақытжан Базарбектің тұлғасына арнайы тоқталғанбыз. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 28 июл.2 38551

    ⚡️Ақшаны жұтады, түлектері шетелге зытады: Аймағамбетов Назарбаев жобаларына тағылған айыпқа жауап берді... Асхат Аймағамбетов Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерін «ақшаны тым көп жұтады», «түлектері шетелге зытады» деп жазғыратындарға жауап берді деп жазады Ertenmedia.kz. Экс-депутат әлгіндей әңгімені ел ішінде кең таралған миф деп отыр. Сөзінше, экс-елбасының тұсында іргесі қаланған оқу ордаларына бөлінетін ақша көбейіп жатқан жоқ. Керісінше, жылдан-жылға азайып келеді. Ал дарынды балалар мен қабілетті жастарға құйылатын қаражатты ысырапқа балау елдің ертеңінен үнемдеумен тең. «Назарбаев университеті? Түлектердің басым бөлігі Қазақстанда оқып, тер төгіп жүр. Олар еліміздің ең қабілетті, еңбекқор әрі патриот жастары», – деді ол. Экс-депутат табиғи байлықтың бір күні сарқыларын, ал білімге құйылған инвестиция ұлтқа ұзақ жыл қызмет ететінін еске салуда. Осыған дейін Аймағамбетовтің экс-әріптесі Мұрат Әбенов Назарбаев университетіне шүйліккен. Экс-депутат бас аудитор Әлихан Смайыловты Назарбаев Университетіндегі 73 млрд теңгенің заңсыз жұмсалу дерегін жасырып отыр деп айыптаған. Соңғы үш жылдың өзінде универді "асырауға" 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген деген ақпарат бар. Бір қызығы, Аймағамбетовтің өзі де осыған дейін: "Назарбаев университеті шетелдіктердің қолында" деп мәлімдеген тұғын. Айтуынша, әзір Назарбаев университетінде декан қызметін атқарып отырған жалғыз қазақ бар. Өзге жоғары лауазымда ешбірі қазақ емес. «Ол кезде өзіміздің кадрлар дайын болмаған шығар. Бірақ арада 15 жыл өтті ғой! Қазақстанда жоғары деңгейдегі мамандар жетерлік. Неге оларға әлі күнге дейін жол ашылмай отыр?» – деп қынжылған-тұғын Аймағамбетов. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 26 июл.3 150522

    ⚡️Омбыдағы «бір ет, бір май» тактикасы: Батыс басылымы Тоқаевтың тосын пікірін қалай бағалады?.. Тоқаевтың Омбыдағы сөзін Батыс баспасөзі іліп әкетті. Financial Times Қазақстан президентінің қантөгісті доғаруға шақыруын Мәскеудің ең жақын серіктері де Кремльдің соғыс уәжіне күмән келтіре бастағанының белгісі деп бағалады деп жазады Ertenmedia.kz. Сібірдің Омбы қаласында Кремль көсемімен тілдескен Тоқаев қақтығыстың «түпкі мәнін түсінбейтінін» жеткізген. «Өрімдей жастардың қырылып жатқаны қасірет. Ресей мен Украинаның болашағына балта шабылуда», – деді ол. Алайда Ақорданың аргументі Мәскеуге ой салмаған сынды. Кездесуден кейін Кремль атынан сөйлеген Дмитрий Песков қантөгістің үдей түсерін меңзеп, «мақсатқа жетпей тынбаймыз» деп мәлімдеді. Омбыдағы тосын пікір Тоқаевтың осы күнге дейін Путинге жасаған ең қиғаш үндеуі-тін. Біздің ел бертінге дейін Ресей басқыншылығын ашық айыптаудан тартынып келген. «Солай бола тұра, Тоқаев Кремль қолтығына су бүркіп отырған Киевтің шығысындағы сепаратистік ұйымдарды мойындаудан бас тартты. Украинаны егемен мемлекет деп танитынын да ұдайы айтып келеді. Қазақстан президентінің күні кешегі ашық ескертуі Киевтің дрондары Кремльдің кіндік аймағына жетіп, ірі мұнай зауыттары мен «Ресейдің Amazon-ы» аталып кеткен маркетплейстің қоймалары өртенген тұста айтылды», - дейді осы ретте Financial Times. Кешегі кездесуде Тоқаев 2022 жылғы Ыстанбұл келіссөзінің шеңберіне оралуды ұсынды. Аталған жоспар бойынша Украина ірі державалардың қауіпсіздік кепілдігіне айырбас ретінде бейтарап мәртебені қабылдауы керек еді. «Ол ма, ол Путиннің соғысты ақтау үшін алға тартқан басты уәжінің біріне күмән келтіріп, «көпшілік», соның ішінде Қазақстан да осы қақтығыстың табиғатын түсінбейтінін айтты. Осы тұста Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжалды әдемі мысал етіп, ол жақтағы текетірестің мәні «түсінікті» әрі «тарихи тамыры бар» екенін алға тартты. Сөзінше, белгілі бір тарап Қазақстан президентінен Путинге осы бұйымтайды жеткізуді сұраған. Алайда өтініштің кімнен түскенін ашып айтпады», - дейді Батыс басылымы. Financial Times-тың пайымдауынша, Тоқаев сөй дей келе, Путинмен кездесуде бір ет, бір май тәсілін пайдаланған. Әлгі пікірден кейін іле-шала Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастыққа адал болып қала беретінін жеткізген. «Соғыс Астанаға да оңай соқпай тұр. Қазақ мұнайының 80 пайызы Ресей арқылы өтеді. Атышулы КТК ұдайы шабуылға ұшырап, елді табыстан қағуда, Елді өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр етуде», - дейді осы ретте Financial Times. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 25 июл.3 511801

    ⚡️Мәскеудің төбесіне төңкерілген шелек: Тоқаев Кремльдің соғыс уәжін күмәнге көмді... Омбы төрiнде отырып, «мына соғыстың табиғаты бізге де, өзгеге де түсініксіз» деп қойып қалған Тоқаев Мәскеудің төбесіне мұздай суды төңкере салды. Кремль көсемінің соғысты ақтауға тырысқан идеологиялық догмасы Астана тарапынан ашық түрде деконструкцияға ұшырады деп батыл айтуға болады. Путин үшін бұдан асқан шок терапия болуы мүмкін емес еді. Қазақстан басшысы украин халқының тіліне, тарихы мен мәдениетіне деген құрметін ашық паш етіп, соғыстың түпкі табиғаты ақылға сыймайтын, ешкімге түсініксіз мағынасыз текетірес екенін бетке басты. Осыған дейін аймақ лидерлерінің ешқайсысы Кремль иесінің көзінше дәл мұндай өткір де айқын позиция білдіруге батпаған еді. Бұл ма, бұл Мәскеудің "артқы ауласы" саналатын елдердің ішінен балама ақпараттық фронт ашатын батыл стратегия. Тоқаевтың Ыстамбұл келіссөзін қайта жандандыру ұсынысы Ресейді өзі бастаған соғыстан ар-ұятын сақтай отырып шығатын жалғыз саяси есікке нұсқау. Мәскеудің медиамашинасы бұған қандай реакция беретінін ертеңгі күн көрсетеді. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 25 июл.3 342763

    ⚡️ Омбыдағы салқын душ: Тоқаев Путинге соғыстан шығатын есікті көрсетті... Омбыда Кремль көсемімен кездескен президент Тоқаев ресей-украин соғысының тығырыққа тірелген айтып, батыл ұсыныс жасады деп жазады Ertenmedia.kz.  Тоқаев Қазақстанның украин халқына, оның тілі мен мәдениетіне әрдайым үлкен құрметпен қарағанын ашық айтты. Артынша көпшілік дауыстап айтуға батпай жүрген ауыр сауалды алға шығарды. «Қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде бізге де толық түсінікті емес. Соғыста уақытша тоқтату керек», – деді ол. Тоқаев осы тұста екі тарапқа да Стамбұлда үзілген келіссөз үстеліне қайта оралуды ұсынды.  Стамбул формуласын қайта тірілту Кремльдің агрессиясын тежеп, текетіресті уақытша болса тоңазытудың, ең бастысы, бейбіт халықтың қанын төгуді тоқтатудың әзіргі жалғыз жолы.  Біздіңше, Тоқаев Омбыда Мәскеудің жанына жағатын сөз айтқан жоқ. Керісінше, Кремльдің соғысты ақтайтын аргументі әлі күнге түсініксіз екенін Путиннің өзіне естіртіп кетті.  Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 25 июл.2 76239

    ⚡️Жолақтан туған жанжал: Сайындағы шешім Дархан Сатыбалдыға петиция болып барды... Алматыда Сайын көшесінің қосалқы жолына салынған автобус жолағына қатысты қарсылық күшейді. Дархан Сатыбалдының атына петиция жолдаған қалалықтар жобаны мерзімінен бұрын тоқтатуды талап етуде. Петиция иелері Сайын көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігіндегі арнайы жолақ кептелісті азайтудың орнына, қозғалысты одан әрі қиындатқанын алға тартып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сайын көшесінің су жаңа бөлігі маусым айының басында ғана ашылған-тын. Арада екі апта өтпей жатып, қосалқы жолдың бір жолағы қоғамдық көлікке берілген. Өтініш иелері арнайы жолақ іске қосылғаннан кейін жол бойында кептеліс, қауіпті маневр және жүргізушілер арасындағы ұрыс-жанжал күрт көбейгенін жазуда. Әсіресе, жолақтың кейбір жолайрық алдында үзіліп қалуы көліктердің автобус жолағын кесіп өтуіне мәжбүрлеуде. Дархан Сатыбалдыға дат айтқан петиция авторлары, стандарт бойынша қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ бір бағытта кемінде үш жолағы бар көшеде ұйымдастырылуы керек дейді. Ал Сайын көшесінің қосалқы жолында небәрі екі жолақ бар. Тұрғындар әкімдік автобус жолағын енгізер алдында жасалған есеп-қисапты да жарияламады деп отыр. Құжатта автобус саны, жолаушы ағыны, қоғамдық көліктің жылдамдығы, өзге көліктің кідірісі және жедел жәрдем мен құтқару қызметінің қозғалысына әсері туралы дерек ашық айтылмаған екен. «Күн сайын жүз мыңдаған адамның жүріп-тұруына әсер ететін шешім біреудің пайымына емес, ашық жарияланған есеп-қисапқа сүйенуі тиіс еді. Әкімдік Сайын көшесіндегі жобаны тоқтатып, бұрынғы қозғалыс сызбасын қалпына келтіріп, мәселені тұрғындармен талқылауы қажет», – дейді петиция авторлары. Сонымен қатар петицияда жаңа автобус жолақтарын өзге көшелерге енгізуді уақытша тоқтату ұсынылған. Әкімдік әл-Фараби, Төле би, Сәтбаев, Шевченко, Құрманғазы, Рысқұлов секілді бірнеше ірі көшеде де осындай өзгеріс енгізуді қарастырып отыр. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 24 июл.2 68565

    ⚡️Wildberries-тегі Ватерлоо. Кремльдің цифрлық апиыны күлге айналып жатыр... Кремльдің басты сауда платформасы Wildberries кешендері шетінен өртке оранып, күлі көкке ұшуда. Ресей экономикасы соңғы жылдары дәл осы электронды коммерцияның арқасында жан бағып отырған деп жазады Ertenmedia.kz. Wildberries елдегі жалпы ішкі өнімнің (ВВП) 10 пайызға жуығын қамтып, миллиондаған адамның жалғыз нәпақа көзіне айналған-тын. Мәскеу жылдар бойы Wildberries-ты орта тапты тыныштандыратын «цифрлық апиын» ретінде пайдаланды. Майдан шебіне бармай-ақ, маркетплейсте тауар өткізіп, бейбіт өмір сүріп жатырмыз деп ойлаған орыстар қазір ащы шындықпен бетпе-бет келуде. 90 мыңға жуық кәсіпкер барлық тауар қорынан, қаржысынан айырылып, жыламсырап отыр. Батыстың барлау көздері меңзегендей, соңғы екі жылда Wildberries майданға қажетті қос мақсатты микросхема, дрон деталі, қытайлық навигациялық жабдықтар мен әскери киім-кешекті молынан тасымалдаған. Сайып келгенде қазір әлгі қоймаларда орыс халқының төплиі мен тұрмыстық техникасы ғана емес, бүтін Ресей армиясының астыртын жабдықтау арналары жанып жатыр. Айтқандай, әзірде ғана Wildberries договырдағы форс-мажор бабын едел-жедел өзгертіп, кәсіпкерлерге соқыр тиын да төлеуден бас тартты. Солай. Соғыс майдан даласынан Ресейдің әрбір азаматының босағасына, банк аккаунтына, онлайн себетіне ауысуда. Қоймалардың күйреуі, санкцияның қысуы, логистиканың тоқтауы орыстардың орта табын дәл осы жайлылық аймағынан жұлып алды Кремльдің ең осал да осы орта тап. Майданға кеткен, украин топырағын тыңайтып жатқан маргинал бұқараға ақша беріп, аузын жабу оңай. Ал өз күнін өзі көріп, маркетплейсте айына миллиондар айналдырып отырған орта тап режим үшін ең қауіпті потенциалды сепаратист. 90 мың кәсіпкердің бір күнде далада қалуы осы топтың бұғып жатқан, іштей іріп жатқан ашу-зарын сыртқа шығаратын күн жақын. Кремль соғыста емес, дәл осы өзі кедейлендіріп, бұрышқа қамаған, бірақ іштей өшпенділігі қайнап жатқан орта табының саботажынан күйреп тынуы ғажап емес. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 24 июл.2 882411

    ⚡️Назарбаевтар капиталына қойылған секундомер: Нұрболдың алдынан соттың суық қабырғасы шықты... Кейінгі күндері атышулы Нұрбол Назарбаевтың төңірегіндегі кейс қайта талқыға түсуде. Мемлекет әулетке дем алуға да, уақыт ұтуға да бұдан былай 1 секунд та мұрсат бермейтінін ұқтырды деп жазады Ertenmedia.kz. Осы тұста экс-елбасының немере інісіне қатысты соңғы сот процесінің астарына үңіліп, мәселені барынша ұғынықты нақышта айтып беруге тырысайық. Сонымен... Нұрбол ма, Нұрбол Активтерді қайтару комитетіне 63,7 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін мойындай отырып, сотқа «төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» (банкроттықтың баламасы, қарызды 5 жылға созып бөліп төлеу) процедурасын қолдануды өтініп арыз түсірген. Алайда, Алматы облысы Қарасай аудандық соты да, кейін осы шешімнің үстінен қараған апелляциялық сот та өтінішті кері қайтарған. Неге? Бас прокуратура Назарбаевтың бұған дейін де осындай арызбен бірнеше рет (2025 жылдың күзінде, 2026 жылдың ақпан-наурызында) сотқа жүгінгенін алға тартып отыр. Әлгі әрекетті «әлдеқашан күшіне енген сот шешімін айналып өтіп, мемлекетке қайтуы тиіс активтерді беруді барынша созу айласы» деп бағалауда. Сотта Нұрбол өз атында емес, серіктестері мен «үшінші тұлғалардың» атына рәсімделген қымбат активі бар екенін, солар арқылы қарызды жабуға дайын екенін айтқан. Алайда сот Нұрболдың мұны растайтын нақты дәлел бермегенін, коммерциялық жылжымайтын мүліктен түсетін табысы, дивидендтері, депозиттері мен отбасылық шығындары туралы толық ақпаратты жасырып қалғанын анықтаған. Ал қарыздың құрамы қандай өзі? Нұрбол Назарбаевтың үстінен қозғалған атқарушылық өндірістің жалпы сомасы 63,7 миллиард теңгені құрайды: ⚫️61,8 миллиард теңгеден астамы - Активтерді қайтару комитетінің пайдасына (мемлекет кірісіне) өндірілуі тиіс негізгі қарыз бен айыппұлдар. ⚫️1,6 миллиард теңгеден астам мемлекеттік баж салығы. ⚫️Қалғаны жекеменшік серіктестік алдындағы шағын берешектер. «Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» бабын қалқан еткен Назарбаев қарызды төлеуді кейінге қалдырмақ болған, сөйтіп бұйрықтың орындалуын жылдарға созып жібергісі келген. Қулық-сұмдықты сезіп қойған сот ескі кланның мұрагеріне кеңшілік жасаған жоқ. Болат Назарбаевтың тұсында феодалдық жолмен жиналған байлық (63,7 миллиард теңге) бұйырса, соңғы тиынына дейін бюджетке құйылады деген үміт бар. Айта кетелік, Болат Назарбаев өзінің өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкен ұлы Нұрболдың атына табыстаған. Бөкеңнің өзі өмірден өткенмен, отбасының активі ыдырай қоймаған еді. Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 23 июл.3 104573

    ⚡️Тоқаевтың «Троя тұлпары»: Ақорда Турлов арқылы олигархтар дәуірін үнсіз жауып жатыр... Тоқаевпен бірге Қытайға еріп барған Тимур Турлов осы арқылы өзін «Мәскеудің адамы» деп айыптайтын ақпараттық ызыңға соңғы нүктені қойды деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте Мемлекет басшысының маңызды сапарында оның қапталында жүретін бизнес өкілдерін Ақорданың стратегиялық таңдауы деп қабылдау қажет. Экс-елбасының тұсында онымен бірге кімдер жүруші еді? Бюджеттен субсидия суырып, жер-көкті монополиялап, ақшаны оффшырға тасыған ескі Қазақстанның олигархтары Назарбаевтың қасынан екі елі қалмайтын. Ал Тоқаевтың Турловты қасынан қалдырмай ертіп жүруінің сыры неде? Біздіңше осы арқылы Ақорда «жаңа бизнес элитаның форматы осындай болуы керек» деген месседж жолдап отыр. Былайша айтқанда, Президентке біреудің базарын тартып алып байығандар емес, цифрлық технология, финтех пен капитал әкелетін прагматиктер керек. Үлкен үйдің ықыласын сезген кәсіпкер де жақсылыққа жақсылықпен жауап қатып, әлеуметтік маңызы жоғары жобаларға капитал құюда. Ақордаға неге Турлов сияқты технократтар ауадай қажет? Біздіңше, әзір Тоқаев жүргізіп жатқан саяси-экономикалық реформалар ішкі капиталға, инвестицияға өте-мөте мұхтаж. Ескі Қазақстанның өкілдері активін заңдастырудан қорқып, бұқпантайлап отыр, Батыстың ірі-ірі инвесторлары әзіргі жағдайға байланысты әр қадамын жеті рет өлшеп, бір рет кесуде. Турлов? Біздіңше Тимекең Ақорданың геосаяси дағдарыс тұсында тапқан ең сауатты, ең тиімді прагматикалық серіктесі. Президент кез келген сәтте реванш жасауға дайын тұрған «ескі Қазақстанның» олигархтарына сенім арта алмайды. Ақорда Құлыбаев пен Клебанов секілділерді репрессиясыз, Турлов сияқты жаңа, цифрлық капитал арқылы нарықтан ығыстырып шығаруда. Осы тұрғыда Қазақстан азаматтығын алып, бүкіл бизнесін осы елдің заңдылығына байлаған, патриотизмді сөзбен емес, миллиардтаған салықпен және инвестициямен дәлелдеген Турловты Тоқаевтың «Троя тұлпары» деуге әбден болады. Ақорда сіз бен біздің көз алдымызда жаңа капитал институтын қалыптастырып жатыр. Иә, Турловқа бағытталған шабуылдар бұдан кейін сап тыйылады дегенге сене алмаймыз. Тимекеңе тісін қайрап жүргендер «ақпараттық киллерлерге» тапсырыс беріп, «Ресей агенті» деген фобияны үдете түсуі ғажап емес. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia

  • 22 июл.3 086471

    ⚡️Ақорданың ауыр чемоданы немесе Ұлытау неге аяққа тұра алмай жатыр... Ұлытауды жеке облыс етіп құру әуелде әдемі естілгенімен, әсілі популистік сарыны басым шешім еді. Эмоция саябырсып, суық бұғалтерия басталғанда Үкімет экономикалық тұрғыдан мүгедек өңір құрып алғанын түсінді деп жазады Ertenmedia.kz. Біздіңше Бектенов бастаған министрлер кабинеті Ұлытаудың тамырына қалай қан жүгіртерін білмей дал. Өңір талайдан бері дотациялық тұңғиықта жатыр. Қазақмыс сияқты корпорациядан өзге дербес экономикалық дрәйвері, өз-өзін ақтайтын инфрақұрылымы атымен, затымен жоқ. Республикалық бюджеттен ұдайы субсидия сұрайтын, бірақ кері қайтарымы нөлге тең өңірді басқару стилі бір-бірінен аумайтын басшылармен кризистен алып шығу мүмкін емес. Ақорда аймақты әдепкі әкімшілік схемамен басқаруды тоқтатпаса, облыс жақын жылдары Астананың мойнына мықтап тұрып мінеді. Әлбетте, үлкен үйдегі қауым осыдан төрт жыл бұрынғы шешімнің асығыстау болғанын мойындай қоймас, сондықтан Ұлытауды сүйреп жүруге мәжбүр. Байқағанымыз, аймаққа саяси салмағы бар басшылардың мүлде аттап басқысы жоқ. Астанадағы ақ жағалылар Ұлытаудың кез келген мықты технократтың түбіне жететін депрессиялы өңір екенін әлдеқашан түсінген. Алдыңғы екі әкімнің тағдыры осының айқын дәлелі ме дейміз. Билік бұған дейін аймаққа тарихи-рухани реңк бермек боп гуманитарды да жіберіп көрді, онысынан түк шықпады. Қазіргі әкімнен де Ұлытауды ұшпаққа шығарады деп күту аса үлкен аңғалдық. Есет Бәйкен Астананың әкімдігінен, орталық аппараттың сұр коридорынан өткен орта қол аппаратчик. Астананың «майлы, жайлы» бюджетімен жұмыс істеу мен Ұлытаудың тоз-тозы шыққан реалиымен бетпе-бет келу екі бөлек әлем. Елордадан келген бюрократ өзіне дейінгі әкімдердің тағдырын қайталап, әрі кетсе алты айдан кейін Бектеновтен сөз ести бастауы әбден мүмкін. Өлі органимзге жасанды демалу аппаратын қосып қойған Үкімет те Ұлытауға бөлінген әрбір тиынның босқа кетіп жатқанын біледі, бірақ мойындай алмайды. Сонымен, Ұлытау эксперименті сәтті болды ма? Біздіңше бұл елдің әкімшілік-территориялық реформасының ең ауыр, тіпті биліктің іштей бармақ тістеп отырған трагедиясы іспетті. Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇 ✈️ https://t.me/ertenmedia